Заң күшi бар "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес қаулы етемiн: 1. "Әскери қызметшiлер мен олардың отбасы мүшелерiнiң мәртебесi және оларды әлеуметтiк қорғау туралы" 1993 жылғы 20 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1993 ж., № 2, 32-құжат; № 18, 429-құжат) мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. 4-бапта: үшiншi бөлiгiндегi "мемлекеттік өкiмет пен басқару органдарына" сөздерi "мемлекеттік органдарға" сөздерiмен алмастырылсын; төртiншi бөлiгiндегi "мемлекеттік органдардың, кәсiпорындардың, мекемелер" сөздерi "мемлекеттік органдар" сөздерiмен алмастырылсын. 2. 5-бап мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Әскери қызметшiлер партиялардың, кәсiптiк одақтардың қатарында болмауға, қандай да бiр партияны жақтамауға тиiс". 3. 8-бапта: алтыншы бөлiгiндегi "халық депутаттарының жергiлiктi Кеңестерi" сөздерi "атқарушы органдар" сөздерiмен алмастырылсын; сегiзiншi бөлiгiндегi "Қазақстан Республикасының Жоғарғы Кеңесi немесе Президентi" сөздерi "Қазақстан Республикасының заңдары" сөздерiмен алмастырылсын. 4. 9-бапта: тоғызыншы бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Мерзiмдi қызмет атқаратын әскери қызметшiлерге көтермелеу түрiнде Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерiнiң жалпыәскери жарғыларында белгiленген тәртiппен қысқа мерзiмдi демалыс берiледi"; оныншы бөлiгi алынып тасталсын. 5. 11-бапта: Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|