Заң күші бар Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне "Қазақстан Республикасының Президенті мен жергілікті әкімдерге уақытша қосымша өкілеттік беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес және Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғау саласындағы мемлекеттік басқару органдарының қызметін ретке келтіру мақсатында қаулы етемін: I. Қазақстан Республикасының заң актілеріне мынадай өзгертулер мен толықтырулар енгізілсін: 1. "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары туралы" Қазақстан Республикасы Заңында (Қазақстан Республикасы Жоғары Кеңесінің Жаршысы, 1992 ж., № 11-12, 286-құжат; № 24, 591-құжат): 1-баптың бірінші бөлігіндегі "мемлекеттік шекарасын қорғайды" деген сөздер алып тасталсын; 6-баптың бірінші бөлігіндегі "және мемлекеттік шекараны қорғау" деген сөздер алып тасталсын; 8-бап "ішкі" деген сөзден кейін "және шекара" деген сөздермен толықтырылсын; 10-баптағы "шекара әскерлері және" деген сөздер алып тасталсын; 11-баптың бірінші бөлігіндегі "шекара әскерлеріне" деген сөздер алып тасталсын; 13-1-баптың күші жойылған деп танылсын; 13-2-бап 13-1-бап деп есептелсін; 14-баптың 7-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "7. Шекара әскерлеріне Қазақстан Республикасының мемлекеттік шекарасын қорғауда көмек көрсетеді"; 21-баптың бесінші абзацындағы "шекара әскерлері" деген сөздер алып тасталсын; 26-баптың тоғызыншы бөлігіндегі "және мемлекеттік шекараны қорғау" деген сөздер алып тасталсын; 28-баптың бірінші бөлігіндегі "шекара әскерлерін және" деген сөздер алып тасталсын. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|