Республикалық ұлан туралы Ереженi бекіту туралы, Республикалық Қазақстан Республикасы Президентінің 2004 жылғы 28 тамыздағы № 1428 Жарлығымен күші жойылды Қаулы етемiн: 1. Республикалық ұлан туралы Ереже бекітілсiн (қоса берiлiп отыр). ҚР Президентінің 22.01.99 ж. № 30 Жарлығымен 2, 3-тармақтар күшiн жойды 2. 3. 4. Республикалық ұлан Қолбасшысы 1995 жылғы 25 желтоқсанға дейiн атқаратын мiндеттерiнiң сипаты мен көлемiне сәйкес сержанттар, старшиналар және прапорщиктер лауазымдарында контракт бойынша қызмет өткерiп жүрген әскери қызметшiлердiң штаты мен тарифтiк разрядын бекiтсiн. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 18 желтоқсандағы № 2689 Жарлығымен Бекiтiлген Республикалық ұлан туралы Ереже Осы Ереже "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес әзiрлендi және аталған Жарлықты жүзеге асыруға бағытталады. I. Жалпы ережелер 1. Республикалық ұлан жеке, Қарулы Күштер Құрамына кiрмейтiн, арнаулы әскери құрама ретiнде Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының негiзiнде құрылған және "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығында белгiленген мiндеттердi орындайды. 2. Республикалық ұлан өз қызметiнде Қазақстан Республикасының Конституциясын, "Республикалық ұлан туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын, заң және өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi, Республикалық ұлан Қолбасшысының бұйрықтары мен директиваларын, жалпы әскери жарғылар мен осы Ереженi басшылыққа алады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|