Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне және "Қазақстан Республикасының Президентi мен жергiлiктi әкiмдерге уақытша қосымша өкiлеттiк беру туралы" 1993 жылғы 10 желтоқсандағы Қазақстан Республикасы Заңының 1-бабына сәйкес, қолданылып жүрген заңдарды "Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі Заң күшi бар Жарлығына сәйкестендiру қажеттiгiне байланысты, сондай-ақ кейбір заң актілері нормаларының араларындағы қайшылықтарды жою мақсатында қаулы етемiн: I. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Қазақ ССР-iнiң 1980 жылғы 13 қарашадағы Заңымен бекітілген Қазақ ССР-iнiң адвокатурасы туралы Ереженi (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомстары, 1980 ж., № 48, 189-құжат; Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1991 ж., № 28, 382-құжат) 19-1-бабының екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Жеке адвокаттық кеңсе өз қызметiн жарғының не құрылтай шарт (құрылтайшылар бiреуден артық болғанда) пен жарғының негiзiнде жүзеге асырады. Жеке адвокаттық кеңсе әдiлет органдарында тiркеуге жатады." 2. "Қазақ ССР-iндегi еркiн экономикалық аймақтар туралы" Қазақ ССР-iнiң 1990 жылғы 30 қарашадағы Заңында (Қазақ ССР Жоғарғы Советiнiң Ведомостары, 1990 ж., № 49, 455-құжат; 1992 ж., № 6 116-құжат); 1) 6-баптың 3-тармағының алтыншы абзацы алынып тасталсын; 2) 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: "8-бап. Заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу Еркiн экономикалық аймақтар аумағында орналасқан заңды тұлғалар әдiлет орындарында мемлекеттік тiркеуге жатады. Мемлекеттік тiркеудiң тәртібі Қазақстан Республикасының заң актілерімен айқындалады". Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|