Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi Қазақстан Республикасының 2002 ж. 5 тамыздағы № 917 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасының Президентi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Конституциялық заң күшi бар Жарлығының 16-бабының 2)-тармақшасына сәйкес қаулы етемiн: 1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы қоса берiлiп отырған ереже бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі осы Жарлық күшiне енген күннен бастап екi апта мерзiмде Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетiнiң қызметiн материалдық-техникалық және қаржылай қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қолданатын болсын. 3. Осы Жарлық қол қойылған күнiнен бастап күшiне енедi. Қазақстан Республикасының Президентi Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 19 сәуірдегі № 2956 Жарлығына қосымша Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi туралы Ереже 1. Республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетi (бұдан былай - Есеп комитетi) Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және есеп беретiн республикалық бюджеттiң атқарылуын бақылау жөніндегі мемлекеттік орган болып табылады. 2. Есеп комитетiнiң құқықтық жағдайы Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен, Қазақстан Республикасы Президентінің жарлықтарымен және өкiмдерiмен, сондай-ақ осы Ережемен айқындалады. Есеп комитетi дербес балансы, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнелеген мөрi және өзiнiң атауы бар заңды тұлға болып табылады. Есеп комитетi Қазақстан Республикасының астанасында орналасады. 3. Есеп комитетiнiң құрамы Қазақстан Республикасы Конституциясының 44-бабының 7)-тармақшасына, 57-бабының 1)-тармақшасына және 66-бабының 9)-тармақшасына сәйкес жасақталады. Есеп комитетiнiң қызметiн қамтамасыз ету үшiн оның хатшылығы құрылады. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|