|
|
|
Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 665 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 25 маусымдағы № 540 қаулысына (Қазақстан Республикасы ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 25, 303-бап) мынадай өзгертулер енгiзiлсiн: 1. Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң Қамқоршылар кеңесi құрамына: Назарбаев Н.Ә. - Қазақстан Республикасының Президентi, Қамқоршылар кеңесiнiң құрметтi төрағасы (келісімi бойынша); Тасмағамбетов И.Н. - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, аталған Кеңестiң төрағасы; Нәрiбаев К. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң ректоры, Кеңес төрағасының орынбасары; Мансұров З.А. - Әл-Фараби атындағы Қазақ мемлекеттік ұлттық университетiнiң проректоры, Кеңестiң жауапты хатшысы болып; Аталған Кеңестiң мүшелерi болып: Әбiшев С.Ж. - Қазақстан Республикасы Президентінің Iс басқарушысы (келісімi бойынша); Алшанов Р. - "Тұран-Азия" холдинг-орталығының президентi; Досмұхамбетов Т.М. - Қазақстан Республикасының Жастар iсi, туризм мен спорт министрi; Жандосов О.Ә. - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің төрағасы (келісімi бойынша); Жұрынов М.Ж. - Қазақстан Республикасының Білім министрi; Қалабаев Н.Б. - Қазақстан Республикасының Үкіметі Аппаратының Әлеуметтiк-мәдени даму бөлiмiнiң сектор меңгерушiсi; Кох Карл Хайнц - профессор, Көмек қорының президентi (Бельгия) (келісімi бойынша); Нәбиев Ж.Ж. - "Қазақстан-Коммерция" акционерлік компаниясының президентi (келісімi бойынша); Құлмаханов Ш. - Алматы қаласының әкімі; Павлов А.С. - Қазақстан Республикасының Қаржы министрi; Сұбханбердин Н.С. - "Қазкоммерцбнак" акционерлік банкi басқармасының төрағасы; Тоқаев Қ.К. - Қазақстан Республикасының Сыртқы iстер министрi Хедлоу Мартин - ЮНЕСКО-ның Қазақстан Республикасындағы өкiлi (келісімi бойынша); Школьник В.С. - Қазақстан Республикасының Ғылым министрi - ғылым академиясының президентi; Шөкеев О.Е. - Қазақстан Республикасының Экономика министрi енгiзiлсiн. 2. Аталған Кеңес құрамынан Ғ.Ә. Әбiлсейiтов, Н. Әбiқаев, Қ.С. Сұлтанов, О.С. Сәбденов, Ғ. Байназаров, Е.Ж. Дербiсов, М.Е. Ержанов, А.Д. Ермегияев, А.С. Есiмов, Қ.С. Iзбасқанов, Б.I. Iзтiлеуов, Б.К. Iрiшев, Л.Қ. Қиынов, Т.О. Қосынов, Н.М. Макиевский, З.Қ. Нұрқадiлов, Е.Б. Сахипов, Т.С. Сүлейменов, Ө.М. Сұлтанғазин, М.М. Тажин, Қ.Т. Тұрапов, Қ. Тұрысов, Т.М. Ұрымов, Ғ.Я. Шарифутдинов, Б.М. Шаяхметов, Ш. Шаяхметов шығарылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |