|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгертулер
ҚР Үкіметінің 2009 жылғы 19 қыркүйектегі № 1411 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасындағы кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 20 шiлдедегi № 2369 қаулысын орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне қоса берiлiп отырған өзгертулер мен толықтырулар бекітілсiн. 2. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қосымшаға сәйкес кейбір шешiмдерiнiң күшi жойылған деп танылсын.
Үкіметінiң 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 520 қаулысымен Бекiтiлген
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне енгiзiлетiн өзгертулер мен толықтырулар
1. ҚРҮ-нiң 1996.14.11. № 1385 қаулысымен күші жойылды 2. ҚРҮ-нiң 1996.03.10. № 1412 қаулысымен күші жойылды 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 8 желтоқсандағы № 1225 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі туралы ережеде (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 47, 576-құжат): 6-тармақ мынадай мазмұндағы «щ)» тармақшасымен толықтырылсын: «щ) кеден iсiнiң мiндеттерiн шешу мақсатында Қазақстан Республикасының Кеден комитетiмен «Қазақстан Республикасының кеден iсi туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына сәйкес өзара iс-қимыл жасайды». 4. ҚРҮ-нiң 1997.20.05. № 851 қаулысымен күші жойылды
Үкіметінiң 1996 жылғы 29 сәуірдегі № 520 қаулысына Қосымша
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнiң Тiзбесi
1. «Қазақстан Республикасындағы өткізу пункттерi туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 30 қазандағы № 906 қаулысының 4, 5, 6, 7-тармақтары. 2. «Қазақстан Республикасында кедендiк бақылауды онан әрi ұйымдастыру жөніндегі шұғыл шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1992 жылғы 29 желтоқсандағы № 1097 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1992 ж., № 50, 724-құжат). 3. «Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Бас кеден басқармасының орталық аппаратының штат санын көбейту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 2 ақпандағы № 131 қаулысы. 4. «Қазақстан Республикасы шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу тәртібі туралы Ереженi бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 23 қыркүйектегi № 1055 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 39, 430-құжат). 5. «Қазақстан Республикасының шаруашылық жүргiзушi субъектiлерiнiң толлингтiк операциялар жүргiзу тәртібі туралы ережеге өзгертулер мен толықтыру енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 5 мамырдағы № 625 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 17, 188-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |