|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: "Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын жүзеге асыру шаралары туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 22 қаңтардағы № 74 қаулысына мынадай өзгерістер енгiзiлсiн: 1. 2-қосымшада: 1) Ауыл шаруашылығы секторына арналған Азия Даму Банкінің Бағдарламалық займын Үйлестiру жөніндегі ведомствоаралық кеңес төрағасы болып Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары Ж.С.Кәрiбжанов бекітілсiн; 2) Аталған Кеңес төрағасының орынбасары болып Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрi С.Ш.Ахымбеков тағайындалсын, бұл мiндеттен Ж.С.Кәрiбжанов босатылсын; 3) Басқа жұмысқа ауысуына байланысты А.С.Есiмов осы құрамнан шығарылатын болсын. 2. ҚР Үкіметінiң 12.12.96 ж. № 1531 қаулысымен күшi жойылды Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |