|
|
|
Саяси партиялар туралы Қазақстан Республикасының 1996 жылғы Қазақстан Республикасының 2002 жылғы 15 шілдедегі № 344-ІІ Заңына сәйкес осы Заңның күші жойылды Осы Заң саяси партиялар құрудың құқықтық негiздерiн, олардың құқықтары мен мiндеттерiн, қызметiнiң кепiлдiктерiн белгiлейдi, саяси партиялардың мемлекеттік органдармен және басқа ұйымдармен қатынастарын реттейдi. 1-тарау Жалпы ережелер 1-бап. Саяси партия ұғымы Қазақстан Республикасы азаматтарының мемлекеттік өкiмет билiгiн жүзеге асыру iсiне өз өкiлдерi арқылы қатысу жолымен өздерiнiң саяси еркiн анықтауға және бiлдiруге жәрдемдесетiн ерiктi бiрлестiгi саяси партия деп танылады. 2-бап. Саяси партиялар туралы заңдар Қазақстан Республикасының саяси партиялар туралы заңдары Қазақстан Республикасының Конституиясында негiзделедi. "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңынан, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының басқа да заң актілерінен тұрады. 3-бап. Саяси партияларға бiрiгу құқығы 1. Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси партияларға еркiн бiрiгуге құқығы бар. 2. Қазақстан Республикасының азаматы бiр саяси партияның ғана мүшесi бола алады. 3. Саяси партияға мүшелiк Қазақстан Республикасы азаматының құқықтары мен бостандықтарын шектеуге негiз бола алмайды. 4. Әркiм өзiнiң қандай партияға жататынын көрсетуге немесе көрсетпеуге қақылы. 4-бап. Мемлекет және саяси партиялар 1. Мемлекет саяси партиялардың құқықтары мен заңды мүдделерiнiң сақталуын қамтамасыз етедi. 2. Мемлекеттiң саяси партиялар iстерiне және саяси партиялардың мемлекет iстерiне заңсыз араласуына жол берiлмейдi. Сондай-ақ саяси партияларға мемлекеттік органдардың мiндеттерiн жүктеуге, саяси партияларды мемлекеттiң қаржыландыруына да жол берiлмейдi. 3. Азаматтардан кез келген нысанда, соның iшiнде ресми құжаттарда қандай партияға жататынын көрсетудi талап етуге тыйым салынады. 4. Парламент депутаттарының, Үкiмет мүшелерiнiң саяси партиялардағы ақы төленетiн қызметтердi атқаруға құқығы жоқ. 5. Мемлекеттік қызметшiлер өзiнiң лауазымдық мiндеттерiн атқару кезiнде заңдардың талаптарын басшылыққа алады және саяси партиялар мен олардың органдарының шешiмдерiмен байланысты болмайды. 6. Саяси партиялардың аппараттарында жұмыс iстейтiн адамдарға Қазақстан Республикасының еңбек, әлеуметтiк қорғау және әлеуметтiк сақтандыру туралы заңдары қолданылады. 5-бап. Саяси партиялар құрудың және оның қызметiнiң негiздерi 1. Саяси партиялар заң алдында тең болады. 2. Саяси партиялар өз мүшелерiнiң ерiктiлiгi мен тең құқықтылығы, есеп берушiлiк, жариялылық пен заңдылық, өзiн өзi басқару мен өзiн өзi қаржыландыру негiзiнде құрылып, жұмыс iстейдi. 3. Саяси партиялардың ұйымдық құрылымы аумақтық принцип бойынша құрылады. 4. Саяси партияның басшы органдары Қазақстан Республикасы аумағында болуға тиiс. 5. Саяси партиялар қоғамның саяси өмiрiне қатысу, Қазақстан Республикасы азаматтарының саяси еркiн қалыптастыру мен iске асыру және белгiленген тәртiпте мемлекеттік өкiмет билiгi органдарын құруға қатысу үшiн құрылады. 6. Қазақстан Республикасы аумағында басқа мемлекеттердiң саяси партияларының, дiни негiздегi партиялардың, сондай-ақ тiркелмеген саяси партиялардың қызметiне жол берiлмейдi. 7. Мақсаттары немесе iс-әрекеттерi конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, Қазақстан Республикасының тұтастығын бұзуға, мемлекеттiң қауiпсiздiгiн әлсiретуге, әлеуметтiк, нәсiлдiк, ұлттық, дiни тектiк-топтық және рулық араздықты өршiтуге бағытталған саяси партиялар құруға және олардың қызметiне тыйым салынады. 8. Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол берiлмейдi. 9. Әскерилендiрiлген саяси партиялар құруға және олардың қызметiне, сондай-ақ саяси партиялар жанынан әскерилендiрiлген құрамалар құруға тыйым салынады. 10. Оқу орындарының оқу процесiнде саяси партиялардың бағдарламалық, жарғылық талаптарын насихаттауға жол берiлмейдi. 2-тарау САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫ ҚҰРУ, ҚАЙТА ҰЙЫМДАСТЫРУ ЖӘНЕ ТАРАТУ 6-бап. Саяси партияны құру 1. Саяси партия, партияның құрылтай съезiн (конференциясын) шақыратын Қазақстан Республикасы азаматтарының, саны кемiнде он адамнан тұратын тобының бастамасымен құрылады. Құрылтай съезiн (конференциясын) әзiрлеу және өткізу үшiн ұйымдастыру комитетi құрылуы мүмкiн. 2. Құрылтай съезiнде (конференциясында) саяси партияны құру, оның атауы, жарғысы, бағдарламасы туралы шешiмдер қабылданып, оның басшы органдары құрылады. 7-бап. Саяси партияның атауы және нышандары 1. Саяси партияның толық және қысқартылған атауы мен оның нышандары мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, Қазақстан Республикасында тiркелген басқа да қоғамдық бiрлестiктердiң атаулары мен нышандарынан айрықша болуға тиiс. 2. Саяси партиялардың Қазақстан Республикасы мен басқа мемлекеттердiң мемлекеттік нышандарын өз нышандары ретiнде пайдалануға құқығы жоқ. 3. Саяси партиялар эмблемаларды, жалауларды, гимндердi, вымпелдердi, омыраубелгiлердi және басқа ерекше белгiлердi нышандар ретiнде пайдалануға құқылы. 4. Саяси партиялардың нышандары осы Заңның 5-бабының 7-тармағында аталған мақсаттарды насихаттауға қызмет етпеуге тиiс. 5. Саяси партия нышандарының сипаттамасы мен нобайлары жарғыда айтылуға тиiс. 8-бап. Саяси партияға мүшелiк 1. Қазақстан Республикасының он сегiз жасқа толған азаматы саяси партияның мүшесi бола алады. 2. Саяси партияларға шетел азаматтарының, азаматтығы жоқ адамдардың мүшелiгiне, сондай-ақ ұжымдық мүшелiкке жол берiлмейдi. 3. Әскери қызметшiлер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының, құқық қорғау органдарының қызметкерлерi мен судьялар саяси партияларда болмауға, қандай да бiр саяси партияға қолдау көрсетпеуге тиiс. 4. Қазақстан Республикасының Президентi өз өкiлеттiгiн жүзеге асыру кезеңiнде өзiнiң саяси партиядағы қызметiн тоқтата тұрады. 5. Мүшелiкке ие болу және одан айрылу шарттары, тәртібі, сондай-ақ партия мүшелiрiнiң құқықтары мен мiндеттерi саяси партияның жарғысымен белгiленедi. 9-бап. Саяси партияның жарғысы Саяси партияның жарғысында қоғамдық бiрлестiктер туралы заңдарда көзделген мәлiметтерден басқа, саяси партияның бақылау органдары, құзыретi және оларды құру тәртібі туралы ережелер болуға тиiс. 10-бап. Саяси партияларды мемлекеттік тiркеу 1. Саяси партияларды мемлекеттік тiркеудi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі жүзеге асырады. 2. Саяси партиялардың құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеудi аумақтық әдiлет органдары жүзеге асырады. 3. Саяси партияларды тiркеу мен қайта тiркеу, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлiмшелерiн (филиалдары мен өкiлдiктерiн) есептiк тiркеу заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарда көзделген тәртiп пен мерзiмдерде жүзеге асырылады. 4. Саяси партияларды мемлекеттік тiркеу үшiн олардың құрамында Қазақстан Республикасы облыстарының жартысынан астамынан өкiлдiк ететiн кемiнде үш мың азамат болуға тиiс. 5. Саяси партияны тiркеу үшiн тiркеушi органға "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңында көрсетiлген құжаттар, партияның бағдарламасы мен саяси партия мүшелерiнiң тiзiмi табыс етiледi. 6. Мемлекеттік тiркеу мерзiмi заңды тұлғаларды мемлекеттік тiркеу туралы заңдарда көзделген негiздер бойынша тоқтатылады. 11-бап. Саяси партияларды мемлекеттік тiркеуден бас тарту Саяси партияларды, олардың құрылымдық бөлiмшесiн (филиалы мен өкiлдiгiн) тiркеуден Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздер бойынша бас тартылуы мүмкiн. Тiркеуден бас тартуға сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн. 12-бап. Саяси партиялардың қызметiн тоқтата тұру Саяси партиялардың қызметi қоғамдық бiрлестiктер туралы заң актілерінде белгiленген тәртiп бойынша тоқтатыла тұрады. 13-бап. Саяси партияны қайта ұйымдастыру және тарату 1. Саяси партияны қайта ұйымдастыру (бiрiктiру, қосу, бөлу, бөлiп шығару, қайта құру) Қазақстан Республикасының заң актілерінде және саяси партияның жарғысында көзделген тәртiппен оның жоғары органының шешiмi бойынша жүргiзiледi. 2. Қайта ұйымдастырудан кейiн жаңадан құрылған саяси партияларды тiркеу Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 3. Саяси партия: а) оның жоғары органының шешiмi бойынша; б) соттың шешiмi бойынша таратылады. 4. Саяси партияны таратуды саяси партияның жоғары органы немесе Қазақстан Республикасының азаматтық заңдарында көзделген тәртiппен сот тағайындайтын тарату комиссиясы жүргiзедi. 3-тарау САЯСИ ПАРТИЯЛАРДЫҢ ҚЫЗМЕТI 14-бап. Саяси партиялардың құқықтары мен мiндеттерi 1. Саяси партиялар жарғы мен бағдарламада айқындалған мақсаттар мен мiндеттердi жүзеге асыру үшiн заңдарда белгiленген тәртiппен: а) өз қызметi туралы ақпаратты таратуға және өздерiнiң мақсаттары мен мiндеттерiн насихаттауға; б) қауымдастықтарға (одақтарға), сайлау блоктарына ерiктi негiздерде бiрiгуге; в) Қазақстан Республикасының Президенттiгiне, Қазақстан Республикасы Парламентi Мәжілісiнiң және Қазақстан Республикасы мәслихаттарының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; Қазақстан Республикасының мәслихаттарындағы өз өкiлдерi арқылы Қазақстан Республикасы Парламентi Сенатының депутаттығына кандидаттар ұсынуға; г) бұқаралық ақпараттың баспа құралдарын құруға; д) баспа қызметiн жүзеге асыруға; е) жиналыстар, митингiлер мен демонстрациялар, шерулер мен пикеттер өткізуге; ж) кәсiпкерлiк қызметтi жүзеге асыруға, "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңымен белгiленген шектерде шаруашылық серiктестiктер, мекемелер, қоғамдық қорлар құруға; з) осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген өзге құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 2. Саяси партиялар: а) Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарының талаптарын сақтауға; б) әрбiр азаматқа өзiнiң құқықтары мен мүдделерiне қатысты құжаттармен, шешiмдермен және ақпарат көздерiмен танысу мүмкiндiгiн қамтамасыз етуге; в) оның тұрақты жұмыс iстейтiн органының орналасқан жерiнiң өзгергенi туралы және оның басшылары туралы деректердi мемлекеттік тiркеуге енгiзiлетiн мәлiметтер көлемiнде тiркеушi органға хабарлап отыруға; г) қаржы органдарына Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген мерзiм мен көлемде өзiнiң қаржылық қызметi туралы есеп берiп отыруға мiндеттi. 15-бап. Саяси партиялардың меншiгi Саяси партиялардың меншiгiнде, Қазақстан Республикасының заңдарымен тыйым салынған объектiлердi қоспағанда, оның жарғысында көзделген қызметтi материалдық жағынан қамтамасыз ету үшiн қажеттi объектiлер, сондай-ақ оның қаражаты есебiнен құрылатын кәсiпорындар болуы мүмкiн. 16-бап. Саяси партияларды қаржыландыру көздерi және олардың қаражатын пайдалану 1. Саяси партиялардың қаражат, егер бұларды төлеу жарғыларында көзделсе, мүшелiкке кіру жарналары мен мүшелiк жарналардан, Қазақстан Республикасы азаматтарының қоғамдық бiрлестiктерiнiң және өзге де мемлекеттік емес ұйымдарының ерiктi түрде жинаған қайырмалдықтарынан, жарғыларға сәйкес лекциялар, көрмелер, спорттық және өзге де шаралар, лотереялар өткізуден түсетiн түсiмдерден, кәсiпкерлiк және баспа қызметiнен алынатын табыстардан және заңдарда тыйым салынбаған басқа да түсiмдерден құралады. 2. Саяси партиялардың дiни бiрлестiктерден қаражат немесе өзге де мүлiк алуға құқығы жоқ. 3. Саяси партияларды шетелдiң заңды тұлғалары мен азаматтарының, шет мемлекеттердiң, халықаралық ұйымдардың, шетел қатысатын заңды тұлғалардың қаржыландыруына жол берiлмейдi. 4. Саяси партияның ақша және өзге мүлкiн оның мүшелерi арасында бөлуге болмайды және олар жарғылық мақсаттарға сәйкес жұмсалуға тиiс. Саяси партиялардың өз қаражатын қайырымдылық мақсаттарға пайдалануына жол берiледi. 5. Саяси партиялар мүшелерiнiң оның мүлкiне құқықтары жоқ және оның мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi, ал саяси партия өз мүшелерiнiң мiндеттемелерi бойынша жауап бермейдi. ЕСКЕРТУ. 16-бап өзгертiлдi - Қазақстан Республикасының 1997.07.11. № 154 Заңымен. 4-тарау ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 17-бап. Саяси партиялар туралы заңдарды бұзғандық үшiн жауапкершiлiк Саяси партиялар туралы заңдарды бұзғаны үшiн осыған кiнәлi заңды және жеке тұлғалар, соның iшiнде мемлекеттік органдардың лауазымды адамдары және саяси партияның басшы органдарының құрамына кiретiн адамдар жауапты болады. 18-бап. Саяси партиялардың халықаралық байланыстары Саяси партиялар "Қоғамдық бiрлестiктер туралы" Қазақстан Республикасы Заңына сәйкес халықаралық байланыстар жасай алады. Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |