|
|
|
Педагогикалық қызметкерлердiң жекелеген санаттарына оқу ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 665 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасының білім беру мәселелерi жөніндегі кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 27 қаңтардағы № 2829 Заң күшi бар Жарлығын /Қазақстан Республикасының Парламентiнiң Жаршысы, 1996 ж., № 2, 183-бап/ орындау үшiн Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: ЕСКЕРТУ. Кiрiспеден сөздер алынып тасталды - ҚРҮ-нiң 1997.02.06. № 170 қаулысымен. 1. 1996/97 оқу жылына арналған жалпы білім беретiн орта және кәсiби-техникалық мектептердiң мұғалiмдерi мен оқытушылары үшiн мынадай мөлшерде оқу /педагогикалық/ жүктемесi бекітілсiн: жалпы білім беретiн орта мектептiң алғашқы басқыш мұғалiмдерi үшiн - аптасына 20 сағат; жалпы білім беретiн орта мектептiң екiншi және үшiншi басқыш мұғалiмдерi мен кәсiби-техникалық мектептердiң оқытушылары үшiн - аптасына 18 сағат. Ескерту. 1-тармаққа өзгерістер енгiзiлдi - ҚРҮ-нiң 1996.11.26. № 1448 қаулысымен. 2. Аталған өзгертулер білім беруге және кадрларды 1996/97 оқу жылының үшiншi тоқсанынан бастап кәсiби даярлауға арналып 1996 жылы бөлiнген бюджеттік қаражат шегiнде жүргiзiлсiн. Артылған қаражат олардың нақтылы оқу жүктемесiне байланысты аталған педагогикалық қызметкерлердiң санаттарына үстемеақы, қосымша ақы төлеуге бағытталсын. Ескерту. 2-тармаққа өзгерiс енгiзiлсiн - ҚРҮ-нiң 1996.11.26. № 1448 қаулысымен. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |