|
|
|
Валюталық реттеу туралы Қазақстан Республикасының
2005.13.06 № 57-III ҚР Заңымен күші жойылды
Осы Заң Қазақстан Республикасы аумағындағы валюталық операцияларды жүзеге асыру принциптерi мен тәртібін, валюталық операциялар субъектiлерiнiң құқықтары мен мiндеттерiн, валюта заңдарын бұзғаны үшiн жауапкершiлiктi айқындайды.
ҚР 11.07.97 ж. № 154-I Заңымен 1-бап өзгертiлдi; ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 1-бап жаңа редакцияда 1-бап. Қазақстан Республикасының валюта заңдары Қазақстан Республикасының валюта заңдары Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңнан, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінен және валюталық реттеу органдарының нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 1-1 баппен толықтырылды; ҚР 08.05.03 ж. N 411-II (бұр. ред. қара); 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 1-1 бап өзгертілді 1-1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: 1) валюталық реттеу - уәкiлеттi мемлекеттік органдардың (валюталық реттеу органдарының) елдiң төлем балансын нығайту, ұлттық валютаның тұрақтылығын, iшкi валюта рыногын дамытуды қамтамасыз ету мақсатында валюталық операциялар жүргiзу тәртібін белгiлеу және оның сақталуын бақылау жөніндегі қызметi; 2) валюта - мемлекеттердiң заңды төлем құралы ретiнде қабылдаған ақша бiрлiгi немесе банкноттар, қазынашылық билеттер мен тиындар, соның iшiнде қымбат металдардан жасалған тиындар (айналымнан алынған немесе алынатын, бiрақ айналымда жүрген ақша белгiсiмен айырбастауға жататынын қоса алғанда) түріндегі қолма-қол және аударым нысандарындағы құнының ресми стандарттары, сондай-ақ шоттардағы, соның iшiнде халықаралық ақша немесе есеп айырысу бiрлiктеріндегі қаражат; 3) ұлттық валюта - Қазақстан Республикасының валютасы; 4) шетел валютасы - шет мемлекеттердiң валютасы; 5) резиденттер: Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын жерi бар, соның iшiнде шетелде уақытша тұратын немесе Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметiнде оның шегiнен тыс жерлерде жүрген жеке тұлғалар; Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған, Қазақстан Республикасының аумағында орналасқан жерi бар барлық заңды тұлғалар, сондай-ақ олардың Қазақстан Республикасында және оның шегiнен тыс жерлерде орналасқан жерi бар филиалдары мен өкiлдiктерi; Қазақстан Республикасының шегiнен тыс жерлердегi Қазақстан Республикасының дипломатиялық, сауда және өзге де ресми өкiлдiктерi; 6) резидент еместер - барлық заңды тұлғалар, олардың өкiлдiктерi мен филиалдары, сондай-ақ "резиденттер" ұғымында аталмаған жеке тұлғалар; 7) валюталық құндылықтар: шетел валютасы; номиналы шетел валютасымен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары; тазартылған құйма алтын; ұлттық валюта, резиденттер мен резидент еместер арасында олармен операциялар жасалған жағдайда құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздар және төлем құжаттары; 8) инвестициялар: ақшаны, бағалы қағаздарды, заттарды, мүлiктiк құқықтарды, оның iшiнде интеллектуалдық шығармашылық қызмет нәтижелерiне құқықты және өзге де мүлiктi; инвестициялау объектiсiнiң жарғылық капиталына қатысуды қамтамасыз ету; бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында беру; 9) экспорт-импорт мәмiлелерi: жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті қоса алғанда, тауарға меншiк құқығының резиденттен резидент емеске (резидент еместен резидентке) ауысуын көздейтiн мәмiлелер (инвестицияларға жатқызылған мәмiлелерден басқа); резиденттің резидент емеске (резидент еместің резидентке) қызмет көрсетуін (жұмыс орындауын), сондай-ақ резиденттің резидент емеске (резидент еместің резидентке) жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті уақытша иелену және пайдалану құқығы мен лицензиялық шарт бойынша интеллектуалдық меншік объектілеріне құқықтарды беруді көздейтін мәмілелер; 10) уәкiлеттi банктер - валюта операцияларын, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша операцияларды жүзеге асыратын банк заңдарында көзделген операцияларды жүргiзуге лицензиясы бар банктер; 11) банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдар - шетел валютасымен банк операцияларын жүргiзуге лицензиясы бар заңды тұлғалар; 12) айырбастау пункттерi - Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясына сәйкес қолма-қол шетел валютасымен жүзеге асырылатын айырбастау операцияларын жүргiзу үшiн арнайы жабдықталған орындар. ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 1-2 баппен толықтырылды; ҚР 08.05.03 ж. № 411-II Заңымен 1-2 бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 1-2-бап. Валюталық операциялар 1. Валюталық операциялар: 1) меншiк құқығының және өзге де құқықтардың валюталық құндылықтарға ауысуына байланысты операциялар; 2) валюталық құндылықтарды кез келген тәсiлмен Қазақстан Республикасына әкелу және жөнелту, сондай-ақ Қазақстан Республикасынан әкету және жөнелту болып табылады. 2. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы валюталық операциялар ағымдағы операциялар және капитал қозғалысына байланысты операциялар болып бөлiнедi. 1) тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар; 2) 180 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және алу; 3) салымдар (депозиттер), инвестициялар, заем және өзге операциялар бойынша дивидендтердi, сыйақыларды және өзге кiрiстердi аудару және алу; 4) гранттарды қоса алғанда, сауда сипатына жатпайтын аударымдар, мұрагерлiк соманы, жалақыны, зейнетақыны, алименттерді және басқа сомаларды аудару; 5) осы Заңмен капитал қозғалысына байланысты операцияларға жатқызылмайтын барлық өзге де валюталық операциялар болып табылады. 4. Капитал қозғалысына байланысты операциялар: 1) инвестицияларды жүзеге асыру; 2) интеллектуалдық меншiк объектiлерiне ерекше құқықты толық берудi көздейтiн мәмiлелер бойынша есеп айырысуды жүргiзуге арналған аударымдар; 3) жылжымайтын заттарға теңестірілген мүлікті қоспағанда, жылжымайтын мүлікке мүліктік құқықтардың ақысын төлеу үшін аударымдар; 4) тауарлар, жұмыстар және қызметтер үшiн төлемнiң не аванс төлемiнiң мерзiмiн 180 күннен аспайтын мерзiмге ұзартуды көздейтiн экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысуларды жүзеге асыруға арналған аударымдар; 5) 180 күннен аспайтын мерзiмге кредиттер беру және алу; 7) зейнетақы активтерiн жинақтауға байланысты мәмiлелер бойынша халықаралық аударымдар; 8) жинақтау сипатындағы сақтандыру және қайта сақтандыру шарттары бойынша халықаралық аударымдар; 9) валюталық құндылықтарды сенімгерлік басқаруға беру болып табылады. 5. Егер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында өзгеше мерзiм белгiленбесе, резиденттер тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты төлемiнiң валютасын алуға және тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспорты күнiнен бастап 180 күн iшiнде немесе тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін жекелеген тауарлар экспорты күнінен бастап 365 күннің ішінде олардың уәкiлеттi банктердегi шоттарына есептелуге тиiс. Резиденттердiң тауарлар (жұмыстар, қызметтер) экспортының төлемi ретiнде алған валютасын Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясы негiзiнде өздерi тiркелген мемлекеттiң заңдары бойынша тиiстi құқығы бар шетел банктеріндегі немесе өзге де қаржы институттарындағы олардың шоттарына есептеуге жол берiледi. 6. Тауарлар (жұмыстар, қызмет көрсету) үшін аванстық төлем жасауды көздейтін импорттық мәмілелер бойынша есеп айырысуды жүзеге асыру үшін резидент еместің пайдасына резидент аударған валютаны, резидент емес міндеттемелерін орындамаған жағдайда, резидент алуға және Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің лицензиясында өзге мерзім белгіленбеген болса, ол валюта аударым жасалған күннен бастап 180 күннен кешіктірілмей оның уәкілетті банктердегі шоттарына есептелуге тиіс. 7. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасының уәкілетті банктеріндегі шоттарға міндетті түрде аударылуға жататын шетел валютасы түріндегі қаражатты шетелден қайтармау, сондай-ақ тауарға төленген ақша сомасына пара-пар тауарды алмау не Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында белгіленген мерзімдерде импорттық мәмілелер бойынша ақшаны қайтармау Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауаптылыққа әкеп соғады. ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 2-бап 2-1 тармақпен толықтырылды 2-бап. Валюталық реттеу органдары 1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес Қазақстан Республикасындағы валюталық реттеу функцияларын жүзеге асыратын негiзгi валюталық реттеу органы болып табылады. 2. Қазақстан Республикасының Үкіметі және өзге де мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес өз құзыретiнiң шегiнде валюталық реттеудi жүзеге асырады. 2-1. Валюталық реттеу органдары әзiрлеген валюталық реттеу мәселелерi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен мiндеттi түрде келісілуi тиiс. ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 3-бап 2-1 тармақпен толықтырылды 3-бап. Валюталық операциялар жүргiзуге қойылатын шектеулер 1. Халықаралық мiндеттемелердi орындау мақсатында және төтенше жағдайлар пайда болған реттерде Қазақстан Республикасының Президентi кез келген валюта операцияларын шектеу немесе тоқтата тұру жөнiнде шешiм қабылдауға құқылы. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi резиденттердiң экспорттық операцияларының төлем валютасына шектеу қоюға және экспорттық валюта түсiмiн мiндеттi түрде сату тәртібін белгiлеуге құқылы. 2-1. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi мемлекеттiң экономикалық қауiпсiздiгiн қамтамасыз ету мақсатында жекелеген экспорт-импорт мәмiлелерi бойынша есеп айырысулар нысанына шектеулер белгiлеуге құқылы. ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 4-бап жаңа редакцияда 4-бап. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды лицензиялау 1. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жасауға лицензиялар берудi, олардың қолданылуын тоқтата тұруды және керi қайтарып алуды Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi заңдарға сәйкес жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында айқындалған операцияларды лицензиялайды. 3. Валюталық құндылықтарды пайдалануға байланысты операцияларды жүзеге асыруға лицензиялар барлық қажеттi құжаттар тапсырылған күннен бастап бiр ай мерзiмнен кешiктiрiлмей берiледi. 4. Лицензияларды керi қайтарып алуға не қолданылуын тоқтата тұруға: 1) лицензиаттың Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес талап етiлетiн ақпаратты бермеуi немесе көрiнеу жалған ақпарат беруi; 2) лицензиаттың валюта заңдарын бұзуы; 3) "Лицензиялау туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген өзге де негiздемелер негiз болып табылады. ҚР 30.01.01 ж. № 154-II Заңымен 5-бап жаңа редакцияда 5-бап. Валюталық операциялар туралы есеп және ақпарат беру Валюталық операциялар бойынша есепке алу мен есеп берудiң нысандарын уәкiлеттi мемлекеттік органдардың келісімi бойынша олардың құзыретiне сәйкес Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi және оны барлық резиденттер, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер орындауға мiндеттi. Қазақстан Республикасының барлық резиденттерi, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында қызметiн жүзеге асыратын резидент еместер ақпараттар мен құжаттарды: осы Заңның талаптарын орындау мақсатында Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің және басқа валюталық бақылау органдарының сұратуы бойынша; уәкiлеттi банктерге және банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi ұйымдарға олар арқылы жүргiзiлетiн валюта операциялары бойынша берiп тұруға мiндеттi. ҚР 11.07.97 ж. № 154-I; 30.01.01 ж. № 154-II Заңдарымен 6-бап өзгертiлдi 6-бап. Валюталық бақылау 1. Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылауды валюталық бақылау органдары мен агенттерi жүзеге асырады. 2. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес валюталық реттеу қызметiн жүзеге асыруға құқылы мемлекеттік органдар Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады. 3. Банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын уәкiлеттi банктер мен уәкiлеттi ұйымдар, сондай-ақ алған лицензияларына сәйкес олар операциялар жүргiзген кезде валюта заңдарының сақталуын бақылау мiндетi жүктелген басқа да ұйымдар валюталық бақылау агенттерi болып табылады. Валюталық бақылау агенттерi: 1) операциялар, оның iшiнде клиенттердiң тапсырмалары бойынша операциялар жүргiзген кезде валюта заңдарының талаптарын сақтауға; 2) валюта операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудiң толымдылығы мен объективтiлiгiн қамтамасыз етуге; 3) валюта заңдарын клиенттерiнiң бұзуының өздерiне мәлiм болған фактілері туралы құқық қорғау органдарына және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне хабарлауға мiндеттi. 4. Валюталық бақылау органдары өз қызметтерiн жүзеге асыру үшiн валюталық бақылау агенттерiн тартуға және оларды мiндеттi түрде орындауы үшiн жекелеген тапсырмалар беруге құқылы. ҚР экспорт-импорт валюта бақылауын ұйымдастыру туралы нұсқаулықты бекіту туралы ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 05.09.01 ж. № 343 қаулысын қара III ТАРАУ. ВАЛЮТАЛЫҚ ОПЕРАЦИЯЛАР ҚР 11.07.97 ж. № 154-I; 30.01.01 ж. № 154-II Заңдарымен 7-бап өзгертiлдi 7-бап. Қазақстан Республикасында шетел валютасымен операциялар жүргiзудiң негiздерi 1. Резиденттер арасындағы операциялар бойынша барлық төлемдер және аударымдар, Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің нормативтiк құқықтық актілерінде, сондай-ақ салық және кеден заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда, тек қана Қазақстан Республикасының валютасымен жүргiзiлуге тиiс. 2. Осы баптың 1-тармағында белгiленген шектеулер тараптардың бiрi болып операцияларға қатысатын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi және Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қатысатын операцияларға қолданылмайды. 3. Қазақстан Республикасында шетел валютасын сатып алуды, сатуды және айырбастауды резиденттер мен резидент еместер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейтiн тәртiппен уәкiлеттiк берiлген банктер мен уәкiлеттiк берiлген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар арқылы, сондай-ақ олардың айырбастау пункттерi арқылы жүргiзедi. 4. Уәкiлеттiк берiлген банктер мен уәкiлеттiк берiлген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар, сондай-ақ олардың айырбастау пункттерiнен тыс жерлерде шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға тыйым салынады. 5. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы операциялар бойынша төлемдер Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің валюта операциялары туралы нормативтiк құқықтық актілеріне сәйкес тараптардың келісімi бойынша кез келген валюта түрiнде жүзеге асырылады. ҚР 08.05.03 ж. № 411-II Заңымен 8-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 8-бап. Резиденттердiң есепшоттары 1. Резиденттер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен уәкiлеттiк берiлген банктерде шетел валютасындағы есепшоттар аша алады. Егер Қазақстан Республикасының валюталық заңдарында өзгеше көзделмеген болса, резиденттердiң тауарлар мен қызметтер үшiн төлем ретiнде, сондай-ақ несие ретiнде алатын шетел валютасы уәкiлеттiк берiлген банктердегi есепшоттарына мiндеттi түрде есептелуге тиiс. 2. Резиденттердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық банкi белгiлеген тәртiпте шетел банктерiнде Қазақстан Республикасының валютасымен және шетел валютасымен есепшоттары болуы мүмкiн. 3. Уәкiлеттiк берiлген банктердiң Қазақстан Республикасының банктерi мен шетел банктерiнде корреспонденттiк және өзге де есепшоттары болуы мүмкiн. 9-бап. Резидент еместердiң есепшоттары 1. Резидент еместердiң Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiпте уәкiлеттiк берiлген банктерде Қазақстан Республикасының валютасымен және шетел валютасымен есепшоттары болуы мүмкiн. 2. Шетелдiк банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiпте Қазақстан Республикасының банктерiнде шетел валютасымен және Қазақстан Республикасының валютасымен корреспонденттiк және өзге де есепшоттар ашуға құқылы. ҚР 11.07.97 ж. № 154-I Заңымен 10-бап өзгертiлдi 10-бап. Шетел валютасымен айырбастау операциялары 1. Уәкiлеттiк берiлген банктер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген валюталық ашық позиция лимитiнiң шегiнде Қазақстан Республикасында және шет елдерде шетел валютасын еркiн айырбастай алады, сатып алады және сата алады. 2. Уәкiлеттiк берiлген банктердiң шетел валютасын сатып алуы, сатуы және айырбастауы Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi арқылы жүзеге асырылуы мүмкiн. 3. Уәкiлеттiк берiлген банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдар өздерiне берiлген лицензияға сәйкес Қазақстан Республикасында операциялар жүргiзу үшiн шетел валютасын айырбастай алады, сатып алады және сата алады. 4. Резиденттер және резидент еместер Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен шетел валютасын сатып алуға, сатуға және айырбастауға құқылы. ҚР 08.05.03 ж. № 411-II (бұр. ред. қара); 16.05.03 ж. № 416-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңдарымен 11-бап өзгертілді 11-бап. Халықаралық банктiк төлемдер мен аударылымдар 1. Резиденттер мен резидент еместер арасындағы ағымдағы операцияларды орындау үшiн жүзеге асырылатын халықаралық банктiк төлемдер мен аударылымдарды уәкiлеттiк берiлген банктер шектеусiз, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі белгілеген тәртіппен жүргiзедi. 2. Капитал қозғалысына байланысты және Қазақстан Республикасының валютасы мен шетел валютасын пайдалана отырып жүргiзiлетiн операцияларды орындау үшiн жүзеге асырылатын халықаралық банктiк төлемдер мен аударылымдар Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiппен жүзеге асырылады. 3. Халықаралық банк төлемдерi мен аударылымдары: резиденттердiң резидент еместер эмиссиялаған бағалы қағаздарды; резидент еместердiң резиденттер эмиссиялаған бағалы қағаздарды сатып алу мақсатында жүзеге асырылады, олар Қазақстан Республикасы қатысушы болып табылатын халықаралық шарттардың нормаларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген және қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi органмен келісілген тәртiппен жүргiзiледi. 4. Қазақстан Республикасынан экспортқа шығарылатын тауарлар мен қызметтерден түскен валюталық түсiмдер резиденттердiң Қазақстан Республикасы банктеріндегі есепшоттарына шектеусiз есептеледi. ҚР 08.05.03 ж. № 411-II Заңымен 12-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) 12-бап. Халықаралық почта аударылымдары және валюталық құндылықтарды жөнелту Халықаралық почта аударылымдарын және валюталық құндылықтарды жөнелтудi Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарына сәйкес Ұлттық почта операторы жүзеге асырады. ҚР 09.07.98 ж. № 277-I; 30.01.01 ж. № 154-II; 10.07.03 ж. № 483-II (бұр. ред. қара) Заңымен 13-бап өзгертiлдi 13-бап. Номиналы және (немесе) құны ұлттық валютада көрсетiлген валюталық құндылықтарды, қолма-қол ұлттық валютаны, бағалы қағаздарды және төлем құралдарын әкелу және әкету 1. Резиденттер мен резидент еместердiң валюталық құндылықтарды әкелуi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. 2. Валюталық құндылықтарды әкету тәртібі мен нормасын Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлейдi. 4. Қолма-қол ұлттық валюта мен ұлттық валютадағы төлем құралдарын әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген тәртiпте жүзеге асырылады. 5. Номинал құны ұлттық валютамен көрсетiлген бағалы қағаздарды әкелу мен әкету Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің келісімi бойынша қаржы рыногы мен қаржылық ұйымдарды реттеу және қадағалау жөніндегі уәкiлеттi орган айқындайтын тәртiппен жүзеге асырылады. 6. Валюталық құндылықтарды әкелудiң және әкетудiң кедендiк ресiмдеу тәртібі кеден заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. ҚР 08.05.03 ж. № 411-II Заңымен 4-тарау жаңа редакцияда IV тарау. ҚОРЫТЫНДЫ ЕРЕЖЕЛЕР 14-бап. Валюталық бақылау органдары лауазымды адамдарының және агенттерінің құқықтары мен міндеттері 1. Валюталық бақылау органдарының лауазымды адамдары және агенттері тексерулер кезінде туындайтын мәселелер бойынша өз құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес қажетті түсініктер мен мәліметтер алуға құқылы. 2. Валюталық бақылау органдарының лауазымды адамдары және агенттері резиденттер мен резидент еместердің қызметтік, коммерциялық және заңмен қорғалатын өзге де құпиясы бар мәліметтерін жария етпеуге міндетті. 15-бап. Қазақстан Республикасының валюталық заңдарын бұзғаны үшін жауаптылық Қазақстан Республикасының валюталық заңдарының бұзылуына кінәлі тұлғалар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |