|
|
|
«Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау туралы» Қазақстан ҚР Үкіметінің 1999.29.01. № 71 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының экономиканың сыртқы экономикалық секторында болып жатқан процестердi реттеуге, келісілген сыртқы сауда, қаржы, ақша-кредит және валюта саясатын жүргiзуге, валюталық реттеу саласындағы стратегияны айқындауға қажеттi төлем балансын қалыптастыру мен талдау жөніндегі жұмыстарды жетiлдiру және үйлестiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігімен, Қаржы министрлігімен және Экономика және сауда министрлігінiң Ұлттық статистика агенттiгiмен келісілген ұсынысы қабылдансын: 1997 жылғы II тоқсан үшiн жасалған есептен бастап тоқсан сайын елiмiздiң тоқсандық және жылдық жиынтық есебiнiң төлем балансының осы тармақта белгiленген мерзiмде қалыптасуын жүзеге асыру және оны Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну; Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен және Қаржы министрлігімен бiрлесiп осы тармақта белгiленген мерзiмде елiмiздiң жылдық төлем балансына болжам бағасын әзiрлеу және оны Қазақстан Республикасының Президентi мен Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыну; елiмiздiң төлем балансының көрсеткiштерiне орта мерзiмдi және ұзақ мерзiмдi болжам жасап бағалауға қатысу; Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен және Экономика және сауда министрлігінiң Ұлттық статистика агенттiгiмен бiрлесiп, елiмiздiң төлем балансының ағымдағы және болжамды көрсеткiштерiн қалыптастыру жөніндегі әдiстемелiк тәсiлдердi жасау және оны халықаралық қаржы ұйымдарымен келiсу; 1997 жылғы 1 қазанға дейiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Ұлттық статистика агенттiгiмен бiрлесiп, елiмiздiң төлем балансы бойынша статистикалық есеп нысандарын халықаралық стандарттардың талаптарына сәйкес анықтау; 1997 жылғы 1 шiлдеге дейiн Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігімен, Қаржы министрлігімен, Мемлекеттік кеден комитетiмен, Экономика және сауда министрлігінiң Ұлттық статистика агенттiгiмен бiрлесе отырып, көрсеткiштердiң нақты тiзбесiн, оларды бекітілген схемаға сәйкес тәртібі мен кестесiн жасау. Қазақстан Республикасының төлем балансын жасаудың мынадай мерзiмдерi қарастырылсын: есептi төлем балансын алдын-ала бағалау - есептi кезеңнен кейiн бiр айдан кешiктiрмей; есептi төлем балансы - есептi кезеңнен кейiн үш айдан кешiктiрiлмей; болжамды төлем балансын алдын ала бағалау - кезектi жылдың индикативтi жоспарын дайындау үшiн белгiленген мерзiмдерге сәйкес; болжамды төлем балансын нақты бағалау - болжам жасалатын жылдың сәуiр айынан кешiктiрмей. 2. Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Ұлттық статистика агенттiгi: Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне 1997 жылғы II тоқсан үшiн елiмiздiң төлем балансы бойынша жасалған есептiлiктен бастап: қосымша берiлетiн схемаға сәйкес ақпарат; министрлiктер, ведомстволар, жергiлiктi атқарушы органдар және меншiк нысандарына қарамастан ұйымдар үшiн бекітілген статистикалық есеп нысандарының жиынтық көрсеткiштерi жөнiнде ақпарат; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын респонденттер тiзбесiн; Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің сұрау салуы бойынша тиiстi респонденттердiң жекелеген бекітілген нысандары жөнiнде ақпарат берiп отыратын болсын; 1997 жылғы 1 қарашаға дейiн мерзiмде елiмiздiң төлем балансы бойынша статистикалық есептiң нақтыланған нысандарын бекiтетiн болсын; Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкінің тапсырысы бойынша елiмiздiң төлем балансының жекелеген көрсеткiштерi жөнiнде бiр жолғы iрiктеу зерттеулерiн жүзеге асыратын болсын. 3. Министрлiктер, мемлекеттік комитеттер, басқа да орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, сондай-ақ меншiк нысанына қарамастан сыртқы экономикалық қызметтi жүзеге асыратын ұйымдар (қаржы рыноктарында делдалдық қызметтi жүзеге асыратын банк секторы мен мекемелерден басқа) Қазақстан Республикасының Экономика және сауда министрлігінiң Ұлттық статистика агенттiгiне елiмiздiң төлем балансы бойынша бекітілген нысандарға сәйкес статистикалық есеп берiп отыратын болсын. 4. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне елiмiздiң төлем балансы бойынша ақпараттар берудiң қоса берiлiп отырған схемасы бекітілсiн. 5. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі, Мемлекеттік кеден комитетi Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне елiмiздiң төлем балансы бойынша статистикалық есеп берудiң бекітілген нысандарына сәйкес 1997 жылдың II тоқсаны үшiн берiлетiн есептен бастап қоса берiлiп отырған нобайға сәйкес ақпарат берiп отыратын болсын. 6. Әдiлет министрлігі Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен (келісім бойынша) бiрлесе отырып, "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына тиiстi толықтырулар енгізу жөнiнде ұсыныс жасайтын болсын. 7. "Қазақстан Республикасының төлем балансын жасау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 18 маусымдағы № 510 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1993 ж., № 24, 292-құжат) күшi жойылған деп танылсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Үкіметінiң 1997 жылғы 25 сәуірдегі № 659 қаулысымен бекітілген
Елiмiздiң төлем балансы бойынша Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне ақпарат беру схемасы
--------------------------------------------------------------------- Ақпараттың түрi | Ақпарат берушi ұйым --------------------------------------------------------------------- Индикативтiк жоспардың көрсеткiштерi Экономсаудаминi Сауда балансы Ұлттықстатагенттiк Мигранттардың трансфертi Мемкеденком, Ұлттықстатагенттiк Ағымдағы трансферттер жөніндегі Ұлттықстатагенттiк ақпарат Халықаралық қызмет көрсету жөніндегі Ұлттықстатагенттiк ақпарат Тiкелей инвестициялар жөніндегі ақпарат Ұлттықстатагенттiк Қазақстан Республикасының шекарасы Мемкеденком, арқылы өтетiн тауарлардың, нақтылы Ұлттықстатагенттiк валютаның, бағалы қағаздардың және шетел валютасындағы төлем құжаттарының қозғалысы туралы ақпарат Үкiметтiң ресми заемдары және Қаржыминi Қазақстан Республикасының гранттары туралы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |