|
|
|
Психиатриялық жәрдем және оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына ҚР 2009 жылғы 18 қыркүйектегі № 193-IV Кодексімен күші жойылды
1 тарау. Жалпы ережелер (1-15 баптар ) 2 тарау. Мемлекет кепілдік берген психиатриялық (16-17 баптар) жәрдемді қамтамасыз ету және әлеуметтік қорғау 3 тарау. Психиатриялық жәрдем көрсететін ұйымдар мен адамдар, (18-22 баптар ) медицина қызметкерлерінің және өзге де мамандардың құқықтары мен міндеттері 4 тарау. Психиатриялық жәрдемнің түрлері және оны (23-41 баптар) көрсетудің тәртібі 5 тарау. Психиатриялық жәрдем көрсету кезінде адамның құқықтары (42-43 баптар ) мен бостандықтарының сақталуын қоғамдық бақылау 6 тарау. Психиатриялық жәрдем көрсетуді және оны (44-47 баптар ) көрсеткен кезде адам құқықтарының сақталуын қамтамасыз етудің мемлекеттік кепілдіктері психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі Қызметті бақылау Осы заң халыққа психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы құқықтық, әлеуметтiк, экономикалық және ұйымдық негiздердi, соның iшiнде азаматтардың сондай жәрдем көрсетiлген кездегi құқықтарына берiлетiн кепiлдiктердi белгiлейдi. 1-бап. Негiзгi ұғымдар Осы Заңда мынадай ұғымдар пайдаланылады: психикалық науқастың дәрменсiздiгi - адам психикасының қатты бұзылуына, кемiстiгiне байланысты, сайып келгенде негiзгi өмiрлiк қажеттердi өз бетiмен қанағаттандыруға дәрменсiздiк пайда болатын хал-жағдай; заңды өкiлдер - пациенттердiң мүдделерiн бiлдiретiн адамдар: ата-аналар, асырап алушылар және қорғаншылар, қамқоршылар; медициналық-әлеуметтiк оңалту - науқасты жұмысқа тартуға, отбасылық және қоғамдық өмiрге қосуға арналған медициналық, әлеуметтiк шаралар мен еңбек шараларын кешендi түрде пайдалана отырып, науқастардың денсаулығын қалпына келтiру; қабiлетсiздiк - психикасының ауыруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан азаматтардың өз iс-әрекеттерiнiң мәнiн түсiне алмауы немесе оған басшылық ете алмауы; психикалық науқасқа қорғаншылық - психикасының ауыруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан сот iс-әрекетке қабiлетсiз деп таныған адамды қорғау нысаны; психикалық науқасқа қамқоршылық - спирттi iшiмдiктердi немесе есiрткi заттарды көп пайдалануы салдарынан сот iс-әрекетке қабiлеттiгiн шектеген адамды қорғау нысаны; психиатрия - клиникалық медициналық психикалық аурулардың пайда болу себептерiн, белгiлерiн және өтеуiн зерттейтiн, сондай-ақ олардың алдын алу, ауырған адамды емдеу және оның психикалық қабiлеттерiн қалпына келтiру әдiстерiн әзiрлейтiн саласы; психиатриялық ұйым - психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға арнаулы медициналық жәрдем көрсететiн көпқырлы ауруханалар құрамындағы психиатриялық және психоневрологиялық ауруханалар, психоневрологиялық диспансерлер, психиатриялық бөлiмшелер; психиатриялық көмек - психика бұзылуының алдын алу, азаматтардың психикалық денсаулығын тексеру, психика бұзылуының диагностикасы, психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарды емдеу, күту, медициналық және әлеуметтiк жағынан оңалту; психиатриялық жағынан жақпаушылық - кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн жүзеге асыруға кедергi жасайтын нақты психика бұзылуының тiзбесi; психиканың бұзылуы (ауру) - адамның ми жұмысының бұзылуына байланысты психикалық қызметiнiң бұзылуы. 2-бап. Осы Заңмен реттелетiн мәселе 1. Осы Заң психиатриялық жәрдем жүргiзудi ұйымдастыру кезiнде туындайтын қатынастарды реттейдi және оны көрсету кезiнде азаматтар құқықтарының кепiлдiгiн белгiлейдi. 2. Осы Заң Қазақстан Республикасының азаматтарына, сондай-ақ Қазақстан Республикасының аумағында жүрген шетелдiктер мен азаматтығы жоқ адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетiлген кезде қолданылады. 3-бап. Психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы мемлекеттік саясат Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға психикалық жәрдем көрсету саласындағы Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясаты; заңдылық, iзгiлiк және адам мен азаматтың құқықтарын сақтау; психикасының бұзылуынан зардап шегушiлерге тегiн және қол жететiндей медициналық жәрдем көрсетудi қамтамасыз ету; психиатриялық жәрдем берiлген кезде азаматтарды әлеуметтiк қорғау принциптерi негiзiнде жүргiзiледi. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-1 баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 3-1-бап. Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi органның құзыретi Денсаулық сақтау саласындағы уәкiлеттi орган: 1) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету саласындағы мемлекеттік саясатты жүргiзудi және психиатриялық жәрдем көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына кепiлдiктердi қамтамасыз етедi; 2) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы халықаралық ынтымақтастықты және салааралық өзара iс-қимылды жүзеге асырады; 3) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеп, бекiтедi; 4) Қазақстан Республикасының аумағында психиатр-дәрiгерлердiң, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың кәсiби қызметiне бақылау жасауды жүзеге асырады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 3-2 баппен толықтырылды (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 3-2-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдарының құзыретi Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: 1) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады; 2) психиатриялық жәрдем көрсетудi ұйымдастырудағы қатынастарды реттейтiн, оны көрсеткен кезде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктердi айқындайтын Қазақстан Республикасы заңдарының орындалуын қамтамасыз етедi; 3) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте психиатриялық жәрдем көрсететiн мемлекеттік медициналық ұйымдарды жарақтандыруды қамтамасыз етедi; 4) тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiсте психиатр-дәрiгерлердiң, психиатриялық және психоневрологиялық ұйымдардың кәсiби қызметiне бақылау жасауды үйлестiредi және қамтамасыз етедi; 5) халыққа психиатриялық жәрдем көрсету және оны көрсету кезiнде азаматтардың құқықтарына берiлетiн кепiлдiктер саласындағы өңiраралық өзара iс-қимылды жүзеге асырады. 4-бап. Психиатриялық жәрдем алудың ерiктiлiгi 1. Психиатриялық жәрдем адам ерiктi түрде өтiнiш жасаған немесе оның жазбаша келісімi болған жағдайда көрсетiледi, бұған осы Заңда көзделген реттер қосылмайды. 2. Кәмелетке толмаған адамға, сондай-ақ заңда белгiленген тәртiппен iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамға психиатриялық жәрдем осы Заңда көзделген тәртiппен олардың заңды өкiлдерiнiң келісімiмен көрсетiледi. 5-бап. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың құқықтары 1. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдар азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясында көзделген барлық құқықтары мен бостандықтарына ие болады. Психикасының бұзылуына байланысты азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын жүзеге асыруын шектеуге Қазақстан Республикасының заңымен көзделген жағдайларда ғана жол берiледi. 2. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың бәрi психиатриялық жәрдем көрсетiлгенде: 1) біліктi медициналық жәрдем алуға; 2) өздерiнiң құқықтары туралы және психикасы бұзылуының сипаты мен қолданылатын емдеу әдiстерi туралы ақпарат алуға; 3) тұрғылықты жерi бойынша, сондай-ақ қажет болған жағдайда жүрген жерiнде психиатриялық жәрдем алуға; 4) психиатриялық станционарда тексерiлуге және емделуге; 5) санитариялық-гигиеналық талаптарға сай келетiн жағдайларда жәрдем алуға; 6) медициналық айғақтар бойынша емдеудiң барлық түрiн (оның iшiнде санаторий-курорттық түрiн) алуға; 7) емдеудiң кез келген сатысында медициналық құралдар мен әдiстерiн, ғылыми зерттеулерден немесе оқу процесiнен, суретке түсiруден, бейне жазудан немесе киноға түсуден бас тартуға; 8) өздерiнiң талап етуiмен психиатриялық жәрдем көрсетуге қатысушы кез келген маманды (оның келісімiмен) осы Заңмен реттелетiн мәселелер жөніндегі дәрiгерлiк комиссияда жұмыс iстеуге шақыруға; 9) Заңда белгiленген тәртiп бойынша адвокаттан және басқа заңды өкiлден немесе өзге адамнан жәрдем алуға; 10) психикалық зардап шегуiнiң (ауыруының), белгiленген қорытындысына сот тәртібімен, соның iшiнде тәуелсiз сарапшылардың қатыстыра отырып шағым жасауға құқылы. 3. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдардың құқықтары мен бостандықтарын психикалық ауруы болуының, денсаулық сақтау органдарының психиатрия ұйымында немесе халықты әлеуметтiк қорғау не арнаулы оқыту жүйесi органдарының психоневрологиялық ұйымында диспансерлiк бақылауда болуы фактілерінiң негiзiнде ғана шектеуге жол берiлмейдi. Мұндай тәртiп бұзушылыққа кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жауап бередi. 4. Қазақстан Республикасының азаматын немесе азаматтығы жоқ адамды психикасының ауыруы немесе ақыл-есiнiң кемдiгi салдарынан iс-әрекетке қабiлетсiз деп тануды оған қорғаншы белгiлей отырып, сот жүзеге асырады. Қорғаншы белгiлеу сырқаттану кезiнде оның құқықтары мен бостандықтарын Қазақстан Республикасының заңына сәйкес шектеуге әкеп соғады. 6-бап. Кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн атқаруды шектеу 1. Мемлекеттiң уәкiлеттi органдар құқық берген дәрiгерлiк комиссиясының шешiмiне сәйкес, медициналық психиатриялық қарсылық тiзбесiне сәйкес азаматтың психикалық денсаулық жағдайын бағалау негiзiнде азамат психикасының бұзылуы салдарынан уақытша, соңынан қайта куәландыру құқығымен кәсiби қызметтiң жекелеген түрлерiн, сондай-ақ жоғары қауiп көзiне байланысты жұмысты атқаруға жарамсыз деп танылуы мүмкiн. Азамат мұндай шешiмiмен келiспеген жағдайда ол жөнiнде сотқа шағымдануына болады. 2. Кәсiби қызметтiң жекелеген, түрлерiн, сондай-ақ жоғары қауiп көзiне байланысты жұмысты жүзеге асыруға арналған медициналық психиатриялық жақпайтын заттар тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi және жинақталған тәжiрибе мен ғылыми жетiстiктердi ескере отырып, ол мезгiл-мезгiл (кемiнде бес жылда бiр рет) қайта қаралады. 7-бап. Психиатриялық жәрдем көрсетiлетiн азаматтардың құқықтары мен мүдделерiн қорғау 1. Азамат өзiне психиатриялық жәрдем көрсетiлген кезде өзiнiң құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғау үшiн өз қалауымен өкiл шақыруға құқылы. Өкiлдiк Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен ресiмделедi. 2. Кәмелетке толмаған және белгiленген тәртiп бойынша iс-әрекетке қабiлетсiз деп танылған адамның психиатриялық жәрдем көрсетiлген кездегi құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды олардың заңды өкiлдерi жүзеге асырады. 3. Азаматқа психиатриялық жәрдем көрсетiлген кезде оның құқықтары мен заңды мүдделерiн қорғауды адвокат немесе заңды өкiл жүзеге асырады. Адвокатты шақыру және оның қызметiне ақы төлеу тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарында көзделедi. Психиатриялық жәрдем көрсететiн ұйымның әкiмшiлiгi осы Заңның 23-бабының 5-тармағындағы 1) тармақшада және 29-бабының 1)-тармақшасында көзделгеннен басқа жағдайларда адвокат шақыру мүмкiндiгiн қамтамасыз етедi. 8-бап. Дәрiгерлiк құпияны сақтау Азамат психикасының бұзылғаны, оның психиатриялық жәрдем сұрағаны және осындай жәрдем көрсететiн мекемеде емдегенi туралы мәлiметтер, сондай-ақ психикалық денсаулық жағдайы туралы өзге де мәлiметтер заңмен қорғалатын дәрiгерлiк құпия болып табылады. 9-бап. Психикалық денсаулық жағдайы туралы мәлiметтер беру тәртібі 1. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамның құқықтары мен заңды мүдделерiн iске асыру үшiн оның психикалық жай-күйiн ескере отырып, өзiнiң өтiнiшi не оның заңды өкiлiнiң, адвокаттың өтiнiшi бойынша оларға осы адамның психикалық денсаулық жағдайы туралы оған психиатриялық жәрдем көрсетiлгенi туралы мәлiметтер берiледi. 2. Азаматтардың психикалық денсаулық жағдайы не оларды психиатр-дәрiгердiң тексергенi туралы үшiншi бiр адамдарға мәлiметтер беруге Қазақстан Республикасының заң актілерімен белгiленген реттерде ғана жол берiледi. 10-бап. Диагностика және емдеу 1. Психиканың бұзылуы диагнозын клиникалық көрiнiстерге, лабораториялық деректерге, объективтi мәлiметтерге сәйкес психиатр-дәрiгер қояды. Диагнозды азаматтың қоғамда қабылданған моральдық, мәдени, саяси және дiни құндылықтармен келiспеуiне не оның психикалық денсаулық жағдайына тiкелей байланысы жоқ өзге де себептерге негiздеуге болмайды. 2. Психиканың бұзылуынан зардап шегушi адамға диагноз қою және оны емдеу үшiн Қазақстан Республикасының денсаулық сақтау туралы заңдарымен рұқсат етiлген медициналық құралдар мен әдiстер қолданылады. 3. Медициналық құралдар мен әдiстер аурулы ауытқулар сипатына қарай диагностикалық және емдеу мақсаттарында ғана қолданылады, оларды психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамды жазалау түрiнде немесе басқа адамдардың мүдделерi үшiн пайдалануға тыйым салынады. 1. Дәрiгер психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамға немесе оның заңды өкiлiне психика бұзылуының сипаты туралы, емдеудiң мақсаттары мен әдiстерi туралы ақпарат, сондай-ақ ұсынылатын емнiң ұзақтығы туралы, болуы мүмкiн ауырсыну түйсiктерi, жанама әсерлерi мен күтiлетiн нәтижелерi туралы деректер беруге мiндеттi. Берiлген ақпарат туралы медициналық құжаттамаға жазбаша жасалады. 2. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамды емдеу оның өзiнiң немесе заңды өкiлдерiнiң жазбаша келісімiн алғаннан кейiн жүргiзiледi, бұған осы баптың 3-тармағында көзделген реттер қосылмайды. 3. Қазақстан Республикасының заң актілерінде көзделген негiздер бойынша медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолданған кезде, сондай-ақ осы Заңның 29-бабымен көзделген негiздер бойынша ауруханаға ерiксiз салған кезде психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамды емдеу оның өзiнiң немесе заңды өкiлiнiң келісімiнсiз жүргiзiлуi мүмкiн. Ауруханаға шұғыл салынған реттердi қоспағанда, мұндай жағдайларда ем психиатр-дәрiгерлер комиссиясының шешiмi бойынша қолданылады. 4. Осы баптың 3-тармағында аталған адамдар жөнiнде психикасының бұзылуын емдеуге хирургиялық әдiстер қолдануға, сондай-ақ оларға медициналық құралдар мен әдiстердi сынап көруге жол берiлмейдi. 1. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адам немесе оның заңды өкiлi ұсынылып отырған емнен бас тартуға немесе оны тоқтатуға құқылы, бұған осы Заңның 11-бабының 3-тармағында көзделген реттер қосылмайды. 2. Емделуден бас тартушы адамға не оның заңды өкiлiне емдеудi тоқтатудың болуы ықтимал зардаптары түсiндiрiлуге тиiс. Емделуден бас тарту оның болуы ықтимал зардаптары туралы мәлiметтер көрсетiле отырып, психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамның немесе оның заңды өкiлiнiң және психиатр-дәрiгердiң қолы қойылып, медициналық құжаттамаға жазу арқылы ресiмделедi. 13-бап. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары 1. Психикасының бұзылуынан зардап шегетiн, қоғамға қауiпті әрекеттер жасаған адамдар жөнiнде Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген негiздер мен тәртiп бойынша сот шешiмiмен медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары қолданылады. 2. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шаралары денсаулық сақтау органдарының психиатриялық ұйымдарында жүзеге асырылады. Медициналық сипаттағы мәжбүрлеу шараларын қолдану туралы сот шешiмiмен психиатриялық стационарға орналастырылған адамдар осы Заңның 34-бабында көзделген құқықтарды пайдаланады. Олар психиатриялық стационарда болған бүкiл кезеңiнде еңбекке жарамсыз деп танылады және олардың мемлекеттік әлеуметтiк сақтандыру бойынша жәрдемақы немесе жалпы негiздер бойынша зейнетақы алуға құқығы бар. 14-бап. Сот-психиатриялық сараптама Қылмыстық және азаматтық iстер жөніндегі сот-психиатриялық сараптама заң негiзiнде және Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртiппен жүргiзiледi. ҚР 16.07.01 ж. № 244-II Заңымен 15-бап өзгертілді 15-бап. Азаматтың әскери қызметшi ретiнде қызметке жарамдылығы туралы мәселенi шешу үшiн психиатриялық тексеру Азаматтың оның психикалық денсаулық жағдайы бойынша Қарулы Күштердiң, Iшкi iстер министрлігі, Әділет министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті iшкi әскерлерiнiң және өзге де әскери құрамалардың, сондай-ақ ұлттық қауiпсiздiк, Iшкi iстер органдарының құрамында қызмет атқаруға жарамдылығы туралы мәселенi шешкен кезде амбулаторияда және стационарда тексерудiң негiздерi мен тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 2 тарау. МЕМЛЕКЕТ КЕПIЛДIК БЕРГЕН ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМДI ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТIК ҚОРҒАУ 2004.20.12 № 13-III Заңымен 16-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 16-бап. Мемлекет кепiлдiк беретiн психиатриялық жәрдем және әлеуметтiк қорғау 1. Мемлекет: 1) шұғыл психиатриялық жәрдем көрсету; 2) табиғи зiлзалалар мен апаттар кезiнде психиатриялық жәрдем көрсетуге; 3) ауруханадан тыс және стационарлық жағдайларда консультациялық-диагностикалық, емдеу, психиатриялық алдын-алу, оңалту жәрдемiн көрсетуге; 4) психиатриялық сараптаманың барлық түрлерiне, еңбекке уақытша жарамсыздықты анықтауға; 5) психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға әлеуметтiк-тұрмыстық көмек көрсетуге және оларды еңбекке орналастыруға жәрдемдесуге; 6) қорғаншылық және қамқоршылық мәселелерiн шешуге; 7) психиатрия ұйымдарында құқықтық мәселелер жөнiнде консультациялар беру және заң көмегiнiң басқа да түрлерiн көрсетуге; 8) мүгедектердi әлеуметтiк-еңбекке орналастыруға және психикасының бұзылуынан зардап шегушi қарттарды әлеуметтiк-тұрмыстық орналастыруға, сондай-ақ оларға күтiм көрсетуге; 9) психикасының бұзылуынан зардап шегушi мүгедектер мен кәмелетке толмағандарды оқытуға кепiлдiк бередi. 2. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға психиатриялық жәрдем көрсетудi қамтамасыз ету үшiн және оларды әлеуметтiк қорғау мақсатында мемлекет: 1) мүмкiндiгiнше емдеушiлердiң тұрғылықты жерi бойынша ауруханалардан тыс және стационарлық психиатриялық жәрдем көрсететiн ұйымдардың барлық түрлерiн құрады; 2) психикасының бұзылуынан зардап шегушi кәмелетке толмағандарға жалпы және кәсiптiк білім берудi ұйымдастырады; 3) өндiрiстiк-емдеу кәсiпорындардың, сондай-ақ еңбек терапиясына, психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарды соның iшiнде мүгедектердi еңбекке орналастыру үшiн жаңа мамандықтарға оқытуға арналған еңбек жағдайлары жеңiлдетiлген арнайы өндiрiстер, цехтар немесе учаскелер құрады; 4) 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды 5) 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды 3. Психиатриялық жәрдем көрсететiн ұйымдардың бәрi талап етiлетiн санитариялық-гигиеналық және эпидемияға қарсы нормативтерге сәйкес болуға тиiс. 4. 2004.20.12 № 13-III Заңымен алып тасталды 17-бап. Психиатриялық жәрдемдi қаржыландыру 1. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға осы Заңда кепiлдiк берiлген психиатриялық және өзге де жәрдем көрсететiн мемлекеттік ұйымдарды қаржыландыру бюджет қаражаты, сондай-ақ Қазақстан Республикасының заңдарына қайшы келмейтiн өзге де көздер есебiнен жүзеге асырылады. 2. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарға жәрдем көрсететiн жеке адамдардың (психиатрлардың, адвокаттардың және т.б.) қызметiне ақы азаматтардың өз қаражаты немесе қайырымдылық түсiмдер есебiнен төленедi. 3 тарау. ПСИХИАТРИЯЛЫҚ ЖӘРДЕМ КӨРСЕТЕТIН ҰЙЫМДАР МЕН АДАМДАР, МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРIНIҢ ЖӘНЕ ӨЗГЕ ДЕ МАМАНДАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ МЕН МIНДЕТТЕРI 2004.20.12 № 13-III Заңымен 18-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 18-бап. Психиатриялық жәрдем көрсететiн ұйымдар мен адамдар 1. Психиатриялық жәрдемдi тиiстi лицензия алған медицина ұйымдары мен психиатр-дәрiгерлер көрсетедi. 2. Психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі қызметке лицензиялар беру тәртібі Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 3. Психиатрия және психоневрология ұйымдары немесе психиатр-дәрiгерлер жасайтын психиатриялық жәрдемнiң түрлерi жарғылық құжаттар мен лицензияларда көрсетiледi. Олар туралы ақпарат тiлек бiлдiрушiлердiң бәрiне берiледi. 19-бап. Психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі қызметпен айналысу құқығы 1. Жоғары медициналық білім алған және өз біліктiлiгiн белгiленген тәртiппен дәлелдеген психиатр-дәрiгердiң психиатриялық жәрдем көрсету жөніндегі дәрiгерлiк қызметпен айналысуға құқығы бар. 2. Пациенттерге тiкелей қызмет көрсететiн өзге де мамандар (психологтар, әлеуметтiк және басқа қызметкерлер мен медицина қызметкерлерi) Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен арнайы даярлықтан өтiп, психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдармен жұмыс iстеуге жiберiлу үшiн өздерiнiң біліктiлiгiн дәлелдеуге тиiс. 3. Психиатриялық жәрдем көрсететiн психиатр-дәрiгер мен өзге де мамандардың қызметi осы Заңға сәйкес жүзеге асырылады және дәрiгерлiк борыш пен кәсiби әдепке негiзделедi. 20-бап. Медицина қызметкерлерi мен өзге де мамандардың психиатриялық жәрдем көрсету кезіндегі құқықтары мен мiндеттерi 1. Психиатриялық жәрдем көрсету кезіндегі психиатр-дәрiгердiң, өзге де мамандар мен медицина қызметкерлерiнiң кәсiби құқықтары мен мiндеттерi Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленедi. 2. Психикалық аурудың диагнозын қою, ерiксiз түрде психиатриялық жәрдем көрсету туралы шешiм қабылдау не осы мәселелердi қарау үшiн қорытынды беру психиатр-дәрiгердiң немесе психиатр-дәрiгердiң комиссиясының ерекше құқығы болып табылады. 3. Басқа мамандықтағы дәрiгердiң адамның психикалық денсаулық жағдайы туралы қорытындысы болжамдық сипатта болады және оның құқықтары мен заңды мүдделерiн шектеу туралы мәселенi шешуге, сондай-ақ оған психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдар үшiн Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген жеңiлдiктердi беруге негiз бола алмайды. 21-бап. Психиатр-дәрiгердiң тәуелсiздiгi 1. Психиатриялық жәрдем көрсету кезiнде психиатр-дәрiгер өз шешiмдерiн тәуелсiз қабылдайды және медициналық айғақтарды, дәрiгерлiк борыш пен заң актілерін ғана басшылыққа алады. 2. Комиссияның шешiмiмен келiспеген психиатр-дәрiгер өз қорытындысын беруге құқылы, мұндай қорытынды медициналық құжаттамаға тiркеледi. 22-бап. Психиатриялық жәрдем көрсететiн медицина қызметкерлерiне және басқа қызметкерлерге берiлетiн жеңiлдiктер мен кепiлдiктер 1. Психикасының бұзылуынан зардап шегушi адамдарды емдеуге арналған, ведомстволық бағыныштылығына қарамастан, психиатрия ұйымдарының, олардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң, палаталары мен кабинеттерiнiң мамандықтарына қарамастан дәрiгерлерi, орта және кiшi медицина қызметкерлерi, мамандары, қызметшiлерi мен басқа да қызметкерлерi еңбек жағдайларының денсаулыққа қауiптi әрi ерекше ауыр болуына байланысты Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес лауазымдық айлықақыларының (және тарифтiк ставкаларының) арттырылуына құқылы. 2. Психиатриялық жәрдем көрсетуге қатысушы адамның денсаулығына келтiрiлген зиян Қазақстан Республикасының заңдарымен белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |