|
|
|
Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық және әлеуметтiк
Техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың халықаралық осы секiлдiлермен үйлестiрiлген, өзара байланыстырылған ұлттық жiктеушiлер жүйелерiн құру, ақпараттың ведомствоаралық құйылуының келісілуi проблемаларын шешу және әртүрлi басқару органдары пайдаланатын номенклатуралар мен жiктеушiлердiң салыстырылмаушылығын болдырмау мақсатында, сондай-ақ мемлекетаралық стандарттау, метрология және сертификаттау саласында уағдаласылған саясат жүргiзу туралы келісімге сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгi 1998 жылдың 1 қаңтарына дейiн Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың халықаралық жiктеушiлерiн тiкелей қолдануды регламенттейтiн тәртiп әзiрлесiн. 2. Қазақстан Республикасының министрлiктерi, мемлекеттік комитеттерi және өзге де орталық атқарушы органдары: халықаралық нормалар мен талаптарға сәйкес техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың қолданылып жүрген жiктеушiлерiне талдау жүргiзсiн және Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгiне 1997 жылдың 1 қарашасына дейiн техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеу мен кодтаудың халықаралық жүйесiне кезең-кезеңмен енгiзудiң бағдарламасын қалыптастыру үшiн оларды үйлестiру (әзiрлеушiлерi мен мерзiмдерiн көрсете отырып) жөнiнде ұсыныс табыс етсiн; қолданылып жүрген халықаралық нормалар мен талаптарға, заңдарда белгiленген тәртiппен бекітілген Стандарттаудың мемлекеттік жүйелерiнiң стандарттары мен ережелерiне сәйкес техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпараттың халықаралық және Ұлттық жiктеулерiн әзiрлеудi және қолдануды жүзеге асырсын; жiктеу мен кодтау мәселелерiн қозғайтын заң және нормативтiк актiлердiң, мемлекеттік бағдарламалардың жобаларын Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгiмен және Ұлттық статистика агенттiгiмен мiндеттi түрде келiссiн. 3. Қазақстан Республикасы Экономика және сауда министрлігінiң Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі агенттiгi министрлiктердiң, мемлекеттік комитеттердiң және өзге де орталық атқарушы органдардың ұсынысы негiзiнде Қазақстан Республикасының техникалық-экономикалық және әлеуметтiк ақпаратты жiктеудiң және кодтаудың халықаралық жүйесiне кезең-кезеңмен көшуiнiң бағдарламасын әзiрлесiн және оны 1998 жылдың 1 ақпанына дейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң бекiтуiне енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |