|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына толықтырулар мен өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: «Жердi суландыру және дренаж жүйелерiн жетiлдiру жобасы бойынша Қазақстан Республикасы мен Халықаралық Қайта Құру және Даму Банкi арасындағы Займ туралы келісімнiң күшiне енуiне арналған шарттарды жүзеге асыру жөніндегі шаралар туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 7 қазандағы № 1237 қаулысына мынадай толықтырулар мен өзгерістер енгiзiлсiн: 5-тармақтағы «төлеушi шаруашылықтардың» деген сөз «түпкi займшы шаруашылықтардың» деген сөзбен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай мазмұнмен толықтырылсын: «8. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Экспорт-импорт банкi Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігіне ХҚҚДБ займ қаражаттарын жүзеге асыру мен қызмет ету және республикалық бюджетпен қатар қаржыландыру жөніндегі қаржы агентi болып белгiленсiн;» осы қаулының 2-қосымшасына: 7, 8, 9, 10-тармақтарындағы «алушы шаруашылық»; «алушы шаруашылық», «төлеушi шаруашылық», «алушы шаруашылықтың», деген сөздер «түпкi зайымшы шаруашылық», «түпкi зайымшы шаруашылықтар», «түпкi зайымшы шаруашылықтың» деген сөздермен ауыстырылсын; 9-тармақ мынадай мазмұнмен берiлсiн: «9. «Мемлекеттік экспорт-импорт банк пен түпкi зайымшы шаруашылықтар арасындағы проценттiк ставка екiжақты келісімде айқындалуға тиiс, сондай-ақ қайтарым кепiлдiгi, мiндеттi кепiлдiк және өтем кестесi белгiленедi»; осы қаулының 3-қосымшасына: атауы мен 1, 2, 3, 5, 6-тармақтарындағы «төлеушi шаруашылықтардың», «төлеушi шаруашылықтар», «төлем жасаушы шаруашылықтар», деген сөздер тиiсiнше «түпкi зайымшы шаруашылықтардың», «түпкi зайымшы шаруашылықтар», «түпкi зайымшы шаруашылықтың» деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақтағы «уәкiлеттi органдар» деген сөз «қаржы агентi» деген сөзбен ауыстырылсын.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |