"Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер" Ереже жөнiнде ҚР Ұлттық Банкі Басқармасының 2002 ж. 3 маусымдағы № 213 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды Ескерту. Ереженің атауы өзгертілді - ҚР Ұлттық Банкі басқармасының 1998.08.28. № 157 қаулысымен. Қазақстан Республикасындағы екiншi деңгейдегi банктер қызметiнiң нормативтiк-құқықтық базасын жетiлдiру мақсатында және Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 26 желтоқсандағы № 237 қаулысымен бекітілген екiншi деңгейдегi банктерде Бухгалтерлiк есеп шоттарының жаңа жоспарын енгiзуге байланысты Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің Басқармасы қаулы етедi: 1. "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереже бекітілсiн және ол Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде мемлекеттік тiркелген күннен бастап күшiне енгiзiлсiн. 2. "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереже қабылдануына байланысты Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 29 ақпандағы 53 қаулысымен бекітілген Пруденциалдық нормативтер туралы ереже Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi Басқармасының 1996 жылғы 31 шiлдедегi № 181, 1996 жылғы 8 қарашадағы № 260 және 1996 жылғы 12 желтоқсандағы № 293 қаулыларымен бекітілiп, енгiзiлген өзгертулерiмен және толықтыруларымен қоса күшiн жойды деп танылсын. 3. Банктiк қадағалау департаментi (Абдуллина Н.Қ.): а) "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереженi Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігінде тiркесiн; б) осы Қаулы мен "Пруденциалдық нормативтер туралы" Ереженi Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің облыстық (Алматы аумақтық бас) басқармаларын және екiншi деңгейдегi банктерге жiберсiн. 4. Осы қаулының орындалуына бақылау жасау Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Төрағасының орынбасары А.Ғ. Сәйденовке жүктелсiн. Ұлттық Банк Төрағасы Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкi Басқармасының 1997 жылғы 23 мамырдағы № 219 қаулысымен Бекiтiлген "Пруденциалдық нормативтер туралы ережелер" ЕРЕЖЕ Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|