|
|
|
Протез-ортопедия кәсiпорындары ассоциациясы және мемлекеттік қазыналық Республиканың протез-ортопедия кәсiпорындарының мүгедектердi протез-ортопедиялық көмекпен неғұрлым тиiмдi қамтамасыз ету жөніндегі қызметiн жетiлдiру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. ҚР Үкіметінің 05.09.01 ж. № 1146 қаулысымен күшін жойылды 2. Республикалық мемлекеттік қазыналық: "Алматы тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия орталығы" кәсiпорны, Петропавл және Семей тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия, кәсiпорындары тиiсiнше Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігінiң республикалық мемлекеттік: "Алматы тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия орталығы" кәсiпорны, Петропавл және Семей тәжiрибе-эксперименттiк протез-ортопедия кәсiпорындары (шаруашылық жүргiзу құқығындағы) болып қайта құрылсын (бұдан әрi кәсiпорындар). 3. Мемлекеттік басқарудың уәкiлеттi органы, сондай-ақ кәсiпорындарға қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функцияларын жүзеге асыратын орган болып, Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі белгiленсiн. 4. Кәсiпорындардың негiзгi мiндеттерi жаңа әзiрлемелер мен технологияларды енгізу, мүгедектердi оңалтудың техникалық құралдарын, протез-ортопедия бұйымдары мен аяқкиiмдi жасап шығару мен сату болып белгiленсiн. 5. Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтiк қорғау министрлігі бiр ай мерзiм iшiнде кәсiпорындардың жарғыларын бекiтсiн, олардың мемлекеттік тiркелуiн қамтамасыз етсiн және Қазақстан Республикасының Үкіметіне осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне өзгерiс енгізу туралы белгiленген тәртiппен ұсыныс енгiзсiн. 6. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі заңдарда белгiленген тәртiппен кәсiпорындарды мемлекеттік тiркеуден өткiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |