|
|
|
Энергия үнемдеу туралы (2011.05.07. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР 2012 жылғы 13 қаңтардағы № 541-IV Заңымен күші жойылды
1-тарау. Жалпы ережелер (1 - 4 баптар) 2-тарау. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік реттеу (5 - 12 баптар) 3-тарау. Энергия үнемдеудің экономикалық механизмі (13 - 14 баптар) 4-тарау. Жаңғыртылатын энергия көздері (15 бап) 5-тарау. Энергия үнемдеу саласындағы білім беру, ақпаратпен (16 - 18 баптар) қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер 6-тарау. қорытынды ережелер (19 - 20 баптар) Түпнұсқада мазмұны жоқ Осы Заң Қазақстан Республикасының отын-энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалану мен қоршалған ортаны қорғау үшiн экономикалық және ұйымдық жағдайлар жасау мақсатымен энергия үнемдеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейдi. 2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 1-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 1-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 1) жаңартылатын энергия көздері - табиғи жаратылыс процестері есебінен үздіксіз жаңартылатын энергия көздері: күн сәулесінің энергиясы, жел энергиясы, қуаты отыз бес мегаватқа дейінгі қондырғыларға арналған гидродинамикалық су энергиясы; геотермальдық энергия: топырақтың, жер асты суларының, өзендердің, су айдындарының жылуы, сондай-ақ бастапқы энергия ресурстарының антропогендік көздері: биомасса, биогаз және электр және (немесе) жылу энергиясын өндіру үшін пайдаланылатын органикалық қалдықтардан алынатын өзге де отын; 2) қайталама энергетика ресурстары - негізгі өндірістің ілеспе өнімі немесе қалдығы ретінде алынатын энергетика ресурстары; 3) отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігінің көрсеткіші - белгілі бір өнімге, жұмыстарға және қызметтер көрсетуге отын мен энергияның үлестік шығыстарының нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін шамасы; 4) отын-энергетика ресурстарын тиімді пайдалану - техника мен технологиялардың қазіргі даму деңгейі және сонымен бір мезгілде қоршаған ортаға техногендік әсердің азаюы кезінде отын-энергетика ресурстарын пайдаланудың жоғары нәтижелі, техникалық жағынан мүмкін болатын, экономикалық жағынан ақталған тиімділігіне қол жеткізу; 5) отын-энергетика ресурстарының өнімсіз шығыстары - жаңадан іске қосылған жабдық үшін стандарттардың (техникалық шарттардың) талаптарынан ауытқудан, нормативтік актілердің, технологиялық регламенттердің және қолданыстағы жабдыққа арналған паспорттық деректердің талаптарын бұзудан туындаған отын мен энергия шығасылары; 6) отын-энергетика ресурсы - техника мен технологиялардың қазіргі даму деңгейінде пайдаланылатын немесе ұтымды пайдаланылуы мүмкін энергия көзі; 7) шартты отын - органикалық отынның әрқилы түрлерінің жылу құндылығын салыстыру үшін қызмет ететін, техникалық-экономикалық есеп-қисаптар кезінде қабылданған және нормативтер мен стандарттарда регламенттелетін бірлік; 8) экологиялық жағынан таза энергетикалық ресурстар - күн, жел, жер асты жылы сулардың, жер жылуы энергиясының, судың, толқынның қозғалыстағы ағындары энергиясының көздері; 9) энергия үнемдеу - отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемді пайдалануға бағытталған (ұйымдастырушылық, ғылыми, практикалық, ақпараттық) қызмет; 10) энергия үнемдеу объектілері - отын-энергетика ресурстарының, жылу және электр энергиясының барлық түрлерін шығаруға, өңдеуге, тасымалдауға, өндіруге, сақтауға және пайдалануға байланысты процестер; 11) энергия үнемдеу саласындағы саясат - энергия үнемдеу саласындағы қызметті құқықтық, ұйымдық және қаржы-экономикалық жағынан реттеу; 12) энергия үнемдеу технологиялары, жабдығы және материалдары - қол жеткен деңгеймен салыстырғанда отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиімділігін арттыруға мүмкіндік беретін технологиялар, жабдық пен материалдар.
2-бап. Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы заңдары Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу саласындағы заңдары, Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заңның, сондай-ақ Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады. 3-бап. Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi Энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясаттың негiзгi принциптерi: отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiн арттырудың оларды шығару мен жылу және электр энергиясын өндiрудi молайтудан басымдығы; отын-энергетика ресурстарын және (немесе) энергияны шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау және пайдалану кезіндегі адамның қауiпсiздiгi мен денсаулығын, оның өмiрiнiң әлеуметтiк-тұрмыстық жағдайларын, қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз етудегi басымдық; энергия үнемдеу саласында мемлекеттік реттеудi жүзеге асыру; энергия үнемдеудi, энергияның жаңғыртылатын көздерiн пайдалануды ынталандыруды экономикалық жағынан қолдау қажеттiгi; өндiрiлетiн және жұмсалатын отын-энергетика ресурстарының анық есебiнiң мiндеттiлiгi; отын-энергетика ресурстарын өндiрушiлердiң, жеткiзiп берушiлердiң және тұтынушылардың мүдделерiн үйлестiру; энергия үнемдеуге жүйелi көзқарас; энергия үнемдеу саласында ақпарат, білім беру және ғылыми-зерттеу қызметiн iске асыру болып табылады. 4-бап. Энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттары Энергия үнемдеудiң негiзгi бағыттары: ұлттық экономиканы интенсивтi дамыту үшiн қажеттi энергия өндiру мен тұтынуды тұрақтандыру; энергия өндiру мен тұтыну режимдерiн оңтайландыру, оның есеп-қисабы мен бақылауын ұйымдастыру; кәсiпорындардың мекемелер мен ұйымдардың энергетикалық тиiмдiлiгiн зерттеудi ұйымдастыру; өнiмдердiң, жұмыс iстеп тұрған және қайта құрылатын объектiлердiң, технологиялар мен жабдықтардың энергия үнемдеуiне сараптама жүргiзу; энергияның жаңғыртылатын көздерiн дамыту; қайталама энергетика ресурстары мен қалдықтарын кәдеге жарату; энергетикалық жағынан тиiмдi техника мен өнiмдердi, озық технологияларды енгізу жөніндегі жобаларды iске асыру; осы салада ғылыми зерттеулер мен басқарудың жаңа әдiстерiн енгізу; отын-энергетика ресурстарын шығару, өзгерту, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезiнде олардың ысырап болуын қысқарту; босатылатын және тұтынылатын энергетика ресурстарын есептеу бөлiгiнде өлшемнiң дәлдiгiн, нақтылығы мен бiрлiгiн қамтамасыз ету; энергетика ресурстарын үнемдеудi қамтамасыз ететiн жаңа құрылыс нормалары мен ережелерiн енгізу және олардың қолданылып жүргендерiн жетiлдiру болып табылады. 2-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ
5-бап. Энергия үнемдеу жүйесiн ұйымдастыру Энергия үнемдеу жүйесi энергия үнемдеу саласындағы мемлекеттік саясат пен өзiн-өзi басқаруды iске асыру құралы болып табылады және оның құрамына: энергия үнемдеу саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтiн құқықтық нормалар; энергия үнемдеу объектiлерi; орталық және жергiлiктi атқарушы органдар, жеке және заңды тұлғалардың, сондай-ақ энергия үнемдеу бағдарламаларын iске асыруға қатысатын адамдар; отын-энергетика ресурстарын ұтымды және үнемдi пайдалану мен қоршаған ортаны қорғауды қамтамасыз ететiн құралдар мен шаралар жиынтығы енедi. Энергия үнемдеудiң аймақтық және жинақы (барлық заңды тұлғалар үшiн) жүйесiнiң құрылымы мемлекеттік жүйенiң негiзiнде қалыптастырылады, оның құрылымын Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. Энергия үнемдеу жүйесi мемлекеттік, аймақтық және салалық бағдарламалар, сондай-ақ заңды тұлғалар әзiрлейтiн бағдарламалар арқылы iске асырылады. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 6-бап өзгертілді 6-бап. Қазақстан Республикасы Үкіметінiң энергия үнемдеу саласындағы құзыретi Қазақстан Республикасының Үкіметі энергия үнемдеу саласында: бiрыңғай мемлекеттік саясаттың негiзгi бағыттарын, оны жүзеге асыру жөніндегі стратегиялық және тактикалық шараларды әзiрлейдi; мемлекеттік энергия үнемдеу жүйесiнiң құрылымы мен уәкiлеттi органды белгiлейдi; отын-энергетика ресурстарын өндiру мен тұтыну кезiнде стандарттау, сертификаттау және өлшем бiрлiгiн қамтамасыз ету саласындағы саясатты белгiлейдi; халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; өзіне Қазақстан Республикасының Конституциясымен, заңдарымен және Қазақстан Республикасы Президентінің актілерімен жүктелген өзге де функцияларды орындайды.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен (бұр. ред. қара); 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 7-бап өзгертілді 7-бап. Уәкiлеттi органның энергия үнемдеу саласындағы құзыретi Өкiлеттi орган энергия үнемдеу саласында: энергия үнемдеу саласында бiрыңғай мемлекеттік саясат жүргiзедi; министрлiктердiң, ведомстволардың және ұйымдардың тиiстi қызметтерiнiң энергия үнемдеу бағдарламаларының орындалуын қамтамасыз ету бөлiгiнде оларға бақылау жасайды және оларды үйлестiрудi жүзеге асырады; энергия үнемдеу сараптамасы туралы ереженi жасайды; отын-энергетика ресурстарын пайдалану тиiмдiлiгiне мемлекеттік бақылау ұйымдастырады; халықаралық ынтымақтастыққа қатысады; энергия үнемдеу бағдарламаларын әзiрлейдi; энергия үнемдеудiң және жаңғыртылатын энергетикалық ресурстарды пайдалануды ынталандырудың нормативтiк-әдiстемелiк, құқықтық және экономикалық тетiктерiн әзiрлейдi; энергия үнемдеу саласында ғылыми зерттеулер ұйымдастырады; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында, Қазақстан Республикасы Президентінің және Қазақстан Республикасы Үкіметінің актілерінде көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2011.05.07. № 452-IV ҚР Заңымен 8-бап өзгертілді (алғашқы ресми жарияланғанынан кейін үш ай өткен соң қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) 8-бап. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi және атқарушы органдарының энергия үнемдеу саласындағы құзыретi 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен тақырыбы және 1-тармағы өзгертілді (бұр. ред. қара) 1. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi өкiлдi органдары: тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бiрлiк шегiнде энергия үнемдеу бағдарламаларын бекiтедi; облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары басшыларының энергия үнемдеу бағдарламаларының орындалуы туралы есептерiн қарайды; Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қамтамасыз ету жөніндегі өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 2004.20.12 № 13-III (бұр. ред. қара); 2006.10.01. № 116-III (2006.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) (бұр. ред. қара) ҚР Заңдарымен 2-тармағы өзгертілді 2. Облыстардың (республикалық маңызы бар қаланың, астананың) жергiлiктi атқарушы органдары: энергия үнемдеу бағдарламасын әзірлеу мен iске асыруды қамтамасыз етедi; өздерiнiң аумағында орналасқан жеке және заңды тұлғалардың энергия үнемдеу саясатын орындау жөніндегі қызметiн қарайды; жергілікті мемлекеттік басқару мүддесінде Қазақстан Республикасының заңнамасымен жергілікті атқарушы органдарға жүктелетін өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады.
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 9-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 9-бап. Энергетика ресурстарының есебi Жеке және заңды тұлғалар тұтынатын және сақтайтын отын-энергетика ресурстарының мөлшерiне мiндеттi түрде нормативтiк құжаттарға және Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген стандарттар мен нормаларға сәйкес есеп жүргiзiлуге және бақылануға тиiс. 2010.19.03. № 258-ІV ҚР Заңымен 10-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 10-бап. Отын-энергетика ресурстарының өндірілуін және олардың пайдаланылу тиімділігі көрсеткіштерін есепке алу Уәкілетті орган ұйымдар үшін отын-энергетика ресурстарын өндіру номенклатурасы және олардың пайдаланылу тиімділігінің көрсеткіштері бойнша есепке алуды жүргізеді.
11-бап. Энергия үнемдеу саласындағы нормалау, стандарттау мен сертификаттау 1. Энергия тұтыну нормативтерiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейдi және олар озық технологиялар жетiстiктерiн ескере отырып, әрбiр бес жылда қайта қаралып отыруға тиiс. Отын-энергетика ресурстары шығынының нормативтерi мiндеттi түрде энергетикалық паспортқа, отын-энергетика ресурстарын тұтынатын жабдықтарды, үйлер мен ғимараттарды пайдалану және техникалық жағдайы жөніндегі технологиялық нұсқаулықтарға енгiзiледi. Отын-энергетика ресурстары шығынының нормативтерiн сақтау үшiн бақылауды уәкiлеттi орган жүзеге асырады. 2. Мемлекеттік стандарттар, техникалық нормалар мен ережелер энергия тұтыну саласында белгiленетiн талаптар республиканың бүкiл аумағында орындау үшiн мiндеттi. Кез-келген мақсаттағы энергия тұтыну өнiмi, сондай-ақ энергетика ресурстары энергия тиiмдiлiгiнiң тиiстi көрсеткiштерiне мiндеттi түрде сертификатталуға тиiс. Мiндеттi сертификаттау Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен жүзеге асырылады. 2011.06.01. № 378-IV ҚР Заңымен 3-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) 3. Энергетика ресурстарын шығару, өндiру, ұқсату, тасымалдау, сақтау және тұтыну кезiнде, сондай-ақ оларды сертификаттау кезiнде мiндеттi түрде мемлекеттік метрологиялық бақылау жүзеге асырылады. 12-бап. Энергия үнемдеу сараптамасы Энергия үнемдеу сараптамасы энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалануды бағалау, отын-энергетика ресурстарымен қамтамасыз етуде тұтынушылардың шығындарын азайту мақсаттарында жүргiзiледi. 2. Мыналарға: өндiрiстiк күштердi дамыту мен орналастыру схемаларының жобаларына, халық шаруашылығы салаларын дамыту жобаларына, энергия үнемдеу мен аумақтық схемаларына, энергия үнемдеуге байланысты техникалық құжаттамаға; техникалық-экономикалық негiздемелерге және шартты отынмен жылына 500 және одан да көп тонна отын-энергетика ресурстарын тұтынатын объектiлер мен кәсiпорындардың жаңадан салынатындары мен кеңейтiлетiндерiнiң (қайта құру, техникамен қайта жарақтандыру, жаңғырту) жобаларына; нұсқаулық-әдiстемелiк және нормативтiк-техникалық актiлердiң жобаларына, құрылыс нормалары мен ережелерiне, энергияны көп керек ететiн жаңа техникалар, технологиялар және материалдар жасауға және сатып алуға арналған құжаттамаға энергия үнемдеу жөніндегі сараптама жүргiзiлуге тиiс. Мiндеттi энергия үнемдеу сараптамасы жылына тұтынатын отын-энергетика ресурстары 500 тонна және шартты отыннан жоғары мөлшердегi жұмыс iстеп тұрған кәсiпорындар мен ұйымдарда жүргiзiледi. 3. Энергия үнемдеу сараптамасын өткізу жөніндегі ереженi Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 3-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУДIҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ МЕХАНИЗМI
2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен 13-бап өзгертілді (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді) 13-бап. Энергия үнемдеу саласындағы бағдарламаларды қаржыландыру Энергия үнемдеу саласындағы бағдарламаларды қаржыландырудың көздерi бюджет қаражаты, кәсiпорындардың, ұйымдардың дербес және заем қаражаты, заңдарға қайшы келмейтiн басқа да көздерi болып табылады. 14-бап. Энергия үнемдеуге ынталандыру Энергия үнемдеу жөніндегі шараларды жүзеге асыратын энергетика ресурстарын тұтынушылар мен өндiрушiлерге осы қызметтi Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес ынталандыру ережелерi қолданылады. 4-тарау. ЖАҢҒЫРТЫЛАТЫН ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРI
15-бап. Жаңғыртылатын энергия көздерi 1. Жаңғыртылатын энергетика ресурстарын пайдалану энергетиканы дамыту бағдарламаларын әзiрлеу және Қазақстанның экологиялық проблемаларын шешу жағдайында басым бағыт болып табылады. 2. Қазақстан Республикасында жаңғыртылатын энергетика ресурстарын энергобалансына тарту, олардың негiзiнде энергетикалық объектiлердi дамыту үшiн қажеттi құқықтық және ұйымдық-экономикалық жағдайлар жасалады. 3. Жаңғыртылатын энергетика ресурстарын энергобалансына тарту жөніндегі бағдарламалар әзiрлеу мен iске асыруды үйлестiру және олар үшiн жауапкершiлiк уәкiлеттi органға жүктеледi. 2009.04.07. № 166-IV ҚР Заңымен 4-тармақпен толықтырылды 4. Жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау Қазақстан Республикасының жаңартылатын энергия көздерін пайдалануды қолдау саласындағы заңнамасына сәйкес жүзеге асырылады.
5-тарау. ЭНЕРГИЯ ҮНЕМДЕУ САЛАСЫНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУ, АҚПАРАТПЕН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМИ ЗЕРТТЕУЛЕР
16-бап. Энергия үнемдеу саласында білім беру Энергия үнемдеу саласындағы білім бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, білім беру жүйесiнде және заңдарға қайшы келмейтiн өзге де тәртiппен жүзеге асырылады. 17-бап. Энергия үнемдеу саласында ақпаратпен қамтамасыз ету және ғылыми зерттеулер 1. Энергия үнемдеудi ақпаратпен қамтамасыз ету: энергия үнемдеу бағдарламаларын Қазақстан Республикасының ұйымдарына және халқына жеткізу; энергия үнемдеу бойынша оқу және әдiстемелiк әдебиеттердi басып шығару; энергетикалық тиiмдiлiгi жоғары жобалар мен объектiлердi әзiрлеу және көрсету; энергия үнемдейтiн жабдықтарды, материалдарды, технологияларды және энергия үнемдеу құралдарын насихаттау мен жарнамалау, көрмелер ұйымдастыру; жаңғыртылатын таза энергетика ресурстарын тиiмдi пайдалану жабдықтары мен әдiстерiн насихаттау; қайталама энергетика ресурстарын және тұрмыстық қалдықтарды пайдалануды насихаттау; директивалық нормативтiк-әдiстемелiк және анықтамалық-ақпараттық құжаттар мен материалдарды халыққа, кәсiпорындарға, мекемелерге, ұйымдарға жеткізу жолымен жүзеге асырылады. 2. Қазақстан Республикасында энергия үнемдеу саласындағы ғылыми зерттеулер мен тәжiрибе-конструкторлық жұмыстарды Қазақстан Республикасының мамандарын мiндеттi түрде тарта отырып, кез-келген елдiң мамандары конкурстық негiзде жүргiзедi. 18-бап. 2004.20.12 № 13-III ҚР Заңымен алып тасталды (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді)
19-бап. Энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық 1. Энергия үнемдеу саласындағы халықаралық ынтымақтастық энергия үнемдеу саласындағы бiрлескен жобаларды iске асыру, энергиялық тиiмдi технологияларды өзара алмасу, энергиялық тиiмдiлiк көрсеткiштерiн халықаралық стандарттардың талаптарымен үйлестiру, сондай-ақ сертификаттау нәтижелерiн өзара тану мақсатында жүзеге асырылады. 2. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының энергия үнемдеу туралы заңдарында барынан өзгеше ережелер белгiленсе, халықаралық шарттың ережелерi қолданылады. 20-бап. Энергия үнемдеу туралы заңдарды бұзғаны үшiн жауапкершiлiк Энергия үнемдеу туралы заңдарды бұзуға кiнәлi адамдар Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жауапты болады. Қазақстан Республикасының Президентi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |