|
|
|
Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік
ҚР Үкіметінің 2006 ж. 29 сәуірдегі № 343 Қаулысымен күші жойылды
"Қазақстан Республикасының Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік реестрi және оларды мемлекеттік тiркеудi ретке келтiру жөніндегі шаралар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 4 наурыздағы № 3379 Жарлығын жүзеге асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: Қоса берiлiп отырған Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмi туралы ереже бекітілсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi Үкіметінiң 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1680 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмi туралы ЕРЕЖЕ 1. Қазақстан Республикасы Нормативтiк құқықтық актілерінiң мемлекеттік тiзiлiмi (бұдан әрi - Мемлекеттік тiзiлiм) деректерiнiң базасы Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері туралы ақпараттық-анықтамалық сипаттағы барлық қажеттi мәлiметтердi қамтитын амортизацияланған ақпараттық жүйенi бiлдiредi. Мемлекеттік тiзiлiмдi жүргiзу Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдарына жүктеледi. Мемлекеттік тiзiлiмдi ұстаушы Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi орталықтандырылған жинақтауды, есепке алуды және оның деректер базасын қалыптастыруды жүзеге асыратын Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Республикалық құқықтық хабарлама орталығы болып табылады. Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң бiрыңғай эталондық банкiн қалыптастыру; Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң бiрыңғай мемлекеттік есебiн жүргiзу мақсатында құрылады. ҚР Үкіметінің 19.08.98 ж. № 793; 02.10.02 ж. № 1082 қаулыларымен 3-тармақ өзгертiлдi 3. Мына нормативтiк құқықтық актiлер Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiс: Қазақстан Республикасының Конституциясы; конституциялық заңдар; кодекстер; заңдар; Қазақстан Республикасы Президентінің конституциялық заң күшi бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар жарлықтары; Қазақстан Республикасы Президентінің өзге де нормативтiк құқықтық актілері; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң және оның палаталарының нормативтiк қаулылары; Қазақстан Республикасы Үкіметінiң нормативтiк қаулылары; Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң, Жоғарғы Сотының және Орталық сайлау комиссиясының нормативтiк қаулылары; Қазақстан Республикасының Әділет министрлігі тіркеген Ұлттық Банктің, Ұлттық қауіпсіздік комитетінің, орталық атқарушы және өзге де орталық мемлекеттік органдардың нормативтік құқықтық актілері; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары тіркеген облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және Республика астанасының жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері; Қазақстан Республикасы Әділет министрлігінің аумақтық органдары тіркеген, олар арқылы нормативтік құқықтық актілердің туынды түрлері бекітілетін аудандардың және облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті өкілді және атқарушы органдарының нормативтік құқықтық актілері. "Қызмет бабында пайдалану үшiн", "баспасөзге арналмаған", "жариялауға жатпайды" деген белгiсi бар нормативтiк құқықтық актiлер Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiс. "Аса маңызды", "өте құпия", "құпия" деген белгiсi бар нормативтiк құқықтық актiлер Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзуге жатпайды. ҚР Үкіметінің 19.08.98 ж. № 793 қаулысымен 4-тармақ өзгертiлдi 4. Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламентiнiң, Қазақстан Республикасы Үкіметінiң, Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесiнiң және Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге тиiстi нормативтiк құқықтық актілері аталған органдармен келісілген тәртiп бойынша қағаз және электронды тасымалдаушылар арқылы қазақ және орыс тiлдерiнде екi данада олар қабылданғаннан кейiнгi бес күннiң iшiнде Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Республикалық құқықтық хабарлама орталығына ұсынылады. Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдарында мемлекеттік тiркеуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігі мен оның аумақтық органдары Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуi үшiн олар тiркелгеннен кейiн бес күннiң iшiнде қазақ және орыс тiлдеріндегі қағаз және электрондық сақтаушыларда екi данада Республикалық құқықтық хабарлама орталығына жiбередi. 5. Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлуге жататын нормативтiк құқықтық актiлердi оған Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлігінiң Республикалық құқықтық хабарлама орталығы олар келiп түскен сәттен бастап он күннiң iшiнде енгiзедi және оларға мемлекеттік тiркеу нөмiрi берiледi. 6. Нормативтiк құқықтық акт Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлгеннен кейiн нормативтiк құқықтық актiнiң бiр данасы оған берiлген мемлекеттік тiркеу нөмiрiмен тиiстi органға қайтарылады. 7. Мемлекеттік тiзiлiмге енгiзiлген нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасы нормативтiк құқықтық актілерінiң эталондық банкiне кiргiзiлуге тиiс.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |