|
|
|
«Жедел басып шығару баспаханасы» республикалық
«Мемлекеттік кәсiпорын туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Алматы қаласы, Қонаев көшесi 15/1 мекен-жайында орналасқан баспахананың негiзiнде жедел басқару құқығында «Жедел басып шығару баспаханасы» республикалық мемлекеттік қазынашылық кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. 2. Қазақстан Республикасының Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігі Кәсiпорынға қатысты мемлекеттік меншiк құқығы субъектiсiнiң функцияларын жүзеге асыратын уәкiлеттi орган болып белгiленсiн. 3. Кәсiпорынның негiзгi мiндеттерi: шағын көлемдi оқулықтар, оқу-әдiстемелiк құралдар, нормативтiк-құқықтық актiлер, ғылыми әдебиет пен басқа да баспа өнiмдерiн шығару болып белгiленсiн. 4. Уәкiлеттi орган бiр ай мерзiм iшiнде Кәсiпорынның Жарғысын бекiтсiн және Кәсiпорынды әдiлет органдарында тiркесiн, Кәсiпорын басшысын тағайындасын және белгiленген тәртiппен онымен келісім-шарт жасассын, басқа да ұйымдастыру мәселелерiн шешсiн. 5. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Кәсiпорынды белгiленген тәртiппен тiркегеннен кейiн Қазақстан Республикасы Үкіметінiң қарауына Кәсiпорынды Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне енгізу туралы қаулының жобасын енгiзсiн. 6. «Қазақстан Республикасы Президентінің Iс Басқармасының мәселелерi туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1996 жылғы 29 қарашадағы № 1455 қаулысына мынадай өзгерiс енгiзiлсiн: аталған қаулының 1-қосымшасында.«Баспахана, Алматы, Қонаев көшесi, 15/1» деген жол алынып тасталсын. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |