Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөніндегі ҚР Үкіметінің 2005 жылғы 9 ақпандағы № 124 Қаулысымен қолданылуы жойылды Бұрынғы редакцияларды қара Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөніндегі осы бұйрыққа қоса тiркелiп отырған нұсқаулық бекітілсiн және ол 1995 жылғы 1 қарашадан бастап күшiне енгiзiлсiн. Министрдiң бiрiншi орынбасары Қаржы жоспарын жасау және қолма-қол ақша тасқынын болжамдау жөніндегі Нұсқаулық ҚР Қаржы министрiнiң 19.02.02 ж. № 71 бұйрығымен Нұсқаулықтың мәтіні өзгертілді (бұр. ред. қара) I. Жалпы ережелер ҚР Қаржы министрiнiң 05.06.95 ж. № 130 бұйрығымен 1-тармақ өзгертiлдi 1. Осы Нұсқаулық Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң шоттарындағы ақша қаражатын басқаруды ұйымдастыру Тәртібін айқындайды және қаржы жоспарын, қолма-қол ақша тасқынын болжамдау балансын жасаудың, Қазынашылық рұқсаттарын, министрлiктердiң (ведомстволардың) рұқсаттарын, министрлiк берген (ведомствоаралық) рұқсаттардың және төменгi бюджеттік қаржыларды бөлушiлер рұқсаттарын берудiң рәсiмiн белгiлейдi, сондай-ақ бюджетке түсетiн ақша қаражатын тиiмдi басқаруға, оны реттеп отыруға және мақсатты түрде ұтымды жұмсауға қызмет етедi. 2. Бюджет қаражаттары - белгiлi бiр мақсатты бағдарламаларды жүзеге асыру үшiн мемлекеттік, республикалық, жергiлiктi бюджеттерден бөлiнетiн ақша қаражаты. 3. Шетелдiк гранттар - қолма-қол ақшаларды көбейту немесе арнайы бағдарламаларды iске асыру мақсатында шетелдiк агенттiктерден немесе шет елдерден ақшалай немесе тауар түрiнде алынатын қаражат. ҚР Қаржы министрiнiң 05.06.95 ж. № 130 бұйрығымен 4-тармақ өзгертiлдi Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|