|
|
|
"ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттік кәсiпорнын "Мемлекеттік кәсiпорындар туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 19 маусымдағы № 2335 Заң күшi бар Жарлығына сәйкес алкоголь өнiмдерiн өндiру мен оның айналымына мемлекеттік бақылау жасауды күшейту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Шаруашылық жүргiзу құқығындағы "ҚазАлкоОрталық" республикалық мемлекеттік кәсiпорны (бұдан әрi - Кәсiпорын) құрылсын. ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. № 31; 22.01.03 ж. № 72; 30.09.03 ж. № 1004 қаулыларымен 2-тармақ өзгертілдi 2. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Салық комитетi Кәсiпорынды мемлекеттік басқару органы болып белгiленсiн. ҚР Үкіметінің 19.01.99 ж. № 31 қаулысымен 3-тармақ өзгертілдi 3. Қазақстан Республикасы Мемлекеттік кiрiс министрлігінiң Алкоголь өнiмiн өндiрудi және оның айналымын мемлекеттік бақылау жөніндегі комитетi бiр айлық мерзiм iшiнде Кәсiпорынның жарғысын бекiтсiн, оны белгiленген тәртiппен тiркесiн және осы қаулыға сәйкес Республикалық мемлекеттік кәсiпорындардың тiзбесiне толықтыру енгізу туралы Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныс енгiзсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |