|
|
|
"Банкроттық туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер "Банкроттық туралы" 1997 жылғы 21 қаңтардағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 1-2, 7-құжат; № 13-14, 205-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1) кiрiспесiнде: "оңалтуға бағытталған арнаулы рәсiмдер" деген сөздер "оңалтудың арнаулы рәсiмдерiн" деген сөздермен ауыстырылсын; "тартудың" деген сөзден кейiн "сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiнiң" деген сөздермен толықтырылсын; 2) 1-бапта: екiншi азатжолда: "талаптарды" деген сөзден кейiн "және өмiр мен денсаулыққа келтiрiлген зиянды өтеудi" деген сөздермен толықтырылсын; "өзiне тиесiлi мүлiк есебiнен" деген сөздер алып тасталсын; үшiншi азатжол "банкроттық рәсiмiнiң" деген сөздерден кейiн "немесе соттан тыс тарату рәсiмiнiң" деген сөздермен толықтырылсын; бесiншi азатжолда: қазақша мәтiнi дұрыс, өзгертудiң қажетi жоқ; "өзiнiң банкроттығы туралы ресми түрде жариялау жолымен несие берушiлермен келiсе отырып" деген сөздер "несие берушiлердiң бақылауымен" деген сөздермен ауыстырылсын; жетiншi азатжолдағы "немесе несие берушiлермен келісім бойынша соттан тыс тәртiппен ресми жарияланған" деген сөздер алып тасталсын; сегiзiншi азатжолдағы "немесе несие берушiлермен келісім бойынша соттан тыс тәртiппен борышкер деп ресми түрде жарияланған" деген сөздер алып тасталсын; тоғызыншы азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "соттан тыс тарату рәсiмi - борышкердiң несие берушiлердiң бақылауымен оны ерiктi түрде тарату туралы несие берушiлермен келісімге қол жеткізу жолымен дәрменсiз борышкердiң борыштарын соттан тыс тәртiппен реттеу рәсiмi;"; он төртiншi азатжолдағы "және конкурстық жиынтықтан қанағаттандыруды артықшылығы бар және кепiлдiктi несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандырғаннан кейiн алатын" деген сөздер алып тасталсын; он жетiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "конкурс жүргiзу - несие берушiлердiң талаптарын қанағаттандыру және банкротты (дәрменсiз борышкердi) борыштардан бос деп жариялау мақсатымен жүзеге асырылатын рәсiм"; жиырма екiншi азатжолдағы "не соттан тыс рәсiм" деген сөздер "рәсiмi" деген сөзбен ауыстырылсын. жиырма бесiншi азатжолдағы "сот тәртібімен не соттан тыс тәртiппен жүзеге асырылатын" деген сөздер алып тасталып, "борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлеттiк берген орган), несие берушiлер немесе өзге адамдар" деген сөздер "борышкер мүлкi иесiнiң (ол уәкiлеттiк берген органның) несие берушiлердiң немесе өзге адамдардың" деген сөздермен, "көмек көрсететiн" деген сөздер "көмек көрсетуi" деген сөздермен, "iске асыратын кездегi" деген сөздер "iске асыруы барысындағы" деген сөздермен ауыстырылсын. жиырма алтыншы және жиырма жетiншi азатжолдар мынадай редакцияда жазылсын: "әдейi банкроттық - борышкер мүлкi иесiнiң немесе борышкер - заңды тұлға органдарының жеке мүдделерiн немесе өзге тұлғалардың мүдделерiн көздеп борышкердi төлем қабiлетсiздiгiне қасақана душар етуi; жалған банкроттық - несие берушiлердiң талаптарын толық көлемiнде қанағаттандыратын мүмкiндiгi бола тұрып, несие берушiлерге тиесiлi төлемдердi кейiнге қалдыру немесе бөлiп-бөлiп төлеу немесе борыштарға шегерiм алу үшiн несие берушiлердi жаңылыстыру мақсатында борышкер органының немесе оның мүлкi иесiнiң сотқа немесе уәкiлеттi органға өзiн банкрот деп тану туралы көрiнеу жалған өтiнiш жасауы"; оныншы, он бiрiншi, он сегiзiншi және жиырмасыншы азатжолдар алып тасталсын; мынадай мазмұндағы азатжолдармен толықтырылсын: "уәкiлеттi орган - банкроттық рәсiмдерiнде және соттан тыс тарату рәсiмiнде бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер бойынша несие берушiлердiң мүдделерiн бiлдiруге, сондай-ақ соттан тыс тарату рәсiмiне бастамашылық жасауға Үкiмет, жергiлiктi атқарушы органдар белгiлеген уәкiлеттi орган; дауыс беретiн несие берушiлер - уәкiлеттi орган арқылы банкроттық рәсiмдерiне және соттан тыс тарату рәсiмiне қатысатын, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер бойынша несие берушiлер және конкурстық несие берушiлер; дауыс бермейтiн несие берушiлер - несие берушiлердiң барлық басқа санаттары; әкiмшiлiк шығыстар - сырттан таратылатын және мамандандырылған ұйымдардың көрсететiн қызметiне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды, оңалтуды және конкурстық басқарушылардың сыйақы сомасын қоса алғанда, банкроттық рәсiмдерiне, оңалту рәсiмiне және соттан тыс тарату рәсiмiне бастамашылық жасау мен оларды өткізуге байланысты барлық шығыстар"; 3) мынадай мазмұндағы 1-1-баппен толықтырылсын: "1-1-бап. Банкроттық туралы заңдар Банкроттық туралы заңдар Қазақстан Республикасының Конституциясына негiзделедi және осы Заң мен Қазақстан Республикасының өзге де нормативтiк құқықтық актілерінен тұрады."; 4) 2-бапта: 1-тармақтың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Ұйымдық құқықтық нысанына қарамастан, ауыл шаруашылық ұйымдарына қатысты банкроттық рәсiмдерiнiң ерекшелiктерi заң актілерімен белгiленуi мүмкiн. Осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерiн үздiксiз өндiрiс циклы бар ұйымдарға қатысты қолдану ерекшелiктерi заңдармен белгiленуi мүмкiн."; 2-тармақта "арнаулы заңдармен" деген сөздер "заң актілерімен" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Республиканың экономикасы үшiн маңызды стратегиялық мәнi бар, азаматтардың өмiрiне, денсаулығына, ұлттық қауiпсiздiкке немесе қоршаған ортаға ықпал ете алатын ұйымдар банкрот болған, сондай-ақ мемлекеттiң бастамашылығымен банкрот деп танылған жағдайда Қазақстан Республикасының Үкіметі конкурстық жиынтықты сатудың ерекше шарттары мен тәртібін және конкурстық жиынтық объектiлерiн сатып алушыларға қосымша талаптар белгiлеуге құқылы."; 5) 3-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Банкроттықты борышкердiң сотқа берген өтiнiшi негiзiнде сот белгiлейдi."; 4-тармақтағы "ең төменгi жүз елу жалақыдан" деген сөздер "жүз елу айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылсын; 5-тармақта: "таратылуы мүмкiн" деген сөздер "таратылуға тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын; "осы Заңның 7 және 8-тарауларында" деген сөздер "осы Заңда" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақта: "немесе соттан тыс тәртiппен" деген сөздер "не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткізумен" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын: "Дәрменсiздiк фактiсiн анықтау кезiнде борышкердiң орындау мерзiмi жеткен, сондай-ақ орындауға қабылданған және (немесе) орындалып жатқан мiндеттемелерi ескерiлуге тиiс."; 6) 4-бапта: баптың атауы "қолдану" деген сөзден кейiн "және соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу" деген сөздермен толықтырылсын; 1-тармақтың бiрiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "1. Несие берушiнiң борышкердi банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткізу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына борышкердiң төлем қабiлетсiздiгi негiз болып табылады."; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Борышкердiң өзiн банкрот деп тану туралы сотқа не соттан тыс тарату рәсiмдерiн өткізу туралы уәкiлеттi органға арыз берiп өтiнiш жасауына оның дәрменсiздiгi негiз болып табылады."; 3-тармақ алып тасталсын; 7) 5-бапта: атауындағы "Қасақана" деген сөз "Әдейi" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақтың бiрiншi бөлiгіндегі "қасақана" деген сөз "әдейi" деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "не борышкер", "берсе", "соттан тыс тәртiп бойынша несие берушiлердiң келiсуiмен өз банкроттығы туралы ресми түрде жарияласа" деген сөздер алып тасталып, "болған кезде" деген сөздерден кейiн "берсе" деген сөзбен толықтырылсын. 8) 6-бапта: баптың атауындағы "борышкердi банкрот деп танылғанға дейiн оның жасаған" деген сөздер алып тасталып, "борышкердiң" деген сөзбен ауыстырылсын; 1-тармақта: бiрiншi азатжол мынадай редакцияда жазылсын: "1. Борышкердiң өзiн банкрот деп танылғанға дейiн не соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылданғанға дейiн жасаған мәмiлелерi мынадай жағдайларда:"; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) азаматтық заңдарда көзделген негiздер болғанда;"; 2) тармақшада: "әкiмшiнiң," деген сөз алып тасталсын; "банкроттық туралы iс қозғалғаннан" деген сөздерден кейiн "не соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу туралы шешiм қабылдағаннан" деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшадағы "көзделген өзге де негiздер бойынша жарамсыз деп танылуы мүмкiн." деген сөздер "көзделген өзге негiздер болған кезде жарамсыз деп танылуға тиiс" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақта: "әкiмшi," деген сөз алып тасталсын; "соның iшiнде жалға" деген сөздерден кейiн үтiр қойылып, "немесе бұдан бұрын жасалған мәмiлелердiң орындалуын қамтамасыз етуге" деген сөздермен толықтырылсын; "несие берушiлермен бiрге тарату, не соттан тыс тәртiппен оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм қабылдағанға" деген сөздер "соттан тыс тарату рәсiмiнiң бастамасына" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақта "банкроттық туралы iстi қозғағанға немесе тарату не оңалту рәсiмiн қолдану туралы шешiм қабылдағанға дейiн төрт айға дейiнгi" деген сөздер "банкроттық туралы iстi қозғағанға немесе соттан тыс тарату рәсiмiнiң бастамасына дейiнгi бiр жылға дейiнгi" деген сөздермен ауыстырылсын; 4-тармақта: "қызметшi (қызметкер), шаруашылық серiктестiгiне қатысушы, дәрменсiз борышкердiң басшысына" деген сөздер " , не соттан тыс тарату рәсiмiн бастап, шаруашылық серiктестiктерiнiң қызметшiлерiне (қызметкерлерiне), қатысушыларына, дәрменсiз борышкердiң басшысына" деген сөздермен ауыстырылсын; мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын: "Осы тармақта белгiленген мүлiктi талап ету туралы ережелер мүлiктi жұбайына, тiкелей өзiнен тарайтын және шыққан тегi бойынша туыстарына беру жағдайларына да қолданылады."; мынадай мазмұндағы 5 және 6-тармақтармен толықтырылсын: "5. Өз өкiлеттiктерiн жүзеге асырған кезде оңалтуды немесе конкурсты басқарушы осы бапта көзделгендерден басқа, заң актілерінде көзделген негiздер бойынша борышкердiң мүлкiн үшiншi тұлғалардан талап ету туралы, борышкер жасасқан шарттарды бұзу туралы талап қоюға және азаматтық заңдарда көзделген, борышкердiң мүлкiн қайтаруға бағытталған өзге де әрекеттер жасауға құқылы". 6. Мүлiктiң жоғалуына, бүлiнуiне не оны кейiннен үшiншi тұлғалардың адал жолмен сатып алуына байланысты осы бапта көзделген жағдайларда мүлiктi талап ету мүмкiн болмаған кезде талап етiлетiн мүлiктiң бастапқы сатып алушылары борышкердiң алдында осыған байланысты туындаған зиянды жоғалған, бүлiнген не үшiншi тұлғалар адал жолмен сатып алған мүлiктiң құны шегiнде өтеу жөнiнде жауапты болады."; 9) 7-баптың 1-тармағындағы "Әкiмшi, сондай-ақ" деген сөздер алып тасталсын; 10) 9-бапта: баптың атауындағы "Әкiмшi," деген сөз алып тасталсын; 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Оңалту рәсiмiн, конкурстық iстi (таратуды) жүргiзу не соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу кезеңiнде банкроттық рәсiмдерiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыру мақсаттарына қол жеткізу үшiн дәрменсiз борышкердiң барлық органдары оны басқарудан шеттетiледi және борышкердiң мүлкi мен iстерiн басқару мiндеттерi оңалтуды не конкурсты басқарушыға (таратушыға) берiледi. Оңалтуды және конкурсты басқарушы (таратушы) борышкердi басқарудың бiрден-бiр уәкiлеттi органы ретiнде әрекет етедi."; 2-тармақтағы "Әкiмшiнi," және " , ал егер ол құрылмаса - несие берушiлердiң жиналысы уәкiлдiк берген адам" деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Оңалтуды, конкурсты басқарушы болып осындай қызметтi жүзеге асыруға уәкiлеттi орган беретiн лицензиясы бар жеке немесе заңды тұлға тағайындалады."; 4-тармақта: "әкiмшi," деген сөз алып тасталсын; мынадай мазмұндағы 5) тармақшамен толықтырылсын: "5) жұбайы, тiкелей өзiнен тараған және шыққан тегi бойынша туыстары, сондай-ақ осы тармақтың 1) тармақшасында аталған адамдардың туған аға-iнiлерi мен апа-сiңлiлерi."; 5-тармақта "Әкiмшi," деген сөз алып тасталсын; 11) 10-бапта: 1-тармақ "банкроттық рәсiмдерiне" деген сөздерден кейiн "және борышкердi соттан тыс тарату рәсiмiне" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: "(осы Заңның 32-бабының 1-тармағы)" деген сөздер алып тасталсын; мынадай мазмұндағы бөлiкпен толықтырылсын: "Мыналар: 1) борышкерден ақша сомаларын өндiрiп алу туралы соттың шешiмi немесе күшiне енгiзiлген атқарушы құжаттар барларға қатысты; 2) борышкер мойындаған не ол өзiне қойылған талаптар бойынша белгiленген мерзiмде қарсылығын мәлiмдемеген талаптар даусыз болып табылады."; 3-тармақта: "Банкроттық рәсiмдерiн" деген сөздерден кейiн "немесе соттан тыс тарату рәсiмiн" деген сөздермен толықтырылсын; "әкiмшi," деген сөз алып тасталсын; 4-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "4. Несие берушiлердiң талаптарын тiзiлiмге енгізу не олардың талаптарының көлемi туралы несие берушiлер мен оңалтуды немесе конкурсты басқарушылар арасында туындайтын келiспеушiлiктердi тиiстi несие берушiнiң арызы бойынша банкроттықтың сот рәсiмi кезiнде - сот не соттан тыс тарату өткізу кезiнде несие берушiлер комитетi қарайды. Мұндай жағдайда соттың ұйғарымы не несие берушiлер комитетiнiң шешiмi талапты тiзiлiмге енгізу үшiн негiз болып табылады. Несие берушiлер комитетiнiң шешiмiне сот тәртібімен шағым жасалуы мүмкiн."; 12) 2-тараудың атауындағы "жиналысы мен" деген сөздер алып тасталып, "берушiлердiң" деген сөз "берушiлер" деген сөзбен ауыстырылсын; 13) 11, 12, 13 және 14-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "11-бап. Несие берушiлер комитетiн құру 1. Банкроттық рәсiмдерiнде, оңалту рәсiмiнде және соттан тыс тарату рәсiмiнде несие берушiлердiң мүдделерiн қамтамасыз ету және олардың қатысуымен шешiмдер қабылдау мақсатында несие берушiлер комитетi құрылады. Несие берушiлер комитетiнiң құрылуы: 1) банкроттық рәсiмi кезiнде осы заңның 70-бабымен; 2) оңалту рәсiмi кезiнде осы заңның 43-бабымен; 3) соттан тыс тарату рәсiмi кезiнде осы Заңның 97-бабымен реттеледi. 2. Несие берушiлер комитетiнiң құрамына борышкерге ең көп сомада талап қойған конкурстық несие берушiлер, сондай-ақ уәкiлеттi органның өкiлi кiредi. 3. Несие берушiлер комитетi мүшелерi жетi адамнан аспайтын тақ санынан тұрады. 4. Несие берушi несие берушiлер комитетiнiң мүшесi ретiнде банкроттық рәсiмдерiне, оңалту рәсiмiне не соттан тыс тарату рәсiмiне қатысудан бас тартуға құқылы. 5. Құрылған және бекітілген несие берушiлер комитетiнiң құрамына осы баптың 2 және 3-тармақтарының талаптары ескерiле отырып, конкурстық несие берушiлер арасынан жаңа мүшелер енгiзiлуi мүмкiн. 12-бап. Несие берушiлер комитетiнiң отырыстары 1. Несие берушiлер комитетiнiң бiрiншi отырысы несие берушiлер комитетiнiң құрамы бекітілген күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде өткiзiлуге тиiс. 2. Несие берушiлер комитетi бiрiншi отырысында: 1) дауысқа қою рәсiмiнде дауыстар тең болған жағдайда шешушi дауыс құқығы берiлетiн комитет төрағасын сайлауға; 2) соттан тыс тарату рәсiмiн өткізу кезiнде оңалтуды басқарушының кандидатурасын бекітуге, конкурстық басқарушының кандидатурасын тағайындауға; 3) негiзгi және қосымша сыйақының мөлшерiн және оны оңалту немесе конкурстық басқарушыға төлеудiң тәртібін белгiлеуге мiндеттi. 3. Несие берушiлер комитетiнiң бұдан кейiнгi отырыстары комитет белгiлейтiн тәртiппен және мерзiмде шақырылады. 13-бап. Несие берушiлер комитетiнiң өкiлеттiгi Несие берушiлер комитетi: оңалту рәсiмiн жүргiзу, ұзарту немесе тоқтату туралы сот алдында өтiнiш жасауға; сотқа оңалтуды басқарушының кандидатурасын ұсынуға, соттан тыс тарату рәсiмiн жүргiзу кезiнде конкурстық басқарушының кандидатурасын тағайындауға; оңалтуды немесе конкурстық басқарушының iс-әрекеттерiн бақылауды жүзеге асыру үшiн несие берушiлер комитетi мүшелерiнiң арасынан несие берушiлердiң өкiлiн сайлауға; осы Заңда белгiленген талаптарға сәйкес оңалтуды немесе конкурстық басқарушыға төленетiн негiзгi және қосымша төлемнiң мөлшерiн белгiлеуге; оңалтуды немесе конкурстық басқарушыдан борышкердiң қаржы жағдайы және банкроттық рәсiмiн, оңалту рәсiмiн және соттан тыс тарату рәсiмiн жүзеге асыру барысы туралы ақпарат берудi талап етуге; оңалтуды немесе конкурстық басқарушының iс-әрекетiне сотқа шағымдануға, сондай-ақ оларды атқаратын мiндеттерiнен шеттету туралы өтiнiшпен сотқа жүгiну жөнiнде шешiм қабылдауға; борышкердiң өндiрiп алынуы мүмкiн емес дебиторлық берешектерiнiң көлемiн бекітуге; конкурстық басқарушы ұсынған конкурстық жиынтықты iске асыру жоспарын бекітуге; осы Заңда көзделген өзге де құқықтарды иеленуге құқылы. 14-бап. Несие берушiлер комитетiнiң шешiм қабылдауы 1. Комитеттiң барлық мүшелерi немесе олардың сенiм бiлдiрген адамдары қатысқан жағдайда несие берушiлер комитетiнiң отырысы заңды болады. 2. Несие берушiлер комитетiнiң отырысы хаттамамен ресiмделедi. 3. Несие берушiлер комитетiнiң шешiмi "бiр комитет мүшесi - бiр дауыс" деген принцип бойынша жалпы дауыс санының жай көпшiлiк даусымен қабылданады. 4. Борышкердiң басқа барлық несие берушiлерiнiң несие берушiлер комитетiнiң отырысына кеңесшi дауыс құқығымен қатысуға құқығы бар."; 14) 15-бапта: 1-тармақта: "осыған", "мемлекеттік" деген сөздер алып тасталсын; "белгiлер" деген сөз "негiздер" деген сөзбен ауыстырылсын; 2-тармақтағы "өзге уәкiлеттi мемлекеттік органдар" деген сөздер "өзге уәкiлеттi орган" деген сөздермен ауыстырылсын; 15) 16-бапта: 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "6) уәкiлеттi орган;"; 7) тармақшаның қазақша мәтiнi дұрыс, өзгертудiң қажетi жоқ. 16) 17-бапта: 2-тармақта: "жүгiне алады" деген сөздер "жүгiнуге мiндеттi" деген сөздермен ауыстырылсын; "сотқа" деген сөздерден кейiн "немесе уәкiлеттi органға" деген сөздермен толықтырылсын; "және борышкердi соттан тыс тәртiппен банкрот деп ресми түрде жариялау туралы несие берушiлермен келісімге қол жетпеген" деген сөздер алып тасталсын; 17) 18-бапта: 2-тармақтың 8) тармақшасында "кепiлге берiлген" деген сөздердiң алдына "жалдаудағы және лизингтегi" деген сөздер жазылсын; 3-тармақ алып тасталсын; 18) 19-баптың 1-тармағының 2) тармақшасы алып тасталсын; 19) 20-бап мынадай мазмұндағы 4-тармақпен толықтырылсын: "4. Сот тәртібімен дебиторлық берешектi өндiрiп алу кезiнде алынатын мемлекеттік бажды төлеуге қажеттi ақша қаражаты болмаған жағдайда конкурстық немесе оңалтуды басқарушының өтiнiшi бойынша сот дебиторлық берешектi өтеу шотына ақша қаражаты келiп түскенге дейiн мемлекеттік бажды төлеудi кейiнге қалдыруға мұрсат бередi."; 20) 22-бапта: 3-тармақтың 10) тармақшасындағы "және, егер банкроттық туралы iстi қарауға қажет болса, сондай-ақ несие берушiде бар өзге де мәлiметтер" деген сөздер алып тасталып, "айғағы" деген сөзден кейiн нүктелi үтiр қойылсын; мынадай мазмұндағы 11) тармақшамен толықтырылсын: "11) егер банкроттық туралы iстi қарау үшiн қажет болса, өзге де мәлiметтер."; 21) 25-бапта: баптың атауындағы "өзге де" және "мемлекеттік" деген сөздер алып тасталсын; 1-тармақтағы "өзге" деген сөз алып тасталсын; 22) 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: "27-бап. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғау 1. Борышкердi банкрот деп тану туралы заңдарда белгiленген талаптарға сәйкес келетiн өтiнiштi ала отырып, сот өтiнiш түскеннен кейiн бес күннен кешiктiрмей iс қозғау туралы ұйғарым шығарады. 2. Сот банкроттық туралы iс қозғау жөніндегі ұйғарымның көшiрмесiн борышкерге және арыз берушiге жiбередi."; 23) 28-бап мынадай редакцияда жазылсын: "28-бап Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғаудың салдары 1. Банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалған кезден бастап: 1) борышкер мүлкiнiң иесi (ол уәкiлдiк берген орган), құрылтайшылары (қатысушылары), заңды тұлғаның барлық органдары борышкердiң мүлкiн билеу құқығынан айырылады; 2) моральдық зиянды өтеу туралы талаптарды қоспағанда, өмiрiне немесе денсаулығына зиян келтiргенi үшiн борышкер жауап беретiн азаматтарға төлемдердi қоспағанда, соттардың, аралық соттардың бұрын қабылдаған шешiмдерiн орындау тоқтатыла тұрады; 3) несие берушiлердiң борышкерге қоятын кез келген талаптары осы Заңда көзделген банкроттық рәсiмдерi шегiнде ғана қойылуы мүмкiн; 4) несие берушiлердiң, салық және өзге де уәкiлеттi органдардың талаптары, соның iшiнде даусыз (акцептсiз) тәртiппен қанағаттандырылуға тиiстi талаптары бойынша борышкердiң банк шотынан ақша өндiрiп алуға, сондай-ақ борышкердiң мүлкiнен өндiрiп алуға жол берiлмейдi; 5) борышкердiң лауазымды адамдарына өздерiне тиесiлi акцияларды, борышкердiң мүлкіндегі үлесiн иелiктен айыруға тыйым салынады. 2. Сот бес күн iшiнде банкроттық туралы iс бойынша iс қозғалғандығы жөнiнде хабарландыруды орталық әдiлет органының ресми шығарылатын баспасөз басылымдарында жариялауға мiндеттi. Хабарландыруды жариялау банкроттықты тану туралы өтiнiш берген тұлғаның қаражаты есебiнен жүзеге асырылады, ол осы Заңның 40-бабында белгiленген тәртiппен өтелуге тиiс."; 24) 29-бап мынадай редакцияда жазылсын: "29-бап. Несие берушiнiң, уәкiлеттi органның немесе прокурордың мәлiмдемесiне борышкердiң жауабы 1. Борышкер соттың банкроттық туралы iс қозғау жөніндегі ұйғарымының көшiрмесiн алған күннен бастап он күн мерзiм iшiнде сотқа несие берушiнiң, уәкiлеттi органның немесе прокурордың мәлiмдемесiне жауап қайтаруға мiндеттi. 2. Жауапта: 1) жауап жiберiлiп отырған соттың атауы; 2) мәлiмдеушiнiң атауы, мәлiмдеменiң нөмiрi мен күнi; 3) борышкердiң мәлiмдеушi талабына қарсылықтары; 4) өзге несие берушiлер алдындағы мiндеттемелер, борышкер қызметкерлерiнiң еңбегiне ақы төлеу, бюджетке және бюджеттен тыс қорларға мiндеттi төлемдер жөніндегі берешектiң жалпы сомасы; 5) борышкердiң қолында бар мүлiк, оның iшiнде кепiлге берiлген, жалдаудағы немесе лизингтегi мүлiк туралы, банктер шоттарындағы ақша туралы мәлiметтер, шоттардың нөмiрлерi және банктердiң пошталық мекен-жайы; 6) борышкер мойындаған жағдайда мәлiмдеушi талаптарының қанағаттандырылғанына айғақтар. 3. Борышкердiң жауабына борышкердiң: 1) орындау мерзiмi жеткен борыштық мiндеттемелерiн орындауға; 2) орындау мерзiмi борышкердi банкрот деп тану туралы арыз берiлген кезден бастап үш айдың iшiнде келетiн борыштық мiндеттемелерiн орындауға қабiлеттi екенiн растайтын құжаттары қоса берiлуге тиiс. 4. Борышкер жауабының болмауы не оның осы баптың 1-тармағында көзделген мерзiмдi дәлелдi себепсiз бұза отырып тапсырылуы борышкердiң өзiнiң дәрменсiздiлiгiн мойындауы деп қаралады және соттың борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады. 5. Борышкердiң жауабында өзiн дәрменсiз деп тануды бiлдiруi соттың оны банкрот деп тану туралы шешiм шығаруына негiз болады. Борышкер жауабында өзiнiң дәрменсiздiгiн мойындаған жағдайда осы баптың 2 және 3-тармақтарында аталған құжаттардың табыс етiлуi мiндеттi емес."; 25) 31-бап мынадай редакцияда жазылсын: "31-бап. Iстi соттың қарауына дайындау 1. Несие берушiнiң, уәкiлеттi органның немесе прокурордың сотқа осы Заңның 29-бабының ережелерiн ескере отырып табыс еткен талабына борышкердiң қарсылық бiлдiрген жауабының болуы iстi сотта қарауға дайындау үшiн негiз болып табылады. 2. Борышкердiң банкроттығы туралы iстi сотта қарауға дайындау кезiнде iс жүргiзу заңдарында көзделген әрекеттермен қатар сот: 1) iстi сот отырысында қаралатын уақыты мен орнын iске қатысатын несие берушiлерге және өзге де тұлғаларға хабарлайды; 2) осы Заңның 18-бабының 2-тармағында және 19-бабында көзделген мәлiметтер мен құжаттарды борышкерден талап етiп алады; 3) iстi мәнi бойынша қарау үшiн соттың отырысын тағайындайды,"; 26) 32 және 33-баптар алынып тасталсын; 27) 34-бап мынадай редакцияда жазылсын: "34-бап. Соттың iстi қарауы Iстi алдын ала дайындау аяқталғаннан кейiн, бiрақ iс қозғалған соң бiр айдан кешiктiрiлмей, банкроттық туралы iс соттың қарауына тағайындалуға тиiс, ол туралы сот ұйғарым шығарады. Банкроттық туралы iс сотқа өтiнiш түскен күннен бастап екi айдан аспайтын мерзiмде сот отырысында қаралуға тиiс."; 28) 36-бап мынадай редакцияда жазылсын: "36-бап. Борышкердi банкрот деп тану туралы шешiм 1. Соттың борышкердi банкрот деп тану және конкурстық iс жүргiзудi қозғау туралы шешiмi мынадай жағдайларда: 1) iс қозғалған кезден бастап екi айдан аспайтын мерзiмде соттың iстi қарауы барысында борышкер өзiнiң қабiлеттiлiгiн дәлелдей алмағанда; 2) iс қозғалған кезден бастап отыз күннен аспайтын мерзiмде борышкердiң жауабы болмағанда немесе өз жауабында дәрменсiздiгiн мойындағанда; 3) iс қозғалған кезден бастап он күннен аспайтын мерзiмде борышкер өзiн банкрот деп тану туралы арыз бергенде; 4) несие берушiлер комитетiнiң бас тарту туралы шешiмi алынған кезден бастап бес күннен аспайтын мерзiмде, осы Заңның 14-бабы 2-тармағының талаптарын сақтай отырып, несие берушiлер комитетi борышкерге оңалту рәсiмдерiн қолданудан бас тартқанда; 5) банкроттық туралы iс бойынша iс жүргiзу жаңғыртылған күннен бастап он күннен аспайтын мерзiмде оңалтуды басқарушы оңалту рәсiмдерiнiң сәтсiз өткiзiлгенi туралы сотқа жазбаша жүгiнгенде шығарылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |