|
|
|
Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі кейбір заң 1-бап. Қазақстан Республикасының жер қатынастарын реттеу жөніндегі мынадай заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. "Жеке тұрғын үй құрылысы туралы" 1994 жылғы 3 қарашадағы Қазақстан Республикасы Заңына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1994 ж., № 20, 248-құжат): 1) 1-бапта: екiншi бөлiгіндегі "жер учаскелерi бөлiнген" деген сөздер "белгiленген тәртiппен бекітілiп берiлген жер учаскелерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; төртiншi бөлiгіндегі "бөлiнген" деген сөз "берiлген" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) 2-баптың екiншi бөлiгіндегі "бөлуден" деген сөз "беруден" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 3-баптың екiншi бөлiгіндегі "бөлiнген" деген сөз "белгiленген тәртiппен бекітілiп берiлген" деген сөздермен, "жердi шектес пайдаланушылардың құрылыстары арасындағы" деген сөздер "шектес жер учаскелеріндегі" деген сөздермен ауыстырылсын; 4) 4-бапта үшiншi бөлiгіндегі "көлемiн өкiлдi өкiмет органдары белгiлейдi" деген сөздер "көлемi Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлеген тәртiппен белгiленедi" сөздермен ауыстырылсын; төртiншi бөлiгіндегі "Министрлер Кабинетi" деген сөздер "Үкіметі" деген сөзбен ауыстырылсын; жетiншi бөлiгіндегі "бөлуден" деген сөз "беруден" деген сөзбен ауыстырылсын; 5) 6-баптың екiншi бөлiгi алып тасталсын; 6) 7-бапта: екiншi бөлiгіндегі "Жер және Тұрғын үй кодекстерiмен" деген сөздер "жер және тұрғын үй заңдарымен" деген сөздермен ауыстырылсын; үшiншi бөлiгіндегі "иелiгiне" деген сөз "меншiгiне" деген сөзбен ауыстырылсын; төртiншi және бесiншi бөлiктер алып тасталсын; 7) 8-баптың төртiншi азатжолындағы "бөлу" деген сөз "беру" деген сөзбен ауыстырылсын. 2. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер туралы" 1995 жылғы 22 желтоқсандағы № 2717 заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 24, 159-құжат): 1) 1-бапта: 3) тармақшада "Жер үлесi" деген сөздерден кейiн "(шартты жер үлесi)" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 16) тармақшамен толықтырылсын: "16) төлемнiң базалық ставкасы - жеке меншiкке берiлетiн немесе мемлекет жерді пайдаланушыға беретiн жер үшiн төлемақы нормативi."; 2) 8-бапта: 3-тармақтың бiрiншi азатжолындағы "ақы төлеу арқылы" деген сөздер "жер учаскесiн жалға беру шарты негiзiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; 6-тармақтағы "төлем мөлшерiн" деген сөздер "базалық төлем ставкаларын" деген сөздермен ауыстырылсын; 3) 10-баптың 6) тармақшасы "жер үшiн" деген сөздерден кейiн "базалық" деген сөзбен толықтырылсын; 4) 12-баптың 7) тармақшасы "көзделген жағдайларда" деген сөздерден кейiн "бiрiншi топқа жататын ормандардағы орман қоры жерлерiнен басқа" деген сөздермен толықтырылсын; 5) 27-баптың 2-тармағы "тұрақты" деген сөзден кейiн "және ұзақ мерзiмге уақытша" деген сөздермен толықтырылсын; 6) 56-бапта: 1-тармақ "жер пайдалану құқығы" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ жер (шартты жер) үлесiне құқық" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақ "жер пайдалану құқығының" деген сөздерден кейiн "сондай-ақ жер (шартты жер) үлесiне құқығының" деген сөздермен толықтырылсын; 7) 59-бап "жер пайдалану құқығын" деген сөздерден кейiн "жер (шартты жер) үлесiне құқығын" деген сөздермен толықтырылсын; 8) 77-баптың 1-тармағы "тұрақты" деген сөзден кейiн "немесе уақытша" деген сөздермен, ал "құқығымен" деген сөзден кейiн "заңдарда көзделген жағдайларда және тәртiппен" деген сөздермен толықтырылсын; 9) 79-баптың 2-тармағында: бiрiншi азатжолындағы "шартты жер" деген сөздер "жер (шартты жер)" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы 4) тармақшамен толықтырылсын: "4) жер (шартты жер) үлесiне деген құқықты жалға немесе кепiлге беру."; 10) 122-баптың 2-тармағының екiншi азатжолы мынадай редакцияда жазылсын: "Тұрақты пайдалану құқығын сатып алмаған азаматтар мен мемлекеттік емес заңды тұлғалар жер учаскелерiн меншiкке сатып алады немесе оларды меншiкке сатып алғанға дейiн жалға беру шартымен қысқа мерзiмге немесе ұзақ мерзiмге жердi уақытша пайдалануға қайта ресiмдейдi.". 2-бап. Қазақстан Республикасының мынадай заң актілерінiң күшi жойылды деп танылсын: 1. "Жер реформасы туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ КСР Заңы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 28, 384-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 13-14 309-құжат; № 16, 411-құжат). 2. "Қазақ КСР-індегі Жер реформасы туралы" Қазақ КСР Заңын күшiне енгізу тәртібі туралы" 1991 жылғы 28 маусымдағы Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1991 ж., № 28, 385-құжат). 3. "Ерекше бағалы жерлердiң, сондай-ақ ерекше қорғалатын табиғи және тарихи-мәдени объектiлер тұрған, мемлекеттік немесе қоғамдық қажеттер үшiн алып қоюға жатпайтын жерлердiң тiзбесi туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 16, 395-құжат). 4. "Бiрлескен кәсiпорындардың, халықаралық бiрлестiктер мен ұйымдардың, шетелдiк заңды ұйымдар мен азаматтардың пайдалануына жер беру тәртібі туралы ереженi бекіту туралы" 1992 жылғы 3 шiлдедегi Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Қаулысы (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1992 ж., № 16, 396-құжат). 5. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қатынастарын реттеудiң кейбір мәселелерi туралы" 1994 жылғы 24 қаңтардағы № 1516 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 4, 33-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 8, 54-құжат). 6. Қазақстан Республикасы Президентінің "Жер қатынастарын одан әрi жетiлдiру туралы" 1994 жылғы 5 сәуірдегі № 1639 заң күшi бар Жарлығы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 17, 165-құжат; Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 8, 54-құжат). Қазақстан Республикасының
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |