|
|
|
Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қорын қайта құру туралы Қаржы-несие жүйесiн жетiлдiру және мемлекеттiң қаржы қаражатын пайдаланудың тиiмдiлiгiн арттыру, сондай-ақ олардың қайтарымдылығын қамтамасыз ету мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп бiр ай мерзiм iшiнде заңдарда белгiленген тәртiппен Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қорын, жарғылық капиталында мемлекет 100 процент қатысатын "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау қоры" жабық акционерлік қоғамы (бұдан әрi - Қор) етiп қайта құру жолымен, қайта ұйымдастырсын. ҚР Үкіметінің 31.12.03 ж. № 1372 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 2. Қордың негiзгi функциялары: ауыл шаруашылығын несиелендiрудiң және қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысу; ауыл шаруашылығы тауар өндiрушiлерiнiң Қордың алдындағы орталықтандырылған, кейiнге қалдырылған және басқа да берешектерi жөніндегі қаржылық мiндеттемелерi бойынша өндiрiп алуды және олардың қайтарылуын қамтамасыз етудi қоса алғанда, несие берушiнiң функцияларын орындау; ауыл шаруашылығында жүргiзiлетiн құрылымдық қайта құрылуларды тегiн қаржылық қолдауды, асыл тұқымды мал өсiру iсiн, тұқым шаруашылығын, жануарлар мен өсiмдiктердi қорғау жөніндегі шараларды дамытуды жүзеге асыру кезiнде Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі агентiнiң функцияларын орындау; ауыл шаруашылығы өнімін өндіру және қайта өңдеу саласында жұмыс істейтін тауар өндірушілерге қарыз беру және лизингке ауыл шаруашылығы техникасы мен жабдықтар беру болып табылады деп белгіленсін. 3. Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiне, белгiленген тәртiппен, Қорға осы қаулының 2-тармағында көрсетiлген функцияларға сәйкес банк операцияларының жекелеген түрлерiн жүргiзуге лицензиялар беру ұсынылсын. 4. Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң Мемлекеттік мүлiк және жекешелендiру департаментi: Қордың жарғысын бекiтсiн; Қор акцияларының мемлекеттік пакетiн иелiк ету, пайдалану және басқару (билiк ету құқығынсыз) үшiн Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігіне берсiн. 5. Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі Қаржы министрлігімен бiрлесiп, Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкiмен келісім бойынша ауыл шаруашылығын несиелендiрудiң және қаржылық қолдаудың мемлекеттік бағдарламаларын әзiрлеу кезiнде оларды Қор арқылы iске асыруды көздесiн. 6. Республикалық бюджетте ауылдағы тауар өндiрушiлерге тегiн қаржылық қолдау көрсетуге көзделген қаражатты Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінiң агентi ретiнде Қор арқылы бөледi деп белгiленсiн. 7. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі 66 (алпыс алты) млн. теңге мөлшерiнде Қордың жарғылық капиталын қалыптастырсын. 8. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі Ауыл шаруашылығы министрлігімен бiрлесiп бұрын қабылданған Үкiмет актілерін осы қаулыға сәйкес келтiру жөнiнде Қазақстан Республикасының Үкіметіне ұсыныстар енгiзсiн. 9. Мыналардың күшi жойылған деп танылсын: "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдау мәселелерi жөніндегі республикалық ведомствоаралық кеңестiң құрамы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 6 мамырдағы № 794 қаулысы; "Ауыл шаруашылығын қаржылық қолдаудың мемлекеттік қоры туралы ереженi бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1997 жылғы 17 қарашадағы № 1590 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 49,, 456-құжат). Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |