|
|
|
Қазақстан Республикасының Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы (2005.30.06. берілген өзгерістерімен)
ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 7 маусымдағы № 753 Қаулысымен күші жойылды
«Қазақстан Республикасының iшкi iстер органдары туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 21 желтоқсандағы № 2707 Заң күшi бар Жарлығын жүзеге асыру, сондай-ақ қалаларды, елдi мекендердi өрттен қорғауды арттыру және Қазақстан Республикасы Iшкi iстер министрлігінiң жанындағы Мемлекеттік өрттен қорғау қызметi бөлiмшелерiнiң әскери даярлығын жақсарту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі ҚАУЛЫ ЕТЕДI: Қазақстан Республикасының Үкіметінiң кейбір шешiмдерiне мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 2. ҚР Үкіметінің 2005.30.06 № 662 Қаулысымен күші жойылды (бұр. ред. қара) 3. «Қазақстан Республикасы Президентінің 1995 жылғы 17 сәуірдегі № 2201 қаулысын жүзеге асыру туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1995 жылғы 29 желтоқсандағы № 1894 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 41, 515-құжат) 1-қосымшасында: 6-тармақтың төртiншi абзацындағы «және монтаждық» деген сөз алынып тасталсын; 10-тармақтың екiншi абзацындағы «ретке келтiру» деген сөздiң алдынан «монтаждау» деген сөз қосылсын. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |