|
|
|
Қазақстан Республикасының мұнай өнеркәсiбіндегі қаржы-экономикалық жағдайды Қазақстан Республикасының экономикасындағы қаржы-экономикалық жағдайды тұрақтандыру, кәсiпорындардың жаппай төлем қабiлетсiздiгiне жол бермеу, сондай-ақ мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногын қорғау мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етедi: 1. Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі, "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы, "ҚазТрансОйл" мұнай тасымалдау жөніндегі ұлттық компаниясы, мұнай өндiру және қайта өңдеу жөніндегі кәсiпорындар (келісім бойынша) өнiмдердiң, қайта өңдеуге арналған қызмет көрсетулердiң өзiндiк құнын, мұнайды тасымалдауға арналған тарифтердi төмендету жөнiнде шаралар әзiрлесiн және оларды жүзеге асырсын. 2. Қазақстан Республикасының Табиғи монополияларды реттеу және бәсекелестiктi қорғау жөніндегі комитетi, Қазақстан Республикасының Энергетика, индустрия және сауда министрлігі Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігімен, Қазақстан Республикасының Көлiк және коммуникациялар министрлігімен бiрлесiп, мұнай-газ кешенi кәсiпорындарының қатысуымен бiр айлық мерзiм iшiнде мұнай мен мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыногында бағаның қалыптастырылуына талдау жүргiзсiн, оларды өндiруге арналған шығыстарды төмендету және отандық мұнай өнiмдерiнiң iшкi рыноктағы бәсекелестiк қабiлеттiлiгiн қамтамасыз ету жөнiнде шаралар қабылдасын. 3. "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясы (келісім бойынша) 1998 жылдың 1 қыркүйегiне дейiн мерзiмде делдалдық құрылымдарды жою және кәсiпорындардың бөлiнген қаражаттарын сөзсiз қайтару мақсатында еншiлес және аффилирлендiрiлген кәсiпорындарды басқаруды оңтайландыру жөнiнде шаралар қабылдасын. ҚР Үкіметінің 17.11.98 ж. № 1173 қаулысымен 4-тармақтың 5 абзацы жаңа редакцияда 4. Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі: 1998 жылдың 15 тамызына дейiн мерзiмде сала кәсiпорындарының мемлекеттiң алдындағы директивалық берулердiң салдарынан өткен жылдары пайда болған кредиторлық берешектерiне талдау жүргiзсiн, оларды қайта құрылымдау және есептен шығару жөнiнде ұсыныс енгiзсiн: "Салық және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдер туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің Заң күшi бар Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 1 шiлдедегi № 255-1 Заңында көзделген (70-бап, 5-тармақ) қосылған құнға салықты есептеудiң тәртібі туралы нұсқаулықты әзiрлеудi жеделдетсiн; сала кәсiпорындарының жалақы бойынша берешектерiн жою мақсатында ақшаның 60 процентiн жалақыға, ал қалған 40 процентiн мiндеттi төлемдерге бағыттауды көздейтiн аталған кәсiпорындардың банктiк шоттарына түсетiн қаражатты пайдаланудың тәртібін белгiлесiн. Аталған тәртiп осы тармақтың бiрiншi азатжолында белгiленген шаралар iске асырылғанға дейiн қолданылады деп белгiленсiн; ҚҚС "алатын елі" принципі бойынша алынатын, ТМД-ға қатысушы мемлекеттерден тысқары жерлерге, сонымен қатар ТМД-ға қатысушы мемлекеттерге экспортқа мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулер халықаралық тасымалдауға байланысты 1998 жылғы 1 қаңтарға дейін нөлдік ставка бойынша ҚҚС салынған және Қазақстан Республикасының салық заңдарына сәйкес 1998 жылғы 1 қаңтардан бастап ҚҚС-тан босатылған қызмет көрсетулер болып табылады деп белгіленсін, бұл ретте мыналардың болуы тиіс: мұнай тасымалдау жөніндегі қызмет көрсетулерді жүзеге асыратын ұйымдарда - мұнай тасымалдауға келісім шарт, мұнай тасымалдауға келісім шарттар бойынша есеп айырысулар жүргізілгенін растайтын есеп-фактуралар және/немесе төлем құжаттары; мұнай экспорттайтын мұнай-газ өндіретін ұйымдарда: труба құбырлары көлігімен қызмет көрсетілген сәттен бастап 30 күн мерзім ішінде - Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы және Қазақстан Республикасының шекарасындағы қабылдап алу-өткізу пунктінде мұнайды қабылдау-өткізу актісі; Қазақстан Республикасының теңіз портында мұнайды танкерге құю жөніндегі қызмет көрсетілген сәттен бастап 60 күн мерзім ішінде Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы мен коносаменті; мұнайды темір жол цистерналарына құю жөнінде қызмет көрсетілген сәттен бастап 60 күн мерзім ішінде - Қазақстан Республикасының толық кеден жүгі декларациясы мен темір жол құжаттары. 15 тамызға дейiн мерзiмде мұнай өнiмдерiне акциздер есептеу кезiнде мұнайға акциздi есепке алуды көздейтiн Қазақстан Республикасы Заңының жобасын Қазақстан Республикасының Үкіметіне енгiзсiн. 5. Қаржы министрлігінiң Кеден комитетi "Қазақойл" ұлттық мұнай-газ компаниясының қатысуымен мұнай өнiмдерiнiң импортына бақылау жасауды күшейту, оларды контрабандалық жолмен әкетуге жол бермеу жөнiнде түпкiлiктi шаралар қабылдасын, он күн сайын Қазақстан Республикасының Үкіметіне жағдайдың жай-күйi туралы баяндап отырсын. ҚР Үкіметінің 31.12.98 ж. № 1381 қаулысымен 6-тармақ алынып тасталды 6. алынып тасталды ҚР Үкіметінің 28.01.00 ж. № 137 қаулысымен 7-тармақ алынып тасталды 7. алынып тасталды 8. Осы қаулының орындалуын үйлестiру және оған бақылау жасау Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің бiрiншi орынбасары О.Жандосовқа жүктелсiн. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрi
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |