ҚР Қаржы министрінің 2007 жылғы 21 маусымдағы № 217 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілдi Бухгалтерлiк есепке алудың 11 стандарты 1. Осы стандарттың мақсаты Қазақстан Республикасының заңды тұлғалардан алынатын табыс салығын есепке алу әдiстемесiн айқындау болып табылады. 2. Осы стандартқа есептi кезеңдегi табыс салығы бойынша шығын немесе үнем сомасын айқындау және оның қаржы есептемелеріндегі ашылымы енгiзiледi. 3. Бухгалтерлiк табыс - бұл заңды тұлғалардың табыс салығынан алынатын салық төлемдерiн шегергенге дейiн немесе салық төлемдерiнiң азабы есебiнен пайда болған үнемнiң қосылуына дейiн әдеттегi қызметтен және төтенше жағдайлардан алған табысы немесе залалы. 4. Есептi кезеңдегi салық төлемдерi немесе салық төлемдерi бойынша үнем - бұл қаржы шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есепте көрсетiлген табыс салығы немесе салық төлемiнiң азаюы есебiнен алынған үнем сомасы. 5. Салық салынатын табыс (залал) - бұл салық заңдарына сәйкес айқындалатын есептi кезеңдегi табыс (залал) сомасы. 6. Төленетiн табыс салығы - бұл салық салынатын табыстан есептелген және есептi кезеңде төленуге тиiс салық сомасы. 7. Уақытша айырма (немесе уақыт бойынша сәйкессiздiктер) - бұл есептi кезеңдегi салық салынатын табыс пен бухгалтерлiк табыстың арасындағы айырмалар, бұл айырма табыс пен шығынның кейбір көздерi салық салынатын табысқа енгiзiлетiн кезең олар бухгалтерлiк есепке енгiзiлетiн кезеңмен сәйкес келмеуi себептi туындайды. Уақытша айырмалар бiр кезеңде туындайды және бұдан кейiнгi бiр немесе бiрнеше кезеңде жойылады. 8. Тұрақты айырмалар - бұл ағымдағы есептi кезеңде туындайтын және бұдан кейiнгi кезеңдерде жойылмайтын салық салынатын табыс пен бухгалтерлiк табыстың арасындағы айырмалар. 9. Уақытша айырмалардың салық тиiмдiлiгi - бұл туындаған уақытша айырмалардың нәтижесiнде алдағы кезеңде төленуге тиiстi немесе ағымдағы кезеңде алдын ала төленген салық төлемдерiнiң сомасы. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|