Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілдi ҚР Қаржы министрлігінің 2003 жылғы 17 қаңтардағы № 14 бұйрығымен күші жойылды Бухгалтерлiк есепке алудың 3 стандарты 1. Бұл стандарт қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есеп баптарын жiктеу мен есепке алудың тәртібін заңды тұлғалардың (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқа) ретiмен әзiрлеп, есеп беруi мақсатында айқындайды. Бұл заңды тұлғаның әртүрлi есептiк кезеңдердегi қаржы есептемелерiн түрлi заңды тұлғаның қаржы есептемелерiмен салыстыруды қамтамасыз етедi. 2. Стандарт сондай-ақ әдеттегi қызметтен алынған табыс пен шығындардың, төтенше жағдайлардан, тоқтатылған операциялардан болған табыс пен залалдың әртүрлi баптарын, есептiк бағалаулардағы, есеп жүргiзу саясатындағы өзгерістердi есепке алу және қаржы есептеріндегі елеулi қателiктердi түзету кезiнде ашып көрсету тәртібін айқындайды. 3. Төтенше жағдайлар - заңды тұлғаның әдеттегi қызметiнен өзгеше оқиғалар немесе операциялар. Мұндай оқиғалар мен операциялар жиi немесе жүйелi түрде қайталанбайды деп болжам жасалады. 4. Елеулi қателiктер - есептi кезеңде байқалған, өткен кезеңдердiң қателiктерi, олардың маңыздылығы соншалық, өткен кезеңдердiң қаржы есептерi олар жасалған уақытқа қатысты дұрыс деп есептелмейдi. 5. Тоқтатылған операция - заңды тұлға қызметiнiң жеке бiр бағыты болып табылатын филиалды сату немесе тарату. 6. Қаржы-шаруашылық қызметiнiң нәтижелерi туралы есепте мынадай ақпаратты ашып көрсету қажет: 1) өнiмдердi (жұмыстарды, қызметтердi) өткiзуден алынған табыс; 2) өткiзiлген өнiмнiң (жұмыстардың, қызметтердiң) өзiндiк құны; 3) жалпы табыс; 4) есептi кезеңнiң шығындары: жалпы және әкiмшiлiк шығындар; өткiзуге жұмсалған шығындар; 5) негiзгi қызметтен алынған табыс (келген залал); 6) негiзгi емес қызметтен алынған табыс (келген залал); Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|