ҚР Қаржы министрлігінің 2007.21.06 № 217 бұйрығымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастап күші жойылды
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілдi Бухгалтерлiк есепке алудың 4 стандарты ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен тақырыбы жаңа редакцияда ҚР Қаржы министрінің 28.08.02 ж. № 390 бұйрығымен стандарттың бүкіл мәтіні бойынша "ақша қаражатының", "ақша қаражаты", "ақша қаражатымен" деген сөздер "ақшаның", "ақша", "ақшамен" деген сөздермен ауыстырылды 1. Ақшаның қозғалысы туралы есеп пайдаланушыларды операциялық, инвестициялық және қаржы қызметi бойынша есептi кезеңдегi ақшаның түсуi мен жұмсалуы туралы ақпаратпен қамтамасыз етiп, олардың заңды тұлғаның қаржы жағдайындағы өзгерiстердi бағалауына мүмкiндiк бередi. 2. Заңды тұлғалар (банктер мен бюджеттік мекемелерден басқасы) ақшаның қозғалысы туралы есептi осы стандарттың талаптарына сәйкес жасайды және есептi кезеңдегi қаржы есептемесiнiң құрамында тапсырады. 3. Ақша - кассада және банктердегi шоттарда тұрған қолма-қол бар ақша. 4. Ақшаның қозғалысы - ақшаның түсуi мен жұмсалуы. 5. Операциялық қызмет - заңды тұлғаның табыс табу жөніндегі негiзгi қызмет пен инвестициялық және қаржы қызметiне қатысы жоқ өзге де қызмет. 6. Инвестициялық қызмет - ұзақ мерзiмдi активтердi сатып алу және сату. 7. Қаржы қызметi - меншiктi капитал мен займ қаражатының мөлшерi мен құрамындағы өзгерiс нәтижесi болып табылатын заңды тұлғаның қызметi. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|