ҚР Қаржы министрлігінің 2007.21.06 № 217 бұйрығымен 2008 жылғы 1 қаңтардан бастапкүші жойылды
Қазақстан Республикасының Бухгалтерлiк есеп жөніндегі Ұлттық комиссиясының 1996 жылғы 13 қарашадағы № 3 қаулысымен бекітілдi Бұрынғы редакцияларды қара Бухгалтерлiк есепке алудың 6 стандарты 1. Осы стандарттың мақсаты меншiк, шаруашылық тұрғысынан иелену немесе жедел басқару құқығында ұйымға тиесiлi негiзгi құралдарды есепке алудың әдiстемесiн айқындау болып табылады. 2. Негiзгi құралдарды есепке алудағы басты мәселелер оларды тану сәтiн, бастапқы құнын, пайдалы жұмыс iстеу мерзiмiн, амортизация есептеу тәртібін және олардың шығып қалуынан алынған нәтижелердi айқындау болып табылады. 3. Осы стандартты ұйымдар барлық негiзгi құралдарды, оның iшiнде ұзақ мерзiмге жалға алынған құралдарды есепке алу кезiнде қолданады, бұған бухгалтерлiк есепке алудың басқа стандартының шарттары бойынша негiзгi құралдарды есепке алудың басқа әдiстемесi қажет болатын немесе оны қолдануға рұқсат етiлетiн жағдайлар қосылмайды. ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 4-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 4. Негізгі құралдар - басқа ұйымдарға жалға беру үшін немесе әкімшілік мақсаттар үшін және оны ұзақ уақытты кезең ішінде (бір жылдан астам) пайдалану ұйғарылып отырған дайын өнімді (тауарларды, жұмыстарды, қызметтерді) өндіру үшін ұйым пайдаланатын материалдық активтер."; 5. Бастапқы құн - бұл негiзгi құралдарды орнатуға немесе оларды сатып алуға нақты жұмсалған шығындардың, оның iшiнде төленбеген өтелiмсiз салықтар мен алымдардың құны, сондай-ақ жеткізу, монтаждау, орнату, iске қосу жөніндегі шығындар және активтi мақсатында пайдалану үшiн оны жұмыс жағдайына келтiруге тiкелей байланысты басқа да шығындар. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|