ҚР Қаржы министрінің 2007.21.06. № 217 Бұйрығымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының
Бухгалтерлiк есеп жөніндегі
Ұлттық комиссиясының
1996 жылғы 13 қарашадағы
№ 3 қаулысымен бекітілдi
Бұрынғы редакцияларды қара
Бухгалтерлiк есепке алудың 7 стандарты
Тауар-материалдық қорларды есепке алу
(ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27
бұйрығымен енгізілген өзгерістерімен)
Мақсаты мен қолданылу өрiсi
1. Осы стандарттың мақсаты тауар-материалдық қорларды есепке алу тәртібін айқындау болып табылады, оған мыналар кiредi;
тауар-материалдық қорларды сыныптау және бағалау;
тауар-материалдық қорларды өндiрумен байланысты және оның өндiрiстiк өзiндiк құнын құрайтын шығындарды есепке алу;
ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 2-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
2. Осы стандартты ұйымдар тауар-материалдық қорлардың өзiндiк құнын есептеу негiзiнде дайындалған қаржылық есептіліктерін жасау мен ашу кезiнде қолданады, оған мыналар қосылмайды:
құрылыс мердiгерлерi бойынша аяқталмаған жұмыстар, оның iшiнде олармен байланысты қызмет көрсету бойынша келісім шарттар;
қаржы қызметi мен құралдары;
ауыл шаруашылық және орман өнiмдерi, минералды рудалар.
Айқындамалар
ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 3-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
3. Тауар-материалдық қорлар дегенiмiз - бұл:
1) өндiрiсте пайдалануға немесе жұмыстар мен қызметтер атқаруға арналған шикiзат қоры, материалдар, сатып алынатын жартылай фабрикаттар және құрастырмалы бұйымдар, құрылғылар мен бөлшектер, жанар май, өнiм салатын ыдыс және ыдыс материалдары, қосалқы бөлшектер, басқа да материалдар түріндегі активтер;
2) аяқталмаған өндiрiс, жұмыстар мен қызметтер атқару;
3) ұйымның қызметi барысында сатуға арналған дайын өнiмдер, тауарлар.
ҚР Қаржы министрлігінің 28.01.03 ж. № 27 бұйрығымен 4-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара)
4. Тауар-материалдық қорларды өткізудiң таза құны әдеттегi қызмет барысында болжанып отырған сату бағасынан оны сатуды ұйымдастыруға кеткен шығындарды алып тастағандағы мөлшерге тең болады.