|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759
ҚР Үкіметінің 2006.26.04. № 326 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасының Үкіметі Қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасы Үкіметінің "Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібін бекіту туралы" 1998 жылғы 11 тамыздағы № 759 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 27, 232-құжат) мынадай өзгеріс енгізілсін: көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттің бастамашылығымен банкрот деп танылып, таратылатын ұйымдардың мүлкін (активтерін) сатуға алдын ала дайындау мен сатудың тәртібінде: 51-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "51. Ағылшындық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, егер сауда-саттыққа қатысушылардың саны екеуден кем болмаған жағдайда ғана өткізілген болып есептеледі. Голландтық әдіспен өткізілетін лот бойынша сауда-саттықтар, стратегиялық маңызы бар кәсіпорындар бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен сауда-саттыққа жалғыз қатысушы қатысқан кезде де өткізілген болып есептеледі". 2. Таратылатын "Павлодартрактор" ААҚ-ның конкурстық басқарушысына зауыттың мүлкін бір қатысушы жағдайында голландтық әдіс бойынша сатуға рұқсат берілсін. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап қолданысқа енгізіледі. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |