|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Шағын кәсіпкерлікті дамыту қорын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 26 сәуірдегі № 665 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 17, 152-құжат) мынадай толықтыру енгізілсін: 7-тармақ мынадай мазмұндағы абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының шағын бизнесті қолдау жөніндегі агенттігіне Қор акцияларының мемлекеттік пакетін иелену және пайдалану құқығы берілсін". 2. "Қазақстан Республикасында Кәсіпкерлікті қолдау мен дамытудың 1994-1996 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру жөніндегі тапсырмалар мен шаралардың жоспары туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1994 жылғы 17 тамыздағы № 912 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1994 ж., № 35, 385-құжат) күші жойылған деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |