|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 27.11.03 ж. № 1191 қаулысына сәйкес осы қаулының күші жойылды "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 12 ақпандағы № 34 қаулысын орындау үшін Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі "Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы" республикалық мемлекеттік мекемесінің (бұдан әрі - Ғылым академиясы) мемлекеттік басқару органы, сондай-ақ оған қатысты мемлекеттік меншік құқығы субъектісі функцияларын жүзеге асырушы орган болып белгіленсін. 2. Ғылым академиясы қызметінің негізгі бағыттары мыналар болып белгіленсін: 1) ғылыми дамуының жай-күйін талдау мен болжау; 2) ғылымды дамытудың және ғылыми кадрлар даярлаудың басым бағыттары бойынша ұсыныстарды қалыптастыру; 3) ғылыми-сараптық қамтамасыз ету, ғылыми зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыру мен олардың орындалуын үйлестіруге қатысу; 4) өз құзыретінің шегінде халықаралық ғылыми ынтымақтастықты, инновациялық және инвестициялық қызметті нығайтуға, дамытуға жәрдемдесу. 3. Ғылым академиясының шекті штат саны 20 адам, қызметтік жеңіл автомобиль лимитті 1-еу болып бекітілсін. 4. Ғылым академиясы қызметкерлерінің лауазымдық жалақылары Қазақстан Республикасының бюджеттік саладағы қызметкерлерінің еңбегіне ақы төлеу шарттарына сәйкес айқындалады деп белгіленсін. 5. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі бір ай мерзім ішінде заңдарда белгіленген тәртіппен осы қаулыға сәйкес қажетті ұйымдастыру шараларын жүргізсін. 6. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |