|
|
|
Оглавление | Перемещение в другую часть документа >> |
Адамдарды қоғамнан уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттары туралы (2023.01.05. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) тақырыбы жаңа редакцияда
2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар 5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері 5-1-бап. Адамды арнаулы үй-жайға отырғызу негізі 9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары 9-3-бап. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар 11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері 14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим 15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп 2-тарау. Күзетте ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары 16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары 17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар 18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету 20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау 21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу 22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету 23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету 24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу 25-бап. Қосымша ақылы қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету 26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту 28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы 29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері 30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері 3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу 31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары 32-бап. Камераларда бөлек орналастыру 33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және оларды қадағалау 34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету 35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері 36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі 38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі 39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау 40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі 41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар 43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану 44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану 45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану 46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі 3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау 46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу 46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеру 46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері 46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі 46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері 3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі 46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі 46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар 46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары 46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері 46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату 46-16-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі 46-17-бап. Алдын ала болу тәртібі 46-18-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы 46-21-бап. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайларға қабылдау және тіркеу 46-22-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау режимі 47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері 48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі 51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен кіріспемен толықтырылды; 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен кіріспе өзгертілді (бұр.ред.қара) Осы Заң қоғамнан уақытша оқшаулауды заңды негіздерде қамтамасыз ететін арнаулы мекемелер, арнаулы үй-жайлар қызметінің құқықтық негіздерін айқындайды, сондай-ақ оларда ұсталатын адамдардың құқықтары мен міндеттерін белгілейді.
1-бап. 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)
2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 2-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар Осы Заңда мынадай негізгі ұғымдар пайдаланылады: 2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 1) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 1) арнаулы қабылдау орны - ішкі істер органдарының әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 2) арнаулы мекемелер - тергеу изоляторы, уақытша ұстау изоляторы, қабылдау-бөлу орны, арнаулы қабылдау орны; 2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 2-1) тармақшамен толықтырылды 2-1) арнаулы үй-жай - әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында заңда белгіленген мерзімге жеке тұлғаның, заңды тұлға өкілінің, лауазымды адамның жеке бас бостандығын қысқа мерзімге шектеуге арналған үй-жай; 3) әкімшілік қамауға алынған адам - өзіне қатысты сот әкімшілік қамауға алуды қолдану туралы қаулы шығарған адам; 4) белгілі бір тұрғылықты жері жоқ адам - Қазақстан Республикасының аумағында тұрғылықты жері бойынша тіркелмеген немесе тұрғын үйі жоқ адам; 5) бір адамдық камера - күзетке алынған бір адамды барынша толық және қатаң оқшаулау мақсатында ұстауға арналған арнаулы үй-жай; 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 5-1) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 5-1) гауптвахта - әскери полиция органдарының жанынан жабдықталған, мынадай: әкімшілік қамаққа алынған; қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған, сондай-ақ өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілген, айыпталған, сотталушы; қамаққа алуға сотталған; бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметшілерді - соттың айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін және оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін қоғамнан заңды негізде уақытша оқшаулауды қамтамасыз ететін арнайы үй-жай; 2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 6) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 6) жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу - ішкі істер органдарының арнаулы мекемесінде: белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басты куәландыратын құжаттары жоқ адамдардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқық бұзушылық белгілері болмаған кезде және мұндай адамдардың жеке басын өзге де тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде оларды; заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды уақытша оқшаулауды білдіретін, құқық бұзушылықтардың жеке профилактика шарасы; 7) 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара) 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 8) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 8) қабылдау-бөлу орны - ішкі істер органдарының белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды, олардың әрекеттерінде қылмыстық және әкімшілік құқықтық бұзушылықтар белгілері болмаған және олардың жеке басын өзге тәсілдермен анықтау мүмкін болмаған кезде қабылдауға және ұстауға арналған арнаулы мекемесі; 9) камера - қабылдау-бөлу орнына, арнаулы қабылдау орнына, уақытша ұстау изоляторына, тергеу изоляторына орналастырылған адамдарды ұстауға арналған үй-жай; 10) күзетте ұстау - адамдарды сот санкциясымен арнаулы мекемелерде Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген уақытша оқшаулау; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 10-1) тармақшамен толықтырылды 10-1) тәртіптік изолятор - күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін қаскөйлікпен бұзған бір адамды ұстауға арналған камера; 2011.09.11. № 490-ІV ҚР Заңымен 11) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 11) тармақша жаңа редакцияда 11) тергеу изоляторы - мыналарды: өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды; қамауға алуға сотталғандарды; бас бостандығынан айыруға сотталғандарды; бас бостандығынан айыруға сотталғандарды, шаруашылық қызмет көрсету бойынша жұмыстарды орындау үшін қалдырылғандарды не жіберілгендерді; мекемелерден Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 88-бабына сәйкес келген сотталғандарды ұстауға арналған арнаулы мекеме; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 11-1) тармақшамен толықтырылды 11-1) уақытша оқшаулау үй-жайы - күзетпен ұстаудың белгіленген тәртібін бұзған кәмелетке толмағандарды ұстауға арналған камера; 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 11-2) тармақшамен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 11-2) уақытша ұсталғандарға арналған үй-жай - әкімшілік құқық бұзушылықтың жолын кесу немесе әкімшілік іс жүргізуді қамтамасыз ету мақсатында әскери қызметшілерді заңда белгіленген мерзімге мәжбүрлеп ұстауға арналған арнайы бейімделген үй-жай; 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 12) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 12) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара) 12) уақытша ұстау изоляторы - қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдік бойынша ұсталған адамдарды, сондай-ақ осы Заңның 46-6-бабының 5-тармағында көзделген жағдайларда әкімшілік қамауға алынған адамдарды күзетпен ұстауға арналған арнаулы мекеме.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 3-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 3-бап өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау мақсаттары Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген шараларды орындау мақсатында жүзеге асырылады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 4-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 4-бап өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 4-бап. Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау қағидаттары Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау заңдылық, кінәсіздік презумпциясы, азаматтардың заң алдындағы теңдігі, ізгілік, жеке бастың абыройы мен қадір-қасиетін құрметтеу қағидаттарына, халықаралық құқық нормаларына сәйкес жүзеге асырылады және арнаулы мекемелерде, гауптвахталарда ұсталушы, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларға тән азабын немесе рухани азап шектіру мақсатындағы әрекеттермен ұштаспауға тиіс.
2008.05.07. № 65-IV ҚР Заңымен 5-бап өзгертілді (бұр.ред.қара); 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен 5-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері: 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 1) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау таңдалған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендер мен айыпталушыларды тергеу изоляторына орналастыру судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады; 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен 2) тармақша жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 2) қылмыстық құқық бұзушылықтар жасады деген күдікпен ұстап алынғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру тергеуші не анықтаушы толтырған ұстап алу хаттамасы бойынша жүзеге асырылады. Өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған күдіктілерді, айыпталушыларды, сотталғандарды уақытша ұстау изоляторына орналастыру шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан тергеу изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады. Кәмелетке толмаған күдіктіні өмір сүру және тәрбиелену жағдайы бойынша бұрынғы тұрғылықты жерінде қалдыру мүмкін болмаған жағдайларда, ол Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 540-бабында көзделген тәртіппен заңға сәйкес бала құқықтарын қорғау жөніндегі функцияларды жүзеге асыратын ұйымға орналастырылуы мүмкін; 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 3) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 3) әкімшілік қамауға алынған адамдарды уақытша ұстау изоляторларына, арнаулы қабылдау орындарына орналастыру судьяның оларды қамауға алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады; 2020.19.12. № 385-VI ҚР Заңымен 3-1) тармақшамен толықтырылды 3-1) заңды күшіне енген сот үкімінің, шешімінің, қаулысының негізінде мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын, сол сияқты шығарып жіберу туралы сот актісінде көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының аумағынан кетпеген шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнына орналастыру ішкі істер органдарының жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу туралы сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады. Мұндай адамдардың жүріп-тұру еркіндігін алдын ала шектеу бұл ретте оларды Қазақстан Республикасының шегінен тысқары жерге шығарып жіберуді ұйымдастыру үшін қажетті, бірақ отыз тәуліктен аспайтын мерзімге жол беріледі; 4) белгілі бір тұрғылықты жері және (немесе) жеке басын куәландыратын құжаттары жоқ адамдарды қабылдау-бөлу орнына орналастыру ішкі істер органдарының сот санкциялаған қаулысы негізінде жүзеге асырылады.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 5-1-баппен толықтырылды 5-1-бап. Адамды арнаулы үй-жайға отырғызу негізі Адамды арнаулы үй-жайға отырғызу уәкілетті лауазымды адам толтырған, әкімшілік ұстап алу туралы хаттама негізінде жүзеге асырылады.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 5-2-баппен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 5-2-бап. Әскери қызметшілерді гауптвахталарға және уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабу негіздері 1. Әскери қызметшілерді гауптвахталарға жабу негіздері: 1) әкімшілік қамаққа алынғандарды жабу судьяның қамаққа алу туралы қаулысының негізінде жүзеге асырылады; 2) қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталғандарды жабу тергеуші не анықтаушы жасаған ұстау хаттамасы бойынша жүзеге асырылады; 3) өздеріне қатысты бұлтартпау шарасы ретінде күзетпен ұстау қолданылған, қылмыс жасады деп күдік келтірілгендерді, айыпталушыларды, сотталушыларды жабу судьяның қаулысы бойынша жүзеге асырылады; 4) қамаққа алуға сотталғандарды жабу сот үкімі мен оны орындау туралы өкімнің негізінде жүзеге асырылады. Бас бостандығынан айыруға сотталған әскери қызметшілер айыптау үкімі заңды күшіне енгенге дейін және оларды жазаны орындау органдарына жібергенге дейін сот үкімі негізінде гауптвахталарда ұсталуы мүмкін. 2. Әскери қызметшілерді уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабу әскери полиция органдарының уәкілетті лауазымды адамы жасаған әкімшілік ұстап алу туралы хаттама негізінде жүзеге асырылады. Шалғайлығы немесе тиісті қатынас жолының болмауы салдарынан гауптвахтаға немесе уақытша ұстау изоляторына жеткізу мүмкін болмаған жағдайларда қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұсталған әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери полиция органы бойынша кезекшінің жанындағы уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабуға жол беріледі.
2018.12.07. № 180-VІ ҚР Заңымен 6-бап жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 6-бап өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 6-бап. Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы 2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 1-тармақ өзгертілді (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталушы адамдар Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген шектеулермен, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады. 2. Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда ұсталушы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар, егер Қазақстан Республикасының Конституциясында, заңдарында және Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шарттарда өзгеше көзделмесе, Қазақстан Республикасының азаматтары үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ міндеттерді атқарады.
ҚР 16.07.01 ж. № 244-II; ҚР 10.07.02 ж. № 338-II Заңдарымен; 2010.29.12. № 375-IV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 7-бап өзгертілді; 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен 7-баптың тақырыбы өзгертілді (бұр.ред.қара) 7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу 1. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау орындары: 1) Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары; 2) Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары болып табылады. 2017.18.04. № 58-VI ҚР Заңымен 2-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара) 2. Осы Заңда көзделген жағдайларда қылмыстық-атқару жүйесінің мекемелері және гауптвахталар күдіктілер мен айыпталушыларды күзетпен ұстау орындары болып табылуы мүмкін. 2013.03.07. № 121-V ҚР Заңымен 3-тармақ жаңа редакцияда (бұр.ред.қара); 2014.04.07. № 233-V ҚР Заңымен (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара); 2020.16.11. № 375-VІ ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 3-тармақ өзгертілді 3. Қылмыстық құқық бұзушылық жасады деген күдік бойынша ұстауды Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес алыс сапардағы теңіз кемелерінің капитандары, Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Шекара қызметі аумақтық бөлімшелерінің бастықтары, жергілікті жердің коменданты жүзеге асырған жағдайларда күдіктілер аталған лауазымды адамдар айқындаған және күдіктілерді ұстау үшін арнайы ыңғайластырылған үй-жайларда ұсталады. 2017.11.07. № 91-VI ҚР Заңымен (бұр.ред.қара); 2021.24.11. № 75-VII ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 4-тармақ өзгертілді 4. Қылмыстық істі жүргізіп жатқан адам немесе орган Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексіне сәйкес он екі сағат ішінде сезіктінің немесе айыпталушының туыстарының біріне оның күзетте ұсталу орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлауға міндетті. Күдікті немесе айыпталушы шетелдікті күзетпен ұстау орны туралы немесе ол орнының өзгергені туралы хабарлама көрсетілген мерзімде Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігіне, Ішкі істер министрлігіне, Ұлттық қауіпсіздік комитетіне, қылмыстық-атқару жүйесiнің уәкiлеттi органына, сондай-ақ ол азаматы болып табылатын мемлекеттің елшілігіне, консулдығына немесе өзге де өкілдігіне жіберіледі. Қылмыстық-атқару жүйесінің тергеу изоляторларында ұсталатын адамдарды есепке алуды жүргізу қылмыстық-атқару қызметі саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
2004.20.12 № 13-III Заңымен (бұр. ред. қара) (2005.01.01. бастап қолданысқа енгізілді); 2012.18.01. № 547-ІV ҚР Заңымен (бұр.ред.қара) 8-бап өзгертілді 8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары 2014.03.07. № 227-V ҚР Заңымен 1-тармақ жаңа редакцияда (2015 ж. 1 қаңтардан бастап қолданысқа енгізілді) (бұр.ред.қара) 1. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары (бұдан әрі - тергеу изоляторлары) өздеріне қатысты бұлтартпау шаралары ретінде күзетпен ұстау таңдалған күдіктілер мен айыпталушыларды ұстауға арналған. 2. Тергеу изоляторлары заңды тұлға құқықтарына ие болады. Олар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады. 3. Тергеу изоляторларын қаржыландыру бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылады.
2023.14.03. № 206-VІІ ҚР Заңымен 8-1-баппен толықтырылды (2023 ж. 26 наурыздан бастап қолданысқа енгізілді) 8-1-бап. Гауптвахталар 1. Гауптвахталар Қазақстан Республикасының Қарулы Күштері мен Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің әскери полиция органдары жанынан жабдықталады және олардың құрылымдық бөлімшелері болып табылады.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |
Содержание 1-тарау. Жалпы ережелер 1-бап. Осы заңның міндеттері2-бап. Осы Заңда пайдаланылатын негізгі ұғымдар3-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау мақсаттары4-бап. Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау қағидаттары5-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерге орналастыру негіздері5-1-бап. Адамды арнаулы үй-жайға отырғызу негізі5-2-бап. Әскери қызметшілерді гауптвахталарға және уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларға жабу негіздері6-бап. Арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталушы адамдардың құқықтық жағдайы7-бап. Қылмыстың жасалуына күдікті, айыпталушы адамдарды күзетте ұстау орындары, оларды есепке алуды жүргізу8-бап. Қазақстан Республикасының қылмыстық-атқару жүйесi мен ұлттық қауіпсіздік органдарының тергеу изоляторлары8-1-бап. Гауптвахталар9-бап. Қазақстан Республикасының iшкi iстер, ұлттық қауiпсiздiк органдарының уақытша ұстау изоляторлары9-1-бап. Ішкі істер органдарының қабылдау-бөлу орындары және арнаулы қабылдау орындары9-2-бап. Арнаулы үй-жайлар9-3-бап. Уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайлар10-бап. Жазаларды орындаушы мекемелерді, әкімшілік ұсталуға алынған адамдарды ұстау үшін арнайы жабдықталған үй-жайларды және гауптвахталарды сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстау үшін пайдалану11-бап. Күзетте ұстау орындарының қызметкерлері12-бап. Тергеу изоляторларында ұсталушы сезіктілер мен айыпталушыларды уақытша ұстау изоляторларына ауыстырудың негіздемесі13-бап. Күзетте ұстау мерзімі14-бап. Күзетте ұстау орындарындағы режим15-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ішкі тәртіп 2-тарау. Күзетте ұстау орындарындағы сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары16-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың құқықтары17-бап. Қорғаушыларымен, туыстарымен және өзге де адамдармен жолығысулар18-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың жеке басының қауіпсіздігін қамтамасыз ету19-бап. Хат жазысу20-бап. Ұсыныстарды, арыздарды және шағымдарды жолдау21-бап. Тамақтану, тамақ өнімдері мен ең қажетті заттарды сатып алу22-бап. Материалдық-тұрмыстық қамтамасыз ету23-бап. Медициналық-санитариялық қамтамасыз ету24-бап. Сәлемдемелер, сәлем-сауқаттар және ақша аударымдарын алу25-бап. Қосымша ақылы қызмет көрсетулермен қамтамасыз ету26-бап. Айыпталушыларды еңбекке тарту27-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың тергеу іс-әрекеттеріне және сот отырыстарына қатысуын қамтамасыз ету28-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың азаматтық-құқықтық мәмілелерге қатысуы29-бап. Әйелдерді күзетте ұстаудың ерекшеліктері30-бап. Кәмелетке толмағандарды күзетте ұстаудың ерекшеліктері 3-тарау. Күзетте ұстау орындарында оқшаулауды қамтамасыз ету және құқық бұзушылықтарға жол бермеу31-бап. Оқшаулауды қамтамасыз етудің негізгі талаптары32-бап. Камераларда бөлек орналастыру33-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзету және оларды қадағалау34-бап. Күзетте ұстау орындарына жапсарлас жатқан аумақтарда режимдік талаптарды қамтамасыз ету35-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың негізгі міндеттері36-бап. Көтермелеу шаралары және оларды қолдану тәртібі37-бап. Жазалау шаралары38-бап. Жазалау шараларын қолдану тәртібі39-бап. Тәртіптік изоляторда, уақытша оқшаулау үй-жайында ұстау40-бап. Сезіктілер мен айыпталушылардың материалдық жауапкершілігі41-бап. Тамақ ішуден бас тартқан кезде қолданылатын шаралар42-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін, арнаулы құралдарды, газбен және оқпен атылатын қаруларды қолданудың жалпы негіздері43-бап. Күзетте ұстау орындарында дене күшін қолдану44-бап. Күзетте ұстау орындарында арнаулы құралдар мен газ қаруын қолдану45-бап. Күзетте ұстау орындарында оқ ататын қаруды қолдану46-бап. Күзетте ұстау орындарындағы ерекше жағдайлар режимі 3-1-тарау. Адамдарды қабылдау-бөлу орындарында ұстау46-1-бап. Қабылдау-бөлу орындарына жеткізілген адамдарды қабылдау және тіркеу46-2-бап. Қабылдау-бөлу орындарына орналастырылған адамдарды тексеру46-3-бап. Қабылдау-бөлу орнында ұстау мерзімдері, одан босату тәртібі мен негіздері46-4-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұстау режимі46-5-бап. Қабылдау-бөлу орындарында ұсталушы адамдардың құқықтары мен міндеттері 3-2-тарау. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұстау46-6-бап. Арнаулы қабылдау орындарына, уақытша ұстау изоляторларына жеткізілген әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды қабылдау және тіркеу46-7-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды ұстау режимі46-8-бап. Арнаулы қабылдау орындарында, уақытша ұстау изоляторларында, гауптвахталарда ұсталатын әкімшілік қамауға алынған адамдардың, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдардың құқықтары мен міндеттері46-9-бап. Әкімшілік қамауға алынған адамдарды, мәжбүрлеу тәртібімен шығарып жіберілуге жататын шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдарды арнаулы қабылдау орнынан, уақытша ұстау изоляторынан, гауптвахтадан босату 3-3-тарау. Ұлттық алдын алу тетігі46-10-бап. Ұлттық алдын алу тетігі46-11-бап. Үйлестіру кеңесі46-12-бап. Ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларына қойылатын талаптар46-13-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының құқықтары46-14-бап. Ұлттық алдын алу тетігі қатысушыларының міндеттері46-15-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушысының өкілеттіктерін тоқтату46-16-бап. Алдын ала болудың түрлері мен кезеңділігі46-17-бап. Алдын ала болу тәртібі46-18-бап. Ұлттық алдын алу тетiгi қатысушыларының жыл сайынғы жинақталған баяндамасы46-19-бап. Құпиялылық46-20-бап. Уәкілетті мемлекеттік органдардың ұлттық алдын алу тетігінің қатысушыларымен өзара іс-қимылы 3-4-тарау. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау46-21-бап. Әкімшілік ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайларға қабылдау және тіркеу46-22-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау режимі46-23-бап. Арнаулы үй-жайларда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұсталатын, ұстауға алынған адамдардың құқықтары мен міндеттері46-24-бап. Ұстауға алынған адамдарды арнаулы үй-жайдан, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайдан босату 4-тарау. Қорытынды ережелер47-бап. Сезіктілер мен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босатудың негіздемелері48-бап. Сезіктілермен айыпталушыларды күзетте ұстаудан босату тәртібі49-бап. Адамдарды арнаулы мекемелерде, арнаулы үй-жайларда, гауптвахталарда, уақытша ұсталғандарға арналған үй-жайларда ұстау тәртібі мен шарттарын қадағалау50-бап. Қоғамдық бақылау51-бап. Қоғамдық бақылау комиссиясының өкілеттіктері |