|
|
|
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің ҚР Үкіметінің 19.11.99 ж. № 1754 қаулысымен күші жойылды "Қазақстан Республикасы Үкіметінің құрылымы туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1999 жылғы 22 қаңтардағы № 6 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже; 2) ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 2) тармақшаның күші жойылды ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 2-тармақ өзгерді 2. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне екі вице-министрі болуға рұқсат етілсін. 3. ҚР Үкіметінің 03.09.99 ж. № 1301 қаулысымен 3-тармақтың күші жойылды 4. "Қазақстан Республикасының Ғылым министрлігі - Ғылым академиясының мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 4 желтоқсандағы № 1698 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 52, 479-құжат) күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі туралы ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгерді 1. Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігі (бұдан әрі - Министрлік), ғылым мен техника, жоғары білім аясында, аэроғарыш қызметі, атом энергиясын пайдалану және Қазақстан Республикасында ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету салаларында басшылықты, сондай-ақ заңдармен көзделген шектерде салааралық үйлестiрудi жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының орталық атқарушы органы болып табылады. Министрлiктiң мынадай ведомстволары болады; Аэроғарыш комитетi, Атом энергиясы жөніндегі комитетi. 2. Министрлік өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарына, Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 3-тармақ өзгерді 3. Министрлік мемлекеттік мекеменiң ұйымдастыру-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, банктерде шоттары, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы бейнеленген мөрі, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған басқа да мөрлері мен мөртаңбалары, белгіленген үлгідегі бланкілері болады. Министрлік азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан кіреді және белгіленген тәртіппен заңдарға сәйкес өзіне осы өкілеттіктер берілген жағдайда мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 4-тармақ жаңа редакцияда 4. Осы Ереже Министрлiктiң құрылтайшы құжаты болып табылады. 5. Министрлік өз құзыретінің шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында міндетті күші бар бұйрықтар шығарады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 6-тармақ жаңа редакцияда 6. Министрлiктiң штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының ?кіметi бекiтедi. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 6-1-тармақпен толықтырылды 6-1. Министрлiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлiгі" мемлекеттік мекемесi. 7. Министрлікті қаржыландыру республикалық бюджетте мемлекеттік органдарды ұстауға көзделген қаражаттың есебінен жүзеге асырылады. Министрлікке өзінің функциялары болып табылатын міндеттерді орындау тұрғысында кәсіпкерлік субъектілерімен шарттық қатынастарға кіруге тиым салынады. Егер Министрлікке заң актілерінде табыстар әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілсе, онда мұндай қызметтен алынған табыстар мемлекеттік бюджеттің кірісіне аударылады. 8. Министрліктің заңды мекен-жайы: 480021, Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28, оның өкілдігі - 473000, Астана қаласы, Жеңіс даңғылы, 87. 2. Министрліктің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары 9. Министрліктің негізгі міндеттері мыналар болып табылады: 1) елді дамытудың мемлекеттік стратегияларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу, ғылым мен техника, жоғары білім салаларына басшылық; 2) республиканы дамытудың стратегиялық басымдықтарын кадрлық қамтамасыз ету мақсатында ғылыми-техникалық және жалпы білім беру салаларын кезең-кезеңмен интеграциялауды жүзеге асыру; 3) ресурстарды ғылым мен техниканы дамытудың басымдықты бағыттарына шоғырландыру, тікелей инвестицияларды өз қызметінің аясына тартуға қатысу; 4) ғылыми зерттеулерді ұйымдастыруды жетілдіру; 5) міндетті мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптамамен және ғылыми зерттеулердің нәтижелерін мемлекеттік қабылдаумен бірге ашық конкурстардың (тендерлердің) негізінде зерттеулерді қаржыландыру; 6) ғылыми-техникалық кәсіпкерлік пен инновациялық қызметті дамыту, ғылыми-техникалық өнімдердің рыногын қалыптастыру үшін қажетті жағдайлар жасау; 7) ғылым мен техника, жоғары білім салаларын және мемлекеттік органдарды ақпараттандыру; 8) ғылым мен техника, жоғары білім саласында, сондай-ақ атом энергиясын пайдалану саласында заңдарды жетілдіру жөнінде ұсыныстар әзірлеу; 9) ғылым мен техника салаларында жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеуге және іске асыруға қатысу; 10) ғылым мен техниканың, жоғары білімнің инфрақұрылымдарын дамыту; 11) ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлау және аттестациялау; 12) атом энергиясын пайдалану саласында нормалар мен ережелердің сақталуын мемлекеттік қадағалау; 13) "Байқоңыр" ғарыш айлағы, бұрынғы Семей ядролық полигоны объектілерін және мемлекеттік басқа да ғылыми-техникалық кешендерін тиімді пайдалану. 10. Министрлік өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес, заңдарда белгіленген тәртіппен мынадай функциялары жүзеге асырады: 1) ғылым мен техниканы, жоғары білімді дамытудың басымдықты бағыттарын айқындайды; 2) елдің ғылыми-техникалық әлеуетін дамытудың жай-күйі мен қарқынына, олардың практикалық пайдаланылуын қоса алғанда зерттеулер мен әзірленімдердің нәтижелілігіне талдау жүргізеді; 3) бөлінген бюджеттік қаражаттың ұтымды пайдаланылуын қамтамасыз етеді; 4) мемлекеттік ғылыми-техникалық сараптама және олардың іске асырылуына бақылау жүргізе отырып, конкурстық негізде іргелі және қолданбалы ғылыми-техникалық зерттеулер бағдарламаларын қалыптастыруды жүзеге асырады; 5) ғылым мен техника, жоғары білім саласындағы, атом энергиясын пайдалану және ядролық қаруды таратпау режимін қамтамасыз ету саласындағы заңдардың қолданылуы тәжірибесін талдайды, қорытады және оларды жетілдіру жөнінде ұсыныс енгізеді; 6) ғылым мен техника салаларында мемлекеттің иелігінен алу және жекешелендіру бағдарламаларын әзірлеуге қатысады; 7) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларды әзірлеуге және іске асыруға қатысады; 8) өз қызметінің аясына шетелдік несиелер мен инвестицияларды тарту жөнінде ұсыныс енгізеді; 9) өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет салаларында кәсіпкерлікке қолдау көрсетеді, шағын және орта бизнесті дамытуға ықпал етеді; 10) республикалық бюджеттің қаражаты есебінен ұйымдар ғылыми-техникалық бағдарламаларды атқарушылар жүргізетін ғылыми, конструкторлық және технологиялық жұмыстарды үйлестіреді; 11) орталық атқарушы органдарға, ведомстволарға және ұйымдарға өз құзыретіндегі мәселелер бойынша ғылыми-әдістемелік көмек көрсетеді; 12) ғылыми-техникалық ақпараттың мемлекеттік жүйесін жетілдіреді, ғылым мен техника саласында ұлттық ақпараттық ресурсты қалыптастырады; 13) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік органдарды ақпараттандырудың бағдарламалары мен жобаларын келіседі; 14) ғылыми және педагогикалық кадрларды даярлауды және аттестациялауды ұйымдастырады және жүргізеді; 15) жоғары білімнің жалпыға міндетті мемлекеттік стандарттарын әзірлейді және бекітеді; 16) республиканың жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдарын мемлекеттік аттестациялауды және тіркеуді жүзеге асырады; 17) өзінің құзыретіне жатқызылған қызмет түрлерін лицензиялауды жүзеге асырады; 18) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға арналған мемлекеттік тапсырыстың көлемін айқындауға қатысады, оны жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру оқу орындарына (ведомстволық оқу орындарын қоспағанда) орналастыруды жүзеге асырады; 19) меншік нысандарына қарамастан жоғары оқу орындары үшін жоғары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды әзірлейді және бекітеді; 20) халықаралық шарттардың негізінде жоғары білім туралы шетелдік құжаттарды Қазақстан Республикасының аумағында тану (нострификациялау) мәселелерін шешеді; 21) Қазақстан Республикасының аумағында атом энергиясын пайдалануға байланысты қызметті реттейді; 22) аэроғарыштық қызмет саласында бірыңғай мемлекеттік саясатты жүргізеді; 23) "Байқоңыр" ғарыш айлағы, бұрынғы Семей ядролық сынақ полигоны объектілерін және республиканың басқа да ғылыми-техникалық кешендерін тиімді пайдалану жөніндегі іс-шараларды әзірлеуді және іске асыруды үйлестіреді; 24) өзінің құзыретіне жатқызылған қызметтердің аясында халықаралық ынтымақтастықты жүзеге асырады; 25) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша Қазақстан Республикасының халықаралық шарттарына қол қояды; 26) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асырады. 11. Министрліктің негізгі міндеттерді іске асыру және өзіне жүктелген функцияларды жүзеге асыру үшін заңдарда белгіленген тәртіппен: 1) өз құзыретінің шегінде нормативтік құқықтық актілер қабылдауға; 2) өз құзыретінің шегінде бақылау мен қадағалауды жүзеге асыруға; 3) мемлекеттік органдардан, ұйымдардан, лауазымды тұлғалардан және азаматтардан өз міндеттерін іске асыру үшін қажетті ақпарат сұратуға және алуға; 4) ведомстволық бағыныстағы ұйымдар құру, оларды қайта ұйымдастыру және тарату мәселелері бойынша ұсыныс енгізуге: 5) өз құзыретінің шегінде мемлекеттік мүлікке иелік етуге және пайдалануға және оны жекешелендіру жөнінде ұсыныс енгізуге; 6) Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің тапсырмасы бойынша халықаралық деңгейде Министрліктің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша мемлекеттің мүдделерін білдіруге; 7) олардың ведомстволық бағыныстылығы мен ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарына қарамастан ұйымдардың өкілдерін Министрлік ұйымдастыратын сараптамалық комиссиялардағы, жұмыс топтарындағы және уақытша шығармашылық ұжымдардағы жұмысқа тартуға; 8) сыйлықтар мен стипендиялар беруге; 9) баспагерлік қызметпен айналысуға, ведомстволық журналдары, газеттері, басқа да баспа және электронды бұқаралық ақпарат құралдары болуға; 10) лицензиялауды жүзеге асыруға; 11) өзіне заңдармен жүктелген өзге де функцияларды жүзеге асыруға құқығы бар. 3. Министрліктің мүлкі 12. Министрліктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкі болады. Министрліктің мүлкі өзіне мемлекет берген мүліктің есебінен қалыптастырылады және негізгі қорлар мен айналымдық қаражаттар, сондай-ақ құны Министрліктің балансында көрсетілетін өзге де мүліктен тұрады. 13. Министрліктің мүлкі республикалық меншік болып табылады. 14. Министрліктің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өздігінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге де тәсілмен билік етуге құқығы жоқ. Министрлікке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлікке билік ету құқығы берілуі мүмкін. 4. Министрліктің қызметін ұйымдастыру 15. Министрлікті Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Ғылым және жоғары білім министрі (бұдан әрі - Министр) басқарады. Министрдің оның ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 16. Министр Министрліктің жұмысын ұйымдастырады әрі оған басшылық жасайды және Министрлікке жүктелген міндеттердің орындалуы мен оның өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауапкершілікте болады. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 17-тармақ өзгерді 17. Министр осы мақсатта: 1) Министрлiктiң құрылымын, штат кестесiн және оны ұстауға арналған шығыстар сметасын бекiтедi; 2) өзінің орынбасарларының, департаменттер директорларының, Министрліктің басқа да қызметкерлерінің міндеттері мен өкілеттіктерінің шеңберін белгілейді; 3) Министрліктің қызметкерлерін, сондай-ақ тағайындау мен босату Қазақстан Республикасының Үкіметінің құзыретіне жатқызылған адамдарды қоспағанда ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) Министрліктің жұмыс регламенті, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері туралы ережені, сондай-ақ ведомстволық бағыныстағы мемлекеттік кәсіпорындардың құрылтай құжаттарын бекітеді; 5) қолданылып жүрген заңдарға сәйкес барлық органдар мен ұйымдарда Министрлікті білдіреді; 6) өзінің құзыретіне жатқызылған басқа да мәселелер бойынша шешім қабылдайды. 18. ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен алынып тасталды ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен 19-тармақ жаңа редакцияда 19. Министрлiкте Министрдiң жанындағы консультативтiк-кеңесшi орган болып табылатын Алқасы болады. Алқаның сандық және жеке құрамын, сондай-ақ ол туралы ереженi Министр бекiтедi. 20. Министрліктің жанында Министр басқаратын, ғылым мен техниканы дамытудың болжамдары мен мемлекеттік басымдықтарын әзірлеу үшін жауапты Жоғары ғылыми-техникалық кеңес жұмыс істейді. Жоғары ғылыми-техникалық кеңес туралы ереже мен оның құрамын Министр бекітеді. 21. Министрлік өз қызметіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен орталық және жергілікті атқарушы органдар үшін міндетті шешім қабылдайды. Министрлік қабылдаған шешім Министрдің бұйрықтарымен ресімделеді. 5. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату 22. Министрлікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 1 сәуірдегі № 352 қаулысымен бекітілген ҚР Үкіметінің 02.08.99 ж. № 1093 қаулысымен құрылым күшін жойды Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігінің Құрылымы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |