|
|
|
Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің Қару-жарақтың, әскери өнімнің және екіұдай мақсаттағы өнімнің экспорты-импорты мәселелері бойынша экспорттық бақылау жүйесін және ақпаратты қорғау жүйесін жетілдіру мен дамыту мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1-4. ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен 1-4 тармақтары күшін жойды 5. Құпия. 6. Арнайы мүлікті экспорттау мен импорттауды ұйымдастыру және Қазақстан Республикасына әртүрлі қару-жарақты, әскери техниканы және екіұдай мақсаттағы өнімді өндіру мен олардың жаңа түрлерін сатып алуға инвестициялар тарту үшін Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігі "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорынның сенімді шетелдік әріптестерін іздестіру жөнінде шаралар қабылдасын. 7. ҚР Үкіметінің 10.12.02 ж. № 1300 қаулысымен 7-тармақтың күші жойылды 8. ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен 8-тармақтың күшін жойылды 9. Қазақстан Республикасы Үкіметінің мынадай шешімдеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) "Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің "Қару-жарақ" республикалық мемлекеттік кәсіпорнын құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 18 желтоқсандағы № 1771 қаулысына: атауындағы және 2-тармақтағы "Қорғаныс министрлігі" деген сөздер "Премьер-Министрінің Кеңсесі" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) ҚР Үкіметінің 10.07.00 ж. № 1039 қаулысымен 2-тармақша алынып тасталды 10. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен ереженің күшін жойылды ҚР Үкіметінің 14.12.99 ж. № 1917 қаулысымен қосымшаның күшін жойылды
Балғымбаев Нұрлан - Қазақстан Республикасының Өтепұлы Премьер-Министрі, төраға Тілеубердин Алтай - Қазақстан Республикасының Абылайұлы Премьер-Министрі Кеңсесінің Басшысы, төрағаның орынбасары Елубаев Бауыржан - Қазақстан Республикасы Ұлттық Ысқақұлы қауіпсіздік комитеті төрағасының орынбасары (келісім бойынша) Алтынбаев Мұхтар - Қазақстан Республикасының Қорғаныс Қапашұлы министрі Тоқаев Қасымжомарт - Қазақстан Республикасының Сыртқы Кемелұлы істер министрі Кәкімжанов Зейнолла - Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Халидоллаұлы кіріс министрі Әблязов Мұхтар - Қазақстан Республикасының Энергетика, Қабылұлы индустрия және сауда министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |