|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1995 жылғы 28 қыркүйектегi № 2464 конституциялық заң күшi бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесiнiң Жаршысы, 1995 ж., № 17-18, 114-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентiнiң Жаршысы, 1997 ж., № 12, 192-құжат; 1998 ж, № 7-8, 71-құжат; 1998 жылы 10 қарашада "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерiнде жарияланған "Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 1998 жылғы 6 қарашадағы конституциялық заң күшi бар Жарлығына өзгерістер енгізу туралы" Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлсiн: 1. Тақырып мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының Конституциялық заңы Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" 2. Кiрiспесi алып тасталсын. 3. 1-баптағы, 5-баптың 3-тармағындағы, 20-баптың 5-тармағындағы, 33-баптың 2-тармағының 2), 3) тармақшаларындағы, 34-баптың 1, 5, 6-тармақтарындағы, 39-баптың 2-тармағындағы, 41-баптың 6-тармағындағы, 43-баптың 1-тармағындағы, 45-баптағы, 50-баптың 2,3-тармақтарындағы, 54-баптың 1,2-тармақтарындағы, 55-баптың 1-тармағындағы, 56-баптың 3-тармағындағы, 59-баптың 2-тармағындағы, 59-баптың 7-тармағының 3) тармақшасындағы, 61-баптың 2-тармағындағы, 62-баптың 2-тармағындағы, 63-баптың 2-тармағындағы, 64-баптың 3-тармағындағы, 65-баптың 3-тармағындағы, 66-баптың 2-тармағының 2) тармақшасындағы, 70-баптағы, 71-баптың 3, 6-тармақтарындағы, 72-баптың 3-тармағындағы, 73-баптың 2-тармағындағы, 73-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы, 76-баптың 2-тармағындағы, 78-баптың 3-тармағындағы, 79-баптың 2-тармағындағы, 80-баптың 2-тармағындағы, 81-баптың 3-тармағындағы, 82-баптың 2-тармағындағы, 83-баптың 1-тармағындағы, 86-баптағы, 87-баптың 5-тармағындағы, 89-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы, 93-баптың 2-тармағындағы, 94-баптың 3-тармағындағы, 95-баптың 2-тармағындағы, 96-баптың 2-тармағындағы, 97-баптың 3-тармағындағы, 98-баптың 2-тармағындағы, 99-баптың 1-тармағындағы, 102-баптағы, 103-баптың 8-тармағындағы, 104-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы, 107-баптың 2-тармағындағы, 108-баптың 3-тармағындағы, 109-баптың 2-тармағындағы, 110-баптың 2-тармағындағы, 111-баптың 3-тармағындағы, 112-баптың 2-тармағындағы, 113-баптың 1-тармағындағы, 115-баптағы, 117-баптың 9-тармағындағы, 118-баптың 6-тармағының 3) тармақшасындағы, 121-баптың 2-тармағындағы, 122-баптың 2-тармағындағы, 123-баптың 2-тармағындағы, 124-баптың 2-тармағындағы, 125-баптың 2-тармағындағы, 126-баптың 2-тармағындағы, 127-баптың 1-тармағындағы, 129-баптың 1-тармағындағы, 130-баптың 1, 2-тармақтарындағы, 133-баптағы "Осы Жарлық", "осы Жарлықтың", "осы Жарлықта", "осы Жарлыққа", "осы Жарлықты", "осы Жарлықпен" деген сөздер тиiсiнше "Осы Конституциялық заң", "Осы Конституциялық заңда", "осы Конституциялық заңға", "осы Конституциялық заңның", "осы Конституциялық заңды", "осы Конституциялық заңмен" деген сөздермен ауыстырылсын. 4. 3-баптың 3-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "3. Республика азаматтарының сайлауға қатысуы ерiктi болып табылады. Азаматты сайлауға қатысуға немесе қатыспауға мәжбүрлеуге, сондай-ақ оның еркiн бiлдiрудi шектеуге ешкiмнiң де құқығы жоқ.". 5. 4-баптың 4-тармағы "Қазақстан Республикасы Парламентiнiң," деген сөздерден кейiн "соның iшiнде партиялық тiзiмдер бойынша," деген сөздермен толықтырылсын. 6. 5-баптың 1-тармағы "әрқайсысының" деген сөзден кейін "бір сайлау бюллетеніне" деген сөздермен толықтырылсын. 7. 9-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасындағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын; 2-тармақтың 2) тармақшасында: "егер кандидатурасы үшiн дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамы дауыс берсе" деген сөздер "дауыс беруге қатысқан сайлаушылардың елу процентiнен астамының дауысын алған" деген сөздермен ауыстырылсын. Бұл түзету қазақша мәтiнде осының алдындағы түзетуге енгiзiлiп отыр. "осы Жарлықтың Ерекше бөлiмiнде белгiленген шектен төмен болмауға тиiс" деген сөздер алып тасталсын; 3-тармақтың 1) тармақшасы алып тасталсын. 8. 12-бапта: мынадай мазмұндағы 2-1) тармақшамен толықтырылсын: "2-1) саяси партияларды Парламент Мәжілісi депутаттарының партиялық тізім бойынша сайланатын бөлігіне қатыстыру мәселесін қарайды;"; мынадай мазмұндағы 3-1) тармақшамен толықтырылсын: "3-1) облыстар (республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша аумақтық округтiк сайлау комиссияларын құрады;"; 5) тармақша саяси партиялардың өкілдерімен сайлауды ұйымдастыру және өткізу жөнінде семинарлар өткізеді" деген сөздермен толықтырылсын; 6) тармақша "Президенттi және Парламент Мәжілісi депутаттарын сайлау жөніндегі сайлау бюллетеньдерiн дайындауды қамтамасыз етедi" деген сөздермен толықтырылсын; 13) тармақшадағы ", сондай-ақ олар қайта сайланған жағдайда Конституцияның 51-бабының 2-тармағына сәйкес Сенат депутаттарының сайлауын" деген сөздер алып тасталсын. 9. 13-бап мынадай редакцияда жазылсын: "13-бап. Аумақтық сайлау комиссиялары және оларды құру тәртібі 1. Облыстық (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы), аудандық, қалалық, қаладағы аудандық сайлау комиссиялары аумақтық сайлау комиссиялары болып табылады. 2. Аумақтық сайлау комиссиялары: 1) Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауын ұйымдастыруды және өткізудi қамтамасыз етедi; 2) жетi адамнан құрылады. 3. Облыстық сайлау комиссиялары облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуы бойынша Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен құрылады. Төменгi тұрған аумақтық сайлау комиссиялары тиiстi әкiмнiң ұсынуы бойынша жоғары тұрған аумақтық сайлау комиссиясының шешімімен құрылады. 4. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі аумақтық сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн - он күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдары мүшелерiнiң сайлауы жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы жетi күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.". 10. 14-баптың 7) тармақшасындағы "Парламент" деген сөзден кейiн "Сенаты" деген сөзбен толықтырылсын. 11. 15-бап мынадай редакцияда жазылсын: "15-бап. Округтiк сайлау комиссиялары және оларды құру тәртібі 1. Округтiк сайлау комиссиялары: 1) Орталық сайлау комиссиясының шешiмiмен облыс (республикалық маңызы бар қалалар және Республика астанасы) әкiмдерiнiң ұсынуымен құрылады; 2) сайлау округтерiнде Парламент Мәжілісi және мәслихаттар депутаттарының сайлауын ұйымдастыру мен өткізуді қамтамасыз етеді. 2. Округтiк сайлау комиссиясы жетi адамнан құрылады. 3. Округтік сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейiн он күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады.". 12. 17-бап мынадай редакцияда жазылсын: "17-бап. Учаскелiк сайлау комиссиялары және оларды құру тәртібі 1. Учаскелiк сайлау комиссиялары: 1) тиісті әкімдердің ұсынуы бойынша жоғары тұрған тиісті сайлау комиссияларының шешiмiмен құрылады; 2) тиiстi сайлау учаскелерiнде Президенттi, Парламент Мәжілісiнiң және мәслихаттардың депутаттарын, жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлауды ұйымдастыру мен өткізудi қамтамасыз етеді. 3) жетi адамнан құрылады. 2. Президент, Парламент және мәслихаттар депутаттарының сайлауы жөніндегі учаскелiк сайлау комиссияларының құрамы сайлау тағайындалғаннан немесе хабарланғаннан кейін - жетi күннен, ал жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау жөніндегі аумақтық комиссиялардың құрамы үш күннен кешiктiрiлмей бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланады." 13. 21-бапта: 2-тармақ "астанасындағы" деген сөзден кейiн ", аудандық, қалалық" деген сөздермен толықтырылсын. 3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "3. Республика Президентi және бара-бар өкiлдiк жүйесi бойынша партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Мәжіліс депутаттарының сайлауы кезiнде Қазақстан Республикасының бүкiл аумағы біртұтас жалпыұлттық сайлау округi болып табылады ". 14. 23-баптың 1-тармағындағы "округтiк" деген сөз алып тасталсын. 15. 27-баптың 2-тармағының 2) тармақшасы "кандидаттардың" деген сөзден кейiнгi "және" деген сөз алып тасталып, үтiр қойылсын және "олардың сенiм бiлдірген адамдарының" деген сөздерден кейiн, "және ынталы топтар мүшелерiнiң" деген сөздермен толықтырылсын. 16. 28-бапта: 3-тармақтағы "тиiстi облыстардың, қалалар мен аудандардың" деген сөздер алып тасталсын; 4-тармақ: "өткізу үшiн" деген сөздерден кейiн ", партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа" деген сөздермен толықтырылсын; "шараларды ұйымдастырып өткізу үшiн" деген сөздерден кейiн партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiндерден басқа," деген сөздермен толықтырылсын. 5-тармақ "Тиiстi сайлау комиссиялары" деген сөздерден кейiн ", партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын. 17. 33-бапта: 1-тармақ "Президенттi," деген сөзден кейiн "партиялық тiзiмдер негiзiнде сайланатын Парламент Мәжілісiнiң депутаттарын қоспағанда," деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: 2) тармақшадағы "сәйкес" деген сөзден кейiн ", партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын; 3) тармақшадағы "көпшiлiк шараларын өткізуге," деген сөздерден кейiн "партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын; 4) тармақшадағы "кандидаттардың" деген сөздiң алдынан "партиялық тiзiмдер бойынша дауысқа түсетiн кандидаттардан басқа," деген сөздермен толықтырылсын. 18. 34-бапта: 1-тармақтағы "сайлау алдындағы үгiтiн" деген сөздерден кейiнгi "кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын; 2-тармақтағы "Кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын; 3-тармақта: бірінші азатжолда сөйлемнің басындағы "Кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын; 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) сайлау округтерi бойынша депутаттыққа кандидаттардың жеке қаражатынан, саяси партиялардың қаражатынан;"; 4-тармақтағы "Кандидаттардың", "Кандидаттың" деген сөздер алып тасталып, екiншi сөйлемдегi "қорына" деген сөз "қорға" деген сөзбен ауыстырылсын; 5-тармақтағы "кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын; 6-тармақта: "Кандидаттың" деген сөз алып тасталсын; "сайлау комиссиясы" деген сөздерден кейiн "партиялық тiзiмдегi" деген сөздермен толықтырылсын; "тек қана кандидатқа" деген сөздерден кейін "және партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партияларға" деген сөздермен толықтырылсын; "тиiстi сайлау комиссиясына" деген сөздерден кейiнгi "кандидаттардың" деген сөз алып тасталып, "шоттарына" деген сөз "шоттарға" деген сөзбен ауыстырылсын; 7-тармақта "кандидатурасын алып тастаған" деген сөздерден кейін ", саяси партия партиялық тiзiмдi керi қайтарып алған" деген сөздермен толықтырылсын; "оны ұсыну не тiркеу туралы" деген сөздер "кандидатты, партиялық тiзiмдi ұсыну немесе кандидатты, партиялық тiзiмдi тiркеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын; 8-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "8. Арнаулы уақытша шот бойынша барлық қаржылық операциялар сайлаудың алдындағы күнi сағат 18.00-ден бастап тоқтатылады."; 9-тармақтағы: "кандидат" деген сөзден кейiн ", саяси партия" деген сөздермен толықтырылсын; "кандидатқа" деген сөзден кейiн ", саяси партияға" деген сөздермен толықтырылсын; 10-тармақта: "Кандидаттың" деген сөзден кейін ", партиялық тiзiмдi ұсынған саяси партияның" деген сөздермен толықтырылсын; "кандидатты" деген сөзден кейін ", партиялық тiзiмдi" деген сөздермен толықтырылсын. 19. 36-баптың 2-тармағында сөйлемнiң басындағы "Кандидаттардың" деген сөз алып тасталсын. 20. 37-бапта: 1-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "1. Сайлау бюллетенiне мемлекеттік тiлдiң әлiпбилiк тәртібімен тегi, аты, әкесiнiң аты көрсетiле отырып, барлық тiркелген кандидаттар енгiзiледi. Саяси партияларға дауыс беруге арналған сайлау бюллетенiне жеребемен айқындалған тәртiппен саяси партиялардың атаулары енгiзiледi. Жеребе тартуды Орталық сайлау комиссиясы жүргiзедi. Жеребе тартуды өткізудiң тәртібін Орталық сайлау комиссиясы белгiлейдi."; 3-тармақтағы (Сенат депутаттарын сайлау кезінде - аумақтық сайлау комиссияларына)" деген сөздер алып тасталсын. 21. 42-баптың 2-тармағы мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Сайлаушы саяси партиялардың атаулары бар бюллетеньде өзі жақтап дауыс беретін саяси партия атауының оң жағындағы бос шаршыға, не "Барлық саяси партияларға қарсы дауыс беремін" деген жолдың оң жағына орналасқан шаршыға кез келген белгi қояды.". 22. 43-бапта: 3-тармақ: "әрбiр кандидат" деген сөздерден кейiн ", әрбiр саяси партия" деген сөздермен толықтырылсын; Мынадай мазмұндағы азатжолмен толықтырылсын: "Жәшiктердi ашу, дауыстарды санау кезiнде дауысқа түскен әр кандидаттан бiр сенiм бiлдiрiлген адам, куәлiгi және редакцияның тапсырмасы болса, әрбiр бұқаралық ақпарат құралынан бiр-бiрден өкiлжурналист, сондай-ақ Республиканың тиiстi сайлау комиссиясы жанында тiркелген қоғамдық бiрлестiктерiнен бiр-бiрден байқаушы, шет мемлекеттердiң және халықаралық ұйымдардың байқаушылары қатыса алады. Өкілдер мен байқаушылардың сайлау комиссияларының жұмысына араласуына жол берілмейді."; 4-тармақта: 4) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: 4) әрбiр кандидат үшiн, әрбiр саяси партия үшiн берiлген дауыстардың саны;"; 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "6) сайлаушылар барлық кандидаттарға, саяси партияларға қарсы дауыс берген бюллетеньдердiң саны.", 5-тармақтың 3) тармақшасы мынадай редакцияда жазылсын: "3) жергiлiктi өзiн-өзi басқару органдарының мүшелерiн сайлау кезiнде дауыс берудi қоспағанда, бiр кандидаттан артық, бiр саяси партиядан артық белгiленген;"; 6-тармақ алып тасталсын. 23. 44-баптың 5-тармағында: "иә деп" деген сөздер алып тасталсын; "әрбiр кандидат үшiн" деген сөздерден кейiн ", әрбiр саяси партия үшiн" деген сөздермен толықтырылсын; "жарамды деп танылған, алайда дауыс санаған кезде есепке алынбаған" деген сөздер "сайлаушылар барлық кандидаттарға, саяси партияларға қарсы дауыс берген" деген сөздермен ауыстырылсын. 24. 47-баптың 1-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "1. Президенттiкке, Парламент, мәслихаттар депутаттығына кандидаттар тiркелген күнiнен бастап сайлау қорытындысы жарияланғанға дейiн жұмыстан, әскери қызметтен және әскери жиындардан босатылуға құқылы. Кандидаттардың сайлауға қатысқан уақыты тiркелген күнге дейiн оның жұмыс iстеген мамандығы бойынша еңбек стажына есептеледi. Президенттiкке, партиялық тiзiм бойынша дауысқа түскен кандидаттарды қоспағанда, Парламент депутаттығына, сондай-ақ мәслихаттар депутаттығына кандидаттарға сайлау өткізуге бөлiнген республикалық бюджет қаражатынан осы кезеңге орташа жалақысы мөлшерiнде шығындарының орны толтырылады.". 25. 49-бапта "дауыс 6epy қарсаңында" деген сөздер "дауыс беруден бес күн бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын. 26. 50-бапта: 1-тармақ "кандидатты деген сөзден кейiн, партиялық тiзiмдi" деген сөздермен толықтырылсын; 3-тармақта: "Кандидат" деген сөзден кейiн ",саяси партия" деген сөздермен толықтырылсын; "оған ескерту жасалады" деген сөздер "оларға ескерту жасалады" деген сөздермен ауыстырылсын; "оны тiркеу туралы деген сөздер "кандидатты, партиялық тізiмдi тiркеу туралы" деген сөздермен ауыстырылсын. 27. 55-баптың 1-тармағындағы "осы Жарлықта белгiленген сайлаушылар қолдауы бар болған жағдайда" деген сөздер алып тасталсын. 28. 59-баптың 2-тармағында: "депозит ретiнде" деген сөздер алып тасталсын; "мың мәрте мөлшерінде" деген сөздер "жүз мәрте мөлшерінде" деген сөздермен ауыстырылсын; ", сайлау қорытындысына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын. 29. 60-баптың 1 және 2-тармақтарындағы "үш тәулiк бұрын" деген сөздер "жетi тәулiк бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын; 30. 63-баптың 1-тармағындағы "Президент сайлауы кезiнде дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын. 31. 64-баптың 1-тармағындағы "өткiзiлген жоқ немесе" деген сөздер алып тасталсын. 32. 65-баптың 2-тармағының 1) тармақшасындағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын. 33. 68-бапта: 1-тармақта: "Парламент Палаталары төрағаларының" деген сөздер "Сенат Төрағасының, Мәжіліс Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын; "Президентi сайлауының қорытындыларын шығару" деген сөздер "Президентінің қызметке кiрiсуi" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақтағы "қайта сайлау" деген сөздер "қайта дауыс беру" деген сөздермен ауыстырылсын. 34. 69-бапта: 1-тармақтың 2) тармақшасы "Сенатта өкiлдiгi жоқ тиiстi әкiмшiлiк-аумақтық бөлiнiстердiң құрылуы" деген сөздермен толықтырылсын; 5-тармақтағы "және Мәжіліс депутаттары сайлауынан кемiнде үш күн бұрын өткiзiлуге тиiс" деген сөздер "және мерзiмi бойынша Парламент Мәжілісi депутаттарының сайлауымен сәйкес келе алмайды," деген сөздермен ауыстырылсын. 35. 71-бапта: 2-тармақтың 1) тармақшасындағы "республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихаты кемінде екі кандидат ұсынады" деген сөйлем алып тасталсын; 3-тармақтағы ", осы Жарлықта белгiленген таңдаушылардың қолдауына ие болған" деген сөздер алып тасталсын. 36. 72-бапта: 1-тармақ "қолдауына" деген сөзден кейiн ", бiрақ бiр мәслихаттан таңдаушылар дауысының елу процентiнен аспайтын дауысына" деген сөздермен толықтырылсын."; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Таңдаушылардың қолдауы олардың қолдарын жинаумен куәландырылады. Бұл орайда таңдаушылардың әрқайсысы Сенаттың депутаттығына бір кандидатты ғана қолдап өз қолын қоюға құқылы. Сенаттың депутаттығына кандидат тiркелгеннен кейiн қойылған қол тек сот шешiмiнiң негiзiнде ғана керi қайтарылып алынады.". 37. 73-баптың 2-тармағында: "жүз мәрте мөлшерiнде" деген сөздер "елу еселенген мөлшерiнде" деген сөздермен ауыстырылсын; ", сайлау қорытындысына қарамастан," деген сөздер алып тасталсын. 38. 74-баптың 1-тармағындағы "үш тәулiк қалғанда және 2-тармағындағы "үш тәулiк бұрын" деген сөздер тиiсiнше "жетi тәулiк қалғанда" және "жетi тәулiк бұрын" деген сөздермен ауыстырылсын; 39. 77-баптың 2-тармағы мынадай редакцияда жазылсын: "2. Егер бiрлескен отырысқа тиiсiнше облыстың барлық мәслихаттарынан, республикалық маңызы бар қаланың немесе Республика астанасының мәслихатынан өкiл болатын депутаттардың жалпы санының елу проценттен астамы қатысса, ол заңды болады." 40. 79-бапта: 1-тармақтағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын; 2-тармақтағы "дауыс берудiң бiрiншi туры" деген сөздер "бастапқы дауыс беру" деген сөздермен ауыстырылсын; 3-тармақ алып тасталсын. 41. 81-баптың 2-тармағында: 1) тармақшадағы "дауыс берудiң бiрiншi турында" деген сөздер алып тасталсын; 2) тармақшадағы "басқа кандидаттармен" деген сөздер "басқа кандидатпен" деген сөздермен ауыстырылсын; ",бiрақ дауыс беруге қатысқан таңдаушылардың жалпы санының кемiнде қырық процентiнiң" деген сөздер алып тасталсын. 42. 84-баптың 1-тармағында: "Парламент Палаталары төрағаларының" деген сөздер "Сенат Төрағасының, Мәжілiс Төрағасының" деген сөздермен ауыстырылсын; "Сенат депутаттары сайлауының нәтижелерін қорыту" деген сөздер "сайланған Сенат депутаттарын тіркеу" деген сөздермен ауыстырылсын. 43. 85-бапта: 1-тармақтың 1) тармақшасындағы "Парламент" деген сөз "Мәжіліс депутаттарының" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақтағы: "Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Парламенттiң iс үстіндегі сайланымы өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын және екi айдан кешiктiрмей Республика Президентi тағайындайды." деген сөйлем "Осы баптың 1-тармағының 1) тармақшасында көзделген жағдайда депутаттар сайлауын Республика Президентi Мәжіліс депутаттары өкiлеттiгi мерзiмiнiң бiтуiнен кемiнде бес ай бұрын тағайындайды және ол екi айдан кешiктiрiлмей өткiзiледi." деген сөйлеммен ауыстырылсын; "Егер Республика Президентi депутаттар сайлауын көрсетiлген мерзiмде тағайындамаса, Орталық сайлау комиссиясы Мәжіліс депутаттары сайлауын Парламенттiң iс үстіндегі сайланымының өкiлеттiк мерзiмi бiткен күннен бастап үш ай iшiнде өткiзедi" деген сөйлем алып тасталсын. 44. 87-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша сайлау үшiн адамдарды кiргiзу құқығы саяси партияларға тиесiлi." 2-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлемдермен толықтырылсын: "Партиялық тiзiмдерге бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжілiстiң депутаты етiп сайлау үшiн адамдарды кiргiзудi саяси партияның жоғары органы жүргiзедi. Саяси партиялар партиялық тiзiмдерге осы саяси партияның мүшесi болып табылмайтын адамдарды кiргiзуге құқылы. Партиялық тiзiмiне бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша Мәжілістiң депутаты етiп сайлану үшiн кіргiзiлген адамның аумақтық сайлау округi бойынша ұсынылуға құқығы жоқ."; мынадай мазмұндағы 2-1-тармақпен толықтырылсын: "2-1. Саяси партиялар адамдарды партиялық тiзiмде орналастырудың тәртібін дербес белгiлейдi Партиялық тiзiмдi саяси партияның жоғары органының партиялық тiзімдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрмемен бiрге саяси партияның өкiлi Орталық сайлау комиссиясына табыс етедi. Өкiлдiң өкiлеттігі тиісті құжаттармен расталуға тиіс. 6-тармақ "округiнен" деген сөзден кейiн "және бiр партиялық тiзiмнен" деген сөздермен толықтырылсын. 45. 88-бап мынадай редакцияда жазылсын: "88-бап. Сайлау жарнасы Мәжілістiң депутаттығына әрбiр кандидат тiркелгенге дейiн және оның Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгiн тексергеннен кейiн өз қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының елу еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Енгiзiлген жарна кандидатқа қайтарылмайды және республикалық бюджет кiрiсiнiң айналысына түсiрiледi. Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тiзiмдердi ұсынған саяси партиялар оларға енгiзiлген адамдардың Конституция мен осы Конституциялық заң арқылы оларға қойылатын талаптарға сәйкестiгi тексерiлгеннен кейiн саяси партиялардың қаражатынан Орталық сайлау комиссиясының шотына партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адам үшiн заңдарда белгiленген ең төменгi жалақының елу еселенген мөлшерiнде сайлау жарнасын енгiзедi. Енгiзiлген жарна саяси партияларға қайтарылмайды және республикалық бюджет кірісінің айналысына түсiрiледi.". 46. 89-бапта: 1-тармақ мынадай мазмұндағы сөйлеммен толықтырылсын: "Саяси партиялар табыс еткен партиялық тiзiмдердi тiркеудi Орталық сайлау комиссиясы жүзеге асырады."; 7-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: Бiртұтас жалпыұлттық сайлау округiнiң аумағы бойынша партиялық тізімдерді тiркеу мынадай құжаттар: 1) саяси партияның жоғары органының саяси партияның Республика Әдiлет министрлігінде тiркелгендiгi туралы құжаттың көшiрмесi қоса берiле отырып, партиялық тiзiмдi ұсыну туралы хаттамасынан көшiрме, сондай-ақ оның республикалық мәртебесiн растайтын құжаттар; 2) азаматтың партиялық тiзiмге енгiзiлуiне келiсетiндiгi туралы арызы; 3) партиялық тізімге енгізілген әрбір адам туралы өмірбаяндық деректер; 4) партиялық тiзiмге енгiзiлген әрбiр адамның психикалық денсаулық жағдайы туралы медициналық анықтама; 5) саяси партияның сайлау жарнасын енгiзгендiгiн растайтын құжат болған жағдайда жүргiзiледi. Партиялық тiзiм бойынша кандидат етiп: 1) тiркеу алдындағы бiр жыл iшiнде сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшiн тәртiптiк жауапқа тартылған; 2) тiркеу алдындағы бiр жыл iшiнде қасақана құқық бұзғаны үшiн сот тәртібімен әкiмшiлiк жаза қолданылған; 3) тiркеу уақытына қарай өтелмеген немесе заңда белгiленген тәртiппен алынбаған соттылығы бар адам тiркелуге жатпайды.";
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |