|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 22 мамырдағы № 620 қаулысымен Бекітілген ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 19 сәуірдегі № 498 Қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасында азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы (2011.30.06. берілген өзгерістер мен толықтыруларымен)
1-Бөлім Азаматтық хал актілері жазбаларын өзгерту, қалпына келтіру және жою туралы
1-Тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар және түзетулер енгізу тәртібі
1. Жеткілікті негіздер болғанда азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу: 1) ұл (қыз) асырап алуға байланысты оның тегі, аты, әкесінің аты, туған жері мен күні өзгертілгенде, сондай-ақ бала (қыз) асырап алушыларды асырап алынған баланың (қыздың) ата-анасы ретінде жазғанда; 2) некені бұзуға немесе некенің жарамсыз деп тануға байланысты ерінің (зайыбының) тегі өзгертілгенде; 3) ата-анасының арасындағы некенің тоқтатылуына немесе некенің жарамсыз танылуына байланысты кәмелетке толмаған баланың тегін өзгерткенде; 4) әке болуды тіркегенде; 5) некеге тұрмаған анадан баланың туылу туралы акт жазбасына баланың әкесі туралы мәліметтерді енгізу туралы өтініш түскенде; 6) ұл (қыз) асырап алудың күшін жою немесе оның күші жоқ деп тану, сондай-ақ некенің күші жоқ деп тану туралы сот шешіміне байланысты; 7) баланың туу туралы акт жазбасынан баланың әкесі немесе шешесі туралы мәліметтерді алып тастау туралы сот шешіміне байланысты; 8) тегін және атын, әкесінің атын өзгерткенде; 9) ата-анасының тегі мен әкесінің аттарының өзгеруіне байланысты кәмелетке толмаған баланың тегі мен әкесінің аты өзгергенде; 10) азаматтық хал актілері жазбаларындағы қателер сот тәртібімен анықталғанда; 11) әке болу туралы сот шешiмiнiң күшi жойылғанда; 12) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қосарланған аты немесе әкесiнiң аты көрсетiлген болса; 13) егер азаматтық хал актiсi жазбасында ата-анасының тегi, аты, әкесiнiң аты немесе ұлты көрсетiлмесе; 14) егер азаматтық хал актiсi жазбасында қате мәлiметтер көрсетiлсе; 15) егер баланың туғанын тiркеу кезiнде оған тегi немесе аты ата-анасының тiлегi ескерілмей берiлсе; 16) егер баланың оның туу туралы акт жазбасында көрсетiлгеннен өзге аты болса, мұны оның мүддесi қажет етсе; 17) егер туу туралы акт жазбасында баланың аты толық көрсетiлмесе (кiшiрейтiлiп, еркелетiп, қысқартылып көрсетiлсе); 18) егер азаматтық хал актiсiн тiркеу кезiнде қателер (бұрмалаулар, мәлiметтердi немесе жекелеген сөздердi тастап кету) жiберiлген болса; 19) жынысын өзгертуге байланысты тегi, аты және әкесiнiң атын түзету қажет болса; 20) ұлттық дәстүрлерге байланысты тегiн, әкесiнiң немесе атасының атынан туындайтын тектi өзгерткенде; 21) ұлты өзгерген жағдайда жүргiзiледi. ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 857; 2005.14.02. № 140; 2011.30.06. № 736 (бұр.ред.қара) қаулыларымен 2-тармақ өзгертілді 2. Азаматтық хал актілерінiң жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу: 1) ұл (қыз) асырап алу туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң; 2) кәмелетке толмаған баланың тегiн өзгерту туралы заңды күшiне енген сот шешiмiнiң; 3) әке болуды анықтау туралы акт жазбасының; 4) азаматтық хал актiсi жазбасындағы қателердiң анықталғаны туралы сот шешiмiнiң; 5) некенi бұзу туралы, туу туралы акт жазбасынан баланың әкесi немесе шешесi жөніндегі мәлiметтердi алып тастау туралы, әке болудың анықталғандығы туралы бұрын шығарылған сот шешiмiн жою туралы, ұл (қыз) асырап алудың күшi жоқ деп немесе жарамсыз деп тану; сондай-ақ некенiң күшi жоқ деп тану туралы сот шешiмiнiң; 6) тегiн, атын, әкесiнiң атын өзгерту туралы акт жазбасының; 7) некеде тұрмаған ананың туу туралы актiлердi тiркеу кiтабына баланың әкесi туралы мәлiметтер енгізу жөніндегі өтiнiшiнiң; 8) тегін ұлттық дәстүрлер бойынша әкесiнiң немесе атасының атынан туындайтын текке өзгерту туралы өтiнiштiң; 9) өтiнiш берушiнiң тұрғылықты жеріндегі аумақтық әдiлет органы бекiткен аудандық (қалалық) АХАЖ бөлiмiнiң қорытындысының; 10) ұлтын өзгерту туралы ішкі істер органдары анықтамаларының негізінде жүргізіледі. Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген нысандағы қорытындыларды АХАЖ органдары 1-тармақтың 12, 13, 14, 17, 18, 19-тармақшаларында көзделген жағдайларда жасайды. 3. Азаматтық хал актiсi жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздар берушiнiң тұрғылықты жеріндегі АХАЖ органына берiледi. Арыз АХАЖ органына түскен күннен бастап бiр ай мерзiмде қаралуға жатады. Дәлелдi себептер болған жағдайда аумақтық әдiлет органы АХАЖ бөлiмiнiң бастығы көрсетiлген мерзiмдi әрi кеткенде бiр айдан аспайтын уақытқа ұзартуы мүмкiн. 4. Баланың тууын тiркегенде балаға ата-аналарының тiлектерi ескерiлмей тегi немесе аты берiлуiне байланысты, сондай-ақ егер баланың оның тууы туралы акт жазбасында көрсетiлген нақты атынан басқа аты болса, ата-аналардың баланың тегiн не атын өзгерту туралы өтiнiштерiн АХАЖ органдары бала он алты жасқа толғанға дейiн қабылдайды. 5. Қайтыс болған адамдарға қатысты азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу осы Ереженiң 8-бөлiмiнде белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 6. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгiзгенде не осы бөлiмнiң Ереженiң 1-тармағының 12, 13, 14, 15, 16, 17, 18, 19-тармақшаларында көзделген жағдайларда оларды енгізуден бас тартылғанда, АХАЖ органдары аумақтық әдiлет органдары бекiтетiн қорытындылар жасайды. Азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізуден бас тартылуға сот тәртібімен шағым беруге болады. 7. Қорытындылар мен азаматтық хал актілері жазбаларына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу үшiн негiз болып табылатын осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген құжаттар тиiстi азаматтық хал актiсiнiң жазба жасалған жердегі АХАЖ органдарына орындалуға жiберiледi. Тиiстi жазбалар жасалған жердегi АХАЖ органдары азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудi құжаттар түскен күннен бастап он бес күн мерзiмде жүргiзедi. Сонымен бiрге өтiнiш берушiге берiлетiн немесе арыз берушiнiң тұрғылықты жеріндегі АХАЖ органына жiберiлетiн азаматтық хал актiсiн тiркеу туралы жаңа куәлiк жазылады. ҚР Үкіметінің 2011.30.06. № 736 Қаулысымен 8-тармақ өзгертілді (бұр.ред.қара) Әскери міндетті және әскер қатарына шақырылатындардың азаматтық хал актілері жазбаларына енгізілген тегі, аты, әкесінің аты, туған күні мен жері туралы өзгертулер туралы АХАЖ органы жеті күн мерзімде өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер енгізілген жердегі жергілікті әскери басқару органдарына хабарлайды. Азаматтық хал актілеріне енгiзiлген өзгертулер, толықтырулар мен түзетулер жөнiнде АХАЖ органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген нысан бойынша аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмiнiң мұрағатына хабарлама жiбередi. 9. Шетелде тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының АХАЖ органдарында тiркеген және шетелде тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу туралы арыздарына Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiне немесе консулдық мекемелерiне бередi. Азаматтық хал актілеріне өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізудi Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiгiнiң немесе консулдық мекемесiнiң арызы бойынша тиiстi актi тiркелген жердегi АХАЖ органы жүргiзедi. 10. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының АХАЖ органдарында тiркеген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбасына өзгерістер, толықтырулар мен түзетулер енгізу осы Ережедегi Бөлiмде белгiленген тәртiпте жүргiзiледi. 2-Тарау. Азаматтық хал актілерінің жоғалған жазбасын қалпына келтіру тәртібі 11. Азаматтық хал актілерінiң жоғалған жазбасын қалпына келтiру туралы арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына берiледi. Арыз бiр айға дейiнгi мерзiмде қаралуға жатады. Дәлелдi себептер болған кезде аумақтық әдiлет органы АХАЖ бөлiмiнiң бастығы көрсетiлген мерзiмдi бiр айдан аспайтын уақытқа ұзартуы мүмкiн. 12. Азаматтық хал актілері жазбаларының жоғалуын сол жоғалған жазба жасалған жердегi АХАЖ органының облыстық (қалалық) мұрағаты растауға тиiс. АХАЖ органдарының жоғалған жазбаларды қалпына келтiруi мүмкiн болмаған кезде азаматтық хал актiсiн тiркеу фактiсi Қазақстан Республикасының азаматтық iс жүргiзу заңдарында белгiленген ережелер бойынша сот тәртібімен белгiленедi. 13. Азаматтық хал актілерінiң жазбаларын қалпына келтiру тиiстi жазбаның бұрын болғандығын растайтын құжаттар болғанда немесе сот шешiмi негiзiнде жүргiзiледi. 14. Ұсынылған құжаттар мен тексерулердiң нәтижелерi негiзiнде арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органы Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген нысан бойынша азаматтық хал актiсiнiң жоғалған жазбасын қалпына келтiру немесе одан бас тарту туралы қорытынды жасайды, оны аумақтық әдiлет органы бекiтедi. 15. Азаматтық хал актiсiнiң жазбасын қалпына келтiру туралы АХАЖ органының қорытындысы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеу үшiн жоғалған жазба жасалған жердегi АХАЖ органына жiберiледi. 16. Азаматтық хал актiсiнiң тiркелу фактiсi сот тәртібімен анықталған кезде АХАЖ органы сот шешiмiнiң негiзiнде азаматтық хал актiсiнiң жазбасын қорытынды жасамай-ақ тiркейдi. ҚР Үкіметінің 25.06.01 ж. № 857 қаулысымен 17-тармақ өзгертілді; ҚР Үкіметінің 03.06.03 ж. № 520 қаулысымен 17-тармақ жаңа редакцияда 17. Қалпына келтiрiлген азаматтық хал актiсiнің жазбасын тiркеудi жазба жоғалған жер бойынша АХАЖ органдары жүргiзедi. Жоғалған жазба сот тәртібімен қалпына келтiрiлген жағдайда, актiнiң қалпына келтiрілген жазбасын тiркеу сот шешiмi шығарылған жер бойынша жүргiзiледi. Азаматтық хал актiсiн қалпына келтiру туралы жазба күнделiктi тiркеу кiтабында, ал туу туралы қалпына келтiрiлген жазбаны тiркеу туу туралы қалпына келтiрiлген актiлердi тiркеу кiтабында жүргiзiледi. 18. Шетелде тұрғылықты тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының АХАЖ органдарында тiркеген және шетелде тұрақты тұратын шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдар жоғалған азаматтық хал актілерінiң жазбаларын қалпына келтiру туралы арыздарын Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiне немесе консулдық мекемелерiне бередi. Азаматтық хал актілерінiң жазбаларын қалпына келтiрудi жоғалған жазба болған жердегi АХАЖ органы Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiнiң немесе консулдық мекемелерiнiң арызы бойынша жүргiзедi. 19. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының АХАЖ органдарында тiркелген шетел азаматтарының және азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларын қалпына келтiру осы Ереженiң 2-тарауында белгiленген тәртiппен жүргiзiледi. 3-Тарау. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшін жою 20. Азаматтық хал актiсi жазбаларының күшi мынадай жағдайларда жойылуы мүмкiн: 1) сот шешiмiнiң негiзiнде; 2) мүдделi адамдардың берген арызы бойынша; 3) бастапқы, қалпына келтiрiлген немесе қайта жасалған күшi жойылуға жататын жазбаны тапқан АХАЖ органының бастамасы бойынша. 21. Қалпына келтiрiлген немесе қайта жасалған жазбаны тапқан немесе мүдделi азаматтық хал актiлері жазyларының күшін жою туралы адамдардың, арызын алған АХАЖ органы акт жазбасының тиiстi көшiрмелерiн жинайды және азаматтық хал актілері жазбасының күшiн жою жөнінде Қазақстан Республикасының Әдiлет министрлігі белгiлеген нысан бойынша қорытынды жасау үшiн материалдарды аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмiне жiбередi. 22. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшiн жою туралы арыздар арыз берушiнiң тұрғылықты жерi бойынша АХАЖ органына арыз берiледi. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшiн жою туралы арыздары АХАЖ органдары бiр айға дейiнгi мерзiмде қарауға тиiс. 23. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшiн жоюды сот шешiмiнiң негiзiнде жоюды АХАЖ органы қорытынды жасамай-ақ жүргiзедi. Қалған жағдайларда қорытынды жасау мiндеттi. 24. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшi жойылғаны туралы азаматтық хал актiсi арыз берушi бойынша тiркелген адамдарға және тиiстi аумақтық әдiлет органы АХАЖ бөлiмiне хабарланады. 25. Азаматтық хал актiсi жазуын арызы бойынша жою туралы азаматтық хал актiсi тiркелген адамдарға және тиiстi аумақтық әдiлет органының АХАЖ бөлiмiнiң мұрағатына хабарланады. 26. Шетелде тұратын Қазақстан Республикасының азаматтары, сондай-ақ азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының АХАЖ органдарында тiркеген және шетелде тұрғылықты тұратын шетел азаматтары және азаматтығы жоқ адамдар қалпына келтiрiлген немесе қайта жасалған азаматтық хал актілері жазбаларының күшiн жою жөніндегі арыздарын Қазақстан Республикасының шетелдегi елшiлiктерiне немесе консулдық мекемелерiне бередi. Азаматтық хал актілері жазбаларының күшiн жоюды, күшi жойылуға жататын жазба сақталған жердегi АХАЖ органы жалпы тәртiппен шетелдегi Қазақстан Республикасы елшiлiгiнiң немесе консулдық мекемесiнiң тиiстi аумақтық әдiлет басқармасындағы АХАЖ органына жiберетiн арызы бойынша жүргiзедi. 27. Қазақстан Республикасының аумағында тұратын және азаматтық хал актілерін Қазақстан Республикасының АХАЖ органдарында тiркеген шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ адамдардың азаматтық хал актілері жазбаларының күшiн жою осы Ереженiң осы бөлiмiнде белгiленген тәртiпте жүргiзiледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |