Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы
Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесі Төраға Ю.А.Ким, Кеңес мүшелері Н.І.Өкеев, А.Есенжанов, А.К.Котов, В.Д.Шопин қатысқан құрамда, өтінім субъектілерінің өкілдері - Сенат депутаты С.Г.Темірболатов және Мәжіліс депутаты Н.С.Каптильдің қатысуымен ашық отырысында Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісі Төрағаларының Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінімін қарады. Қолда бар материалдарды зерделей келе және баяндамашы - Конституциялық Кеңестің мүшесі В.Д.Шопиннің хабарын, өтінім субъектілері өкілдерінің сөздерін тыңдап, Конституциялық Кеңес мынаны анықтады: Қазақстан Республикасының Конституциялық Кеңесіне 1999 жылғы 22 маусымда Парламент Сенаты Төрағасы Ө.Байгелди мен Парламент Мәжілісі Төрағасы М.Оспановтың Қазақстан Республикасы Конституциясының 49-бабының 2-тармағын ресми түсіндіру туралы өтінімі келіп түсті. Өтінімде сондай-ақ көрсетілген норманы түсіндіруде мынадай: 1) бірінші шақырылған Парламент Мәжілісі депутаттарының төрт жылдық өкілеттік мерзімінің басталуы мен аяқталуы туралы; 2) екінші шақырылған Парламенттің бірінші сессиясын Қазақстан Республикасының Президенті Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабының 2-тармағында белгіленген мерзімде, яғни сайлау қорытындылары жарияланған күннен бастап отыз күннен кешіктірмей, шақыруға құқылы ма деген сұрақтарға жауаптар беру туралы өтініш орын алған. Қазақстан Республикасы Конституциясының 59-бабы 2-тармағы нормасының мазмұнын талдауда Конституциялық Кеңес мынаны ескерді. Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|