|
|
|
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы 1-бап. Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы" 1995 жылғы 20 шілдедегі № 2368 заң күші бар Жарлығына (Қазақстан Республикасы Жоғарғы Кеңесінің Жаршысы, 1995 ж., № 13, № 23, 152-құжат; Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 1, 180-құжат; № 18, 367-құжат; 1997 ж., № 11, 144-құжат; № 12, 189-құжат; № 22, 333-құжат; 1998 ж., № 4, 46-құжат; 1998 жылғы 26 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының мемлекеттік мекемелерді қаржыландыру мәселелері бойынша кейбір заң актілеріне өзгерістер енгізу туралы" 1998 жылғы 22 желтоқсандағы Қазақстан Республикасының Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1. Тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасындағы кеден ісі туралы Қазақстан Республикасының Заңы". 2. Кіріспе алып тасталсын. 3. Бүкіл мәтін бойынша: "Жарлық", "Жарлықтың", "Жарлықпен", "Жарлықта", "Жарлыққа", "Жарлықты", деген сөздер тиісінше "Заң", "Заңның", "Заңмен", "Заңда", "Заңға", "Заңды" деген сөздермен ауыстырылсын; "Министрлер Кабинеті", "Министрлер Кабинетінің", "Министрлер Кабинетімен" деген сөздер тиісінше "Үкіметі", "Үкіметінің", "Үкіметімен" деген сөздермен ауыстырылсын; "Қазақстан Республикасы орталық кеден органының актілерімен" деген сөздер "кеден ісі жөніндегі нормативтік құқықтық актілерімен" деген сөздермен ауыстырылсын; "экономикалық саясат шаралары", "экономикалық саясат шараларын", "экономикалық саясат шараларының", "экономикалық саясат шаралары" деген сөздер тиісінше "тарифтік емес реттеу шарасы", "тарифтік емес реттеу шараларын", "тарифтiк емес реттеу шараларының", "тарифтiк емес реттеу шаралары" деген сөздермен ауыстырылсын; "ең төменгi жалақы", "ең төменгi жалақыға", "ең төменгi жалақыдан" деген сөздер тиiсiнше "айлық есептiк көрсеткiш", "айлық есептiк көрсеткiшке", "айлық есептiк көрсеткiштен" деген сөздермен ауыстырылсын; "сот органдары", "сот органдарына", "сот органының", "сот органдарының" деген сөздер тиiсiнше "соттар", "соттарға", "соттың", "соттардың" деген сөздермен ауыстырылсын; "қазақстандық тұлға", "қазақстандық тұлғалар", "қазақстандық тұлғаға", "қазақстандық тұлғаларға" деген сөздер тиiсiнше "отандық тұлға", "отандық тұлғалар", "отандық тұлғаға", "отандық тұлғаларға" деген сөздермен ауыстырылсын; "қазақстандық тауар", "қазақстандық тауарлар, "қазақстандық тауарларды" деген сөздер тиiсiнше "отандық тауар", "отандық тауарлар", "отандық тауарларды" деген сөздермен ауыстырылсын. 1) үшiншi бөлiк алып тасталсын; 2) төртiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының кеден аумағында периметр бойынша шектелген еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың орналасуы мүмкiн. Қазақстан Республикасы кеден аумағының шектерi, сондай-ақ еркiн кеден аймақтары мен еркiн қоймалардың периметрi кеден шекарасы болып табылады.". 5. 5, 6-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "5-бап. Кеден заңдары Қазақстан Республикасындағы кеден iсi осы Заңмен, Қазақстан Республикасының өзге де заң актерлерiмен және кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлермен реттеледi. Кеден iсi мәселелерiне қатысты Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінің ережелерi осы Заңның ережелерiне қайшы келмеуi керек және кеден iсiнде осы Заңға өзгерістер мен толықтырулар енгiзiлгеннен кейiн қолданылады. Егер Қазақстан Республикасы бекiткен халықаралық шартта Қазақстан Республикасының кеден заңдарында бар ережелерден өзге қағидалар белгiленген болса, аталған шарттың ережелерi қолданылады. 6-бап. Кеден заңдарының қолданылатын уақытындағы күшi Осы Заңда және Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерiнде көзделген жағдайларды қоспағанда, кеден iсiнде Қазақстан Республикасының кеден органы кеден декларациясын және кедендiк мақсаттар үшiн қажеттi құжаттарды қабылдаған күнi күшiнде болған Қазақстан Республикасының нормативтiк құқықтық актілері қолданылады. Осы Заңда белгiленген талаптарды бұза отырып, Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын өткізуге: Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлiк құралдарын iс жүзiнде өткiзген күнi; егер iс жүзiнде өткiзген күндi белгiлеу мүмкiн болмаса, кедендiк құқық бұзушылық анықталған күнi қолданылып жүрген кеден заңдары қолданылады.". 1) бiрiншi бөлiктегi "Қазақстан Республикасының Үкіметі" деген сөздерден кейiн "және кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік орган" деген сөздермен толықтырылсын; 2) бесiншi бөлiк алып тасталсын; 3) алтыншы бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасының орталық кеден органының басшысын кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайды.". 7. 8-бап мынадай редакцияда жазылсын: "8-бап. Қазақстан Республикасының кеден органдары "Құқық қорғау органдары болып табылатын Қазақстан Республикасының кеден органдары бiртұтас жүйенi құрайды, оған мыналар кiредi: Қазақстан Республикасының орталық кеден органы; кеден басқармалары; кедендер; кеден күзеттерi. Кеден басқармалары мен кедендер Қазақстан Республикасы Үкіметінiң шешiмi бойынша құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады, Қазақстан Республикасының Yкіметі бекiткен Ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi. Кеден күзеттерi Қазақстан Республикасы орталық кеден органының ұсынысы бойынша кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік органның шешiмiмен құрылады, қайта ұйымдастырылады және таратылады да кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi орган бекiткен Ережелер негiзiнде жұмыс iстейдi.". 8. 9-бап мынадай редакцияда жазылсын: "9-бап. Кеден органдарының мiндеттерiн шешуге ықпал ететiн ұйымдар Кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган Қазақстан Республикасы орталық кеден органының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметіне Қазақстан Республикасы кеден органдарының мiндеттерiн шешуге ықпал ететiн ұйымдар, оның iшiнде ғылыми-зерттеу мекемелерiн, кәсiби білім беретiн оқу орындарын және кеден лабораторияларын құру туралы ұсыныс енгiзедi. Қазақстан Республикасының кеден органдарының, Қазақстан Республикасының орталық кеден органына ведомстволық бағыныстағы кеден лабораторияларының, ғылыми-зерттеу мекемелерi мен оқу орындарының және өзге де ұйымдарының мүлкi мемлекет меншiгi болып табылады. Мемлекеттік меншiк объектiлерiн, оның iшiнде осы баптың бiрiншi бөлiгiнде аталған ұйымдарды жекешелендiру кезiнде тек қана кеден мақсаттары үшiн пайдаланылатын мүлiк Қазақстан Республикасының заң актілері мен Қазақстан Республикасы Үкіметінiң актілерінде белгiленген тәртiппен оқшауландырылады және Қазақстан Республикасы кеден органдарының балансына берiледi.". 9. 10-бап мынадай редакцияда жазылсын: "10-бап. Кеден iсi жөніндегі нормативтiк құқықтық актiлер Қазақстан Республикасының орталық кеден органы өз құзыретi шегiнде кеден iсi мәселелерi бойынша уәкiлеттi мемлекеттік органмен келісілген кеден iсi бойынша нормативтiк құқықтық актiлер қабылдайды. Аталған актiлер Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес мемлекеттік тiркеуге және жариялануға жатады.". 1) бiрiншi абзац мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасы кеден органдарының негiзгi мiндеттерi мынадай:"; 2) 2) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "2) атқарылуына бақылау жасауды Қазақстан Республикасының кеден органдары жүзеге асыруға мiндеттi Қазақстан Республикасының кеден және өзге де заңдарының сақталуын; кеден iсiн жүзеге асыру кезiнде азаматтар мен ұйымдардың заңды құқықтары мен мүдделерiнiң қорғалуын қамтамасыз ету;"; 3) 19) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "19) бiрыңғай қаржы-шаруашылық саясатын iске асыруға, кеден органдарының материалдық-техникалық және әлеуметтiк базасын дамытуға қатысу.". 1) бiрiншi бөлiктегi "осы Жарлыққа және кеден iсi жөніндегі өзге де актiлерге" деген сөздер "Қазақстан Республикасының кеден заңдарына" деген сөздермен ауыстырылсын; 2) екiншi бөлiктегi "заңдарында" деген сөз "заң актілерінде" деген сөздермен ауыстырылсын. 1) 1) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "1) "декларант" - тауарлар мен көлiк құралдарын өз атынан мәлiмдеушi, көрсетушi және ұсынушы тұлға;"; 2) 2) тармақшада "қазақстандық" деген сөз "отандық" деген сөзбен ауыстырылсын; 3) 6) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "6) "тарифтiк емес реттеу шаралары" - Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн және өзiне жекелеген тауарларды әкетуге және (немесе) әкелуге мемлекеттік монополияны қамтитын шаралар; тауарларды әкетудi және /немесе/ әкелудi сандық шектеулер."; 4) 10), 11), 14) және 16) тармақшалар алып тасталсын; 5) 17) тармақша мынадай редакцияда жазылсын: "17) "тауардың кедендiк құны" - Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өтетiн тауардың осы Заңға байланысты анықталатын және мынадай мақсаттарда: тауарға кеден төлемдерi мен салықтарын салу; кеден статистикасын жүргізу; Қазақстан Республикасының сыртқы сауда саясатын мемлекеттік реттеудiң өзге де шараларын қолдану үшiн пайдаланылатын құны;"; 6) мынадай мазмұндағы 25), 26) тармақшалармен толықтырылсын: "25) "кеден iсi мәселелерi жөніндегі уәкiлеттi мемлекеттік орган" - өзiне табысталған құқықтардың шегiнде кеден iсiне жалпы басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының Yкіметі белгiлейтiн мемлекеттік орган; 26) "орталық кеден органы" - осы Заңға сәйкес Қазақстан Республикасындағы кеден iсiне тiкелей басшылықты жүзеге асыратын орган.". 13. 19-баптың екiншi бөлiгiнде "және Қазақстан Республикасының заңдарымен" деген сөздер алып тасталсын. 14. Мынадай мазмұндағы 22-1-баппен толықтырылсын: "22-1-бап. Кеден режимдерiнiң түрлерi Кеден заңдарын қолдану мақсатында кеден режимдерiнiң мынадай түрлерi белгiленедi: 1) тауарларды еркiн айналыс үшiн шығару; 2) тауарлардың керi импорты; 3) тауарлар транзитi; 4) кеден қоймасы; 5) бажсыз сауда жасайтын дүкен; 6) кеден аумағында тауарларды өңдеу; 7) кедендiк бақылаумен тауарларды өңдеу 8) тауарларды уақытша әкелу және уақытша әкету; 9) еркiн кеден аймағы; 10) еркiн қойма; 11) тауарларды кеден аумағынан тысқары жерлерде өңдеу; 12) тауарлар экспорты; 13) тауарлардың керi экспорты; 14) тауарларды жою; 15) мемлекеттiң пайдасы үшiн тауардан бас тарту.". 15. 23-бап мынадай редакцияда жазылсын: "23-бап. Тауарлар мен көлiк құралдарының кеден режимiн таңдау және өзгерту Тұлға, егер осы Заңда өзгеше көзделмесе, тауар мен көлiк құралының сипатына, мөлшерiне, шығарылған, келген немесе арналған елiне қарамастан, кез-келген уақытта кез-келген кеден режимiн таңдауға немесе оны басқасына өзгертуге құқылы.". 16. 24-бап мынадай редакцияда жазылсын: "24-бап. Кедендiк ресiмдеу және кеден бақылауы Тауарлар мен көлiк құралдары осы Заңда көзделген тәртiппен және шарттармен кедендiк ресiмдеуге және кедендiк бақылауға жатады.". 17. 27-бап мынадай редакцияда жазылсын: "27-бап. Кеден төлемдерi мен салығы бөлiгiнде кеден жеңiлдiктерi берiлетiн, шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдарын пайдалану және (немесе) иелiк ету Кеден төлемдерi мен салығы бойынша жеңiлдiктер белгіленген шектеулердi, талаптарды немесе шарттарды сақтаған кезде берiлетiн тауарлар мен көлiк құралдары шартты түрде шығарылады және осындай жеңiлдiктер берiлуге байланысты мақсаттарда ғана пайдаланылады. Осы тауарлар мен көлік құралдары оларды осындай мақсаттарда қолданған секілді өзге мақсаттарда пайдалануға кеден төлемдерi мен салығы төленіп, бұл жайында кеден органдарына хабарланған және осы заңда көзделген басқа да талаптар орындалған жағдайда жол берiледi. Осы бапта белгiленген талаптарды сақтауға жауапкершiлiк кедендiк ресiмдеу кезiнде шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдары пайдалануына және (немесе) иелiк етуiне берiлген тұлғаға жүктеледi. Декларант шартты түрде шығарылған тауарлар мен көлiк құралдары пайдалануына және (немесе) иелiк етуiне берiлген тұлғамен бiрге ортақтаса жауап бередi.". 18. 29, 31-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "29-бап. Тауарларды еркiн айналысқа шығаруға қойылатын талаптар Тауарларды еркiн айналысқа шығару: осы Заңда көзделген кеден төлемдерi мен салығы төленген; тарифтiк емес реттеу шаралары мен валюталық реттеу саласындағы талаптар сақталған; осы Заңда, Қазақстан Республикасының өзге де заң актілерінде көзделген басқа да талаптар орындалған; кедендiк ресiмдеу аяқталған жағдайларда жүзеге асырылады. 31-бап. Тауарлардың керi импортына қойылатын талаптар Тауарлардың керi импортының кеден режимiне: Қазақстан Республикасының аумағынан одан тыс жерлерге экспорттың кеден режимiне сәйкес бұдан бұрын әкетiлген; әкетілген сәттен бастап үш жыл iшiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелiнген; табиғи тозудың не тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында кемудiң салдарынан болған өзгерістердi, апаттық немесе тежеусiз күштiң әсер етуi, сондай-ақ тауарлармен олардың сақталуын, ұсақ жөндеудi қамтамасыз ету жөніндегі операцияларды жүзеге асыру салдарынан тауарлардың бүлiнуi мен өзге де нашарлауы, нәтижесiнде әкету сәтiнде айқындалатын құны ұлғаймаған жағдайларын қоспағанда, тауарларды орналастыруға рұқсат етiледi. Тасымалдау мен сақтаудың қалыпты жағдайларында тауарлардың табиғи тозуы немесе кемуi осы тауарларға қатысты стандарттармен айқындалады. Апаттың немесе тежеусiз күштiң әсер өтуi салдарынан жай-күйiнiң өзгеру фактiсi Қазақстан Республикасының шет елдегi консулдық мекемелерiнiң растамасымен құжаттай қуатталуға тиiс. Бұл ретте әкету күнi кеден декларациясы қабылданған күн болып саналады.". 19. 32-баптың үшiншi бөлiгіндегі "Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкi белгiлеген ресми проценттiк ставка" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкінің қайта қаржыландыру ресми ставкасы" деген сөздермен ауыстырылсын. 1) бiрiншi бөлiктiң екiншi абзацындағы "қандай да бiр коммерциялық" деген сөздер "кәсiпкерлiк" деген сөзбен ауыстырылсын; 2) екiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Қазақстан Республикасына әкелуге және Қазақстан Республикасынан әкетуге тыйым салынған тауарларды транзиттiң кедендiк режимiмен орналастыруға рұқсат етiлмейдi."; 3) үшiншi бөлiк алып тасталсын. 21. 35-бап мынадай редакцияда жазылсын: "35-бап. Тауарлар транзитiне бүрiлетiн рұқсат Тауарлар транзитi Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен жүргiзiледi. Қазақстан Республикасының заңдарымен Қазақстан Республикасының кеден аумағында еркiн айналысқа шығарған кезде тарифтiк емес реттеу шараларын және (немесе) кеден бажын және (немесе) салық алуды қолдану белгiленген тауарларға: көлiк құралының тиiсiнше жабдықталуына қойылатын Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген талаптар сақталған; кеден бажы мен салықтарын төлеудi қамтамасыз ету уәкiлеттi банктің кепiлдiгi түрiнде берiлген немесе тиесiлi сомалар Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгiзiлген жағдайда; тауарлар кедендік алып жүрілген жағдайда транзитке рұқсат етіледi. Бұл ретте, егер транзитке қойылатын талаптарды сақтау осының алдындағы шараны қолдану арқылы қамтамасыз етiлмейтiн болса атап өтiлген шаралардың әрбiр кейiнгiсi қолданылады. Тасымалдаушы кедендiк алып жүрудi қолдануды таңдауға құқығы бар. Көлiк құралын тиiсiнше жабдықтауды қамтамасыз етуге байланысты тасымалдаушыда пайда болған шығыстарды Қазақстан Республикасының кеден органы өтемейдi. Қазақстан Республикасының Yкіметі транзитке кеден бажы мен салықтарын төлеген жағдайда ғана рұқсат етiлетiн тауарлардың тiзбесiн белгiлейдi.". 22. 42-бап мынадай редакцияда жазылсын: "42-бап. Кеден қоймасын құруға арналған лицензия Кеден қоймасы Қазақстан Республикасы орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн құрылуы мүмкiн. Егер кеден қоймасын Қазақстан Республикасының кеден органдары құрса, аталған лицензияны алудың қажетi жоқ. Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi. Кеден қоймасын құруға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн. Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа оны қайтарып алу туралы хабарланған күннен бастап қолданылады. Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады. Лицензияның күшi тоқтатылған кезде шетел тауарларын қоймаға орналастыру кеден бажын, салығын төлеп және тарифтiк емес реттеу шараларын қолданып жүзеге асырылады, ал орналастырылатын отандық тауарлар жөнiнде кеден бажынан босату не кеден бажын қайтару жүргiзiлмейдi. Кеден органы құрған және жұмыс iстеп тұрған кеден қоймалары ақпараттың мерзiмдi жарияланып тұруын қамтамасыз етедi.". 1) тақырыбы мынадай редакцияда жазылсын: "43-бап. Кеден қоймалары иелерiнiң мiндеттерi"; 2) бiрiншi бөлiк алып тасталсын; 3) екiншi бөлiк мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген кедендiк қойманың мекемесiне арналған үй-жайдың немесе орынның жабдықталуына қойылатын талаптарды сақтауға.". 24. 44-бап мынадай редакцияда жазылсын: "44-бап. Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салығын төлеу жауапкершілiгi Кеден қоймасы арқылы айналысқа түсетiн тауарларға қатысты кеден төлемдерi мен салығын төлеу жөнiнде декларант жауап бередi. Тауарларды кеден қоймасына сақтауға қойған тұлға декларантпен бiрге ортақ жауап бередi. Осы Заңның 43-бабында белгiленген талаптар сақталмаған жағдайда кеден төлемдерi мен салығын төлеу жөнiнде жауапкершiлiк кеден қоймасының иесiне жүктеледi.". 25. 45-баптың бiрiншi бөлiгiнде "орталық кеден органы" деген сөздер "Үкіметі" деген сөзбен ауыстырылсын; 1) бiрiншi бөлiк мынадай редакцияда жазылсын: "Тауарлар кеден қоймасында үш жыл бойы сақталуы мүмкiн, тауарлардың жекелеген санаттары және кеден заңдарының талаптарын сақтамайтын тұлғалар үшiн аталған мерзiм Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен шектеледi."; 2) мынадай мазмұндағы үшiншi бөлiкпен толықтырылсын: "Кеден режимi өзгертiлместен тауарларды бiр кеден қоймасынан екiншiсiне ауыстырған кезде сақтау мерзiмi тауарларды кеден қоймасына бастапқы орналастырған күннен бастап есептеледi.". 27. 47-баптың бiрiншi бөлiгiнде: 1) бiрiншi абзацта "мынадай" деген сөз алып тасталсын; 2) үшiншi абзацындағы "Қазақстан Республикасы кеден органының рұқсатымен" деген сөздер алып тасталсын. 28. 48-баптың екiншi бөлiгi мынадай редакцияда жазылсын: "Белгiленген мерзiмнен кешiктiрiлмей тауарлар iс жүзiнде Қазақстан Республикасының кеден аумағынан тысқары әкетiлуi немесе өзге кеден режимiне мәлiмделiнуi тиiс.". 29. 49-баптағы "орталық кеден органы белгілей алады" деген сөздер "Үкіметі белгiлейдi" деген сөздермен ауыстырылсын. 30. 50-бап мынадай редакцияда жазылсын: "50-бап. Бажсыз сауда жасайтын дүкен режимiнiң мақсаты Бажсыз сауда жасайтын дүкен - Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарлар, кейіннен мұндай тауарлар Қазақстан Республикасының кеден аумағынан әкетiлетiн жағдайда, кеден бажы, салықтар алынбастан, тарифтiк емес реттеу шаралары қолданылмастан бөлшектеп сатылатын кеден режимi. Тауарларды сату кедендiк бақылаумен Қазақстан Республикасының кеден аумағында халықаралық қатынастар үшiн ашық әуежайларда, порттарда және шекаралық өткелдерде, сондай-ақ халықаралық тасымалдар жасайтын әуе және теңiз кемелерiнiң бортында жүргiзiледi.". 31. 51-бап мынадай редакцияда жазылсын: "51-бап. Бажсыз сауда дүкенiн ашуға арналған лицензия Бажсыз сауда дүкенiн отандық тұлға оның иесi Қазақстан Республикасы орталық кеден органының лицензиясын алғаннан кейiн Қазақстан Республикасының кеден органдары анықтайтын жерлерде аша алады. Лицензиялауға байланысты қатынастар лицензиялау туралы заңдармен реттеледi. Бажсыз сауда дүкенiн ашуға берiлген лицензияның күшiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы тоқтата тұруы мүмкiн. Лицензияны қайтарып алу лицензиатқа қайтарып алу жайында хабарланған күннен бастап қолданылады. Лицензияны тоқтата тұру тоқтата тұру туралы шешiм қабылданған күннен бастап қолданылады.". 32. Мынадай мазмұндағы 51-1-баппен толықтырылсын: "51-1-бап. Бажсыз сауда дүкенiне қойылуға тиiс тауарлар Бажсыз сауда дүкенiне тiзбесiн Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тауарлардан басқа кез-келген тауар қойылуы мүмкiн.". 33. 52-бап мынадай мазмұндағы екiншi абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген, бажсыз сауда жасайтын дүкен мекемесiне арналған үй-жайдың жабдықталуына қойылатын талаптарды сақтауға.". 34. 55-59-баптар мынадай редакцияда жазылсын: "55-бап. Тауарларды ұқсату жөніндегі операциялар Тауарларды ұқсату жөнiңдегi операцияларға: сәйкестендiру ұқсатудың мiндеттi шарты болып табылатын жағдайда, ұқсату өнiмдерiнде әкелiнген тауарларды сәйкестендiруге мүмкiндiк беретiн сипаттамаларды ұқсату өнiмдерiнде сақтай отырып, шетелдiк тауарлар өзiндiк сипатын жоғалтатын тауардың өзiн ұқсату; әкелiнген тауарлардың негiзгi сипаттамалары сақталатын монтажды, құрастыруды және үйлестiре лайықтауды қоса алғанда, басқа тауар жасау (өңдеу); тауарды қалпына келтiрудi қоса алғанда оны жөндеу; ұқсату өнiмдерiнiң өндiрiсiн жеңiлдетуге арналған кейбір тауарларды ұқсату процесi кезiнде оларды толық немесе iшiнара тұтына отырып пайдалану енедi. Бұл операция осы баптың екiншi-төртiншi абзацтарында аталғандар мен бір мезгілде орындалуы керек. 56-бап. Кеден аумағында тауарларды ұқсату режимiн қолдануға қойылатын талаптар Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсатудың кедендiк режимiн пайдалануға, егер: тауарларды Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша ұқсату режимiне орналастыруға тыйым салынса; ұқсату үшiн өндiрiстiң үздiксiз циклiне жататын немесе Қазақстан Республикасының аумағында бiрдей ұқсату өнiмдерiн өндiрудi болдырмайтын, бiрегей саналатын технологиялық процесс ұқсату үшiн пайдаланылған жағдайларды қоспағанда, әкелiнген тауарлар ұқсату өнiмдерiнде бiрдейлендiрiлуi мүмкiн болмаса жол берiлмейдi. Аталған технологиялық процестердiң тiзбесiн белгiленген тәртiппен тиiстi уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi; тауарлардың ұқсатылуын жүзеге асыратын тұлға: 1) жүргiзудiң белгiленген тәртібі бұзылып, жүзеге асырылып жатқан бұрын әкелiнген тауарларды ұқсату режимiн аяқтамаса; 2) көрсетiлген тәртiптi бұрын әлденеше рет (екi рет және одан көп) бұзса; 3) контрабанда белгiлерiмен кеден ережелерiн бұзғаны байқалса, ол Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртiппен дәлелденсе, жол берiлмейдi. Тауарларды кеден аумағында ұқсату үшiн: Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен ресiмделетiн ұқсату шарттары туралы мiндеттеменi отандық тұлғаның көрсетуi; декларанттың таңдауы бойынша кедендiк әкелу бажы мен салығын төлеу не оларды уәкiлеттi банктiң кепiлдiгi түрiнде төленуiн қамтамасыз ету немесе тиесiлi сомаларды Қазақстан Республикасы кеден органының депозитiне енгізу осы Заңда көзделген өзге де талаптарды орындау қажет. Шетелдiк тауарларды ұқсату жөніндегі операцияларды жүзеге асырған кезде отандық тауарлар пайдаланылуы мүмкiн. Әкетуге тарифтiк емес реттеу шаралары және (немесе) кеден бажы қолданылатын отандық тауарларды пайдалануға уәкiлеттi мемлекеттік органның рұқсаты болған кезде жол берiледi. 57-бап. Кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмi Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмiн Қазақстан Республикасының орталық кеден органы белгiлеген тәртiппен, декларант айқындайды. Көрсетiлген мерзiм тауарлар Қазақстан Республикасының кеден шекарасы арқылы өткiзiлген күннен бастап екi жылдан асып кетпеуi керек. Қазақстан Республикасының кеден аумағында тауарларды ұқсату мерзiмiн өткiзген күннен бастап екi жылға дейiн ұзартуды декларант осылай ұзартудың қажеттiгiн негiздеп, кеден органына хабарлау арқылы жүзеге асырады. Ұқсату мерзiмiн екi жылдан артық ұзарту уәкiлеттi мемлекеттік органмен келiсе отырып орталық кеден органы белгiлейтiн тәртiппен жүргiзiледі. Қазақстан Республикасының Үкіметі белгiлейтiн тiзбе бойынша жекелеген тауарларды ұқсатуға қатысты тауарларды ұқсату мерзiмiн уәкiлеттi мемлекеттік орган белгiлейдi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |