|
|
|
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау ҚР Үкіметінің 2002 ж. 17 маусымдағы № 662 қаулысына сәйкес осы қаулы, 2-тармағынан басқасы, күшін жойды "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 9 сәуірдегі № 394 қаулысына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған: 1) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті туралы ереже; 2) Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің құрылымы бекітілсін. 2. Мыналардың: 1) "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің жанынан Ұлттық зейнетақы агенттігін құру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1997 жылғы 14 шілдедегі № 1108 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 32, 293-құжат); 2) "Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Ұлттық зейнетақы агенттігінің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 8 сәуірдегі № 297 қаулысының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 11, 83-құжат) күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 471 қаулысымен Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінің 1999.08.02. № 1093 қаулысымен 1-тармақ өзгертілді 1. Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті (бұдан әрі - Комитет) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін мемлекеттік реттеу және бақылау функцияларын Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің құзыретінің шегінде жүзеге асыратын ведомствосы болып табылады. 2. Комитет өз қызметін Қазақстан Республикасының Конституциясына, заңдарына, Қазақстан Республикасы Президентінің, Үкіметінің актілеріне, өзге де нормативтік құқықтық актілерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. Комитеттің, өз құзыреті шегінде, заңдарда белгіленген тәртіппен қабылдаған шешімдері барлық заңды және жеке тұлғалардың атқаруы үшін міндетті болып табылады. 3. Комитет мемлекеттік мекеменің ұйымдастырушылық-құқықтық нысандарындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тілде жазылған мөрі және белгіленген үлгідегі бланкілері, сондай-ақ заңдарға сәйкес банкте шоттары болады. Комитет азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседі. Егер, Комитетке заңдарға сәйкес уәкілеттік берілген болса, онда оның мемлекет атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқығы бар.
4. Комитет өз құзыретіндегі мәселелер бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен бұйрықтар шығарады.
5. Комитеттiң құрылымы мен штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметi бекiтедi. 6. Комитеттің заңды мекен-жайы: Қазақстан Республикасы, Алматы қаласы, Қонаев көшесі, 122. 7. Комитеттің толық атауы - "Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитеті" мемлекеттік мекемесі. 8. Комитет туралы осы Ереже оның құрылтай құжаты болып табылады. 9. Комитеттің қызметін қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Егер заңдық актілермен Комитетке табыс әкелетін қызметті жүзеге асыру құқығы берілетін болса, онда мұндай қызметтен алынған табыс мемлекеттік бюджеттің кірісіне жіберілетін болады. Комитетке кәсіпкерлік субъектілермен Комитеттің функциялары болып табылатын міндеттерді орындауда шарттық қатынастарға түсуге тыйым салынады. 2. Комитеттің негізгі міндеттері, функциялары және құқықтары 10. Комитеттің негізгі міндеттері: 1) жинақтаушы зейнетақы жүйесі саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыру; 2) халықтың жинақталған зейнетақы қаражатын қорғау мақсатында жинақталған зейнетақы қорларының тұрақты қызметін қамтамасыз ету; 3) жинақтаушы зейнетақы қорлары салымшыларының және/немесе алушыларының мүдделерін қорғау болып табылады. 11. Комитет өзіне жүктелген міндеттерге сәйкес және заңда белгіленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы жарналарын тарту және зейнетақы төлемдерін жүзеге асыру жөніндегі қызметтерін лицензиялайды; 2) жинақтаушы зейнетақы қорларының құрылтайшыларына, басшы қызметкерлеріне және мамандарына қойылатын талаптарды белгілейді; 3) мемлекеттік емес жинақтаушы қорларының қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ететін нормалар мен лимиттерді белгілейді; 4) жинақтаушы зейнетақы қорларында бухгалтерлік есеп жүргізу мен есеп беру методологиясын әзірлейді; 5) алушылардың дербес шоттарындағы жинақталған зейнетақы қаражаттарының есебін жүргізу тәртібін белгілейді және оның жүргізілуінің дұрыстығын бақылайды; 6) зейнетақы жарналарынан және инвестициялық табыстан жинақтаушы зейнетақы қорлары проценттер түрінде алатын комиссиялық сыйақылардың шекті мөлшерін белгілейді; 7) жинақталған зейнетақы қаражаттарының қалыптасуы мен мақсатты пайдаланылуын өз құзыреті шегінде бақылайды; 8) жинақтаушы зейнетақы қорларының зейнетақы ережелерін бекітеді; 9) таратылатын мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорының зейнетақы активтерін, оның зейнетақы шарттары бойынша міндеттемелерін басқа қорға беру тәртібін белгілейді; 10) жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметінің мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық актілердің жобаларын әзірлеуге қатысады; 11) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу мәселелері жөніндегі ведомстволық нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және бекітеді; 12) Комитет қызметкерлерінің жеке жауапкершілігі негізінде мемлекеттік және коммерциялық құпия болып саналатын ақпараттардың, жинақтаушы зейнетақы қорларының бастапқы ақпараттары мен қаржылық есептілігіндегі құпиялылықтың сақталуын қамтамасыз етеді; 13) Комитет қызметкерлерін даярлауды, қайта даярлауды және олардың кәсіби біліктілігін көтеруді жүзеге асырады; 14) жинақтаушы зейнетақы қорлары қызметкерлерінің кәсіби біліктілігін көтеруге көмектеседі; 15) өзге де функцияларды жүзеге асырады. 12. Комитет өз құзыреті шегінде заңдарда белгіленген тәртіппен негізгі міндеттерді іске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында: 1) мемлекеттік емес жинақтаушы зейнетақы қорларының қайта ұйымдастырылуын (біріктіру, қосу, бөлу, бөліп шығару) және қордың корпоративтік түрден ашық түрге өзгеруіне, өз еркімен таратылуына рұқсат беруге; 2) жинақтаушы зейнетақы қорларының филиалдары мен өкілдіктерін ашуға рұқсат беруге; 3) өздерінің қызметі кезінде ашық жинақтаушы зейнетақы қорларының дауыс беру құқығы бар 25 проценттен астам акцияларына тікелей немесе жанама ие болу, билік ету және/немесе басқару құқығын жүзеге асыруға рұқсат беруге; 4) Қазақстан Республикасының орталық және жергілікті атқарушы органдарынан және өзге де ұйымдардан, сондай-ақ жеке тұлғалардан қажетті құжаттарды сұратуға және алуға; 5) жинақтаушы зейнетақы қорларынан есеп алуға; 6) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін, оның ішінде жергілікті жерлерде тексеру жүргізу жолымен тексеруге және сонымен бірге қажетті ақпараттарды алуға; 7) тексеруге қатысу үшін мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың мамандарын, консультанттарын тартуға; 8) жинақтаушы зейнетақы қорлары заңдарды бұзған жағдайда "Қазақстан Республикасында зейнетақымен қамсыздандыру туралы" Қазақстан Республикасының Заңында көзделген ықпал ету шараларын қолдануға; 9) жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметінде Қазақстан республикасының заңдарын бұзушылық анықталған жағдайда материалдарды тиісті шаралар қолдану үшін құқық қорғау органдарына, соттарға және басқа да мемлекеттік органдарға жіберуге; 10) жинақтаушы зейнетақы қорларына атқаруға міндетті жазбаша нұсқаулар енгізуге; 11) жинақтаушы зейнетақы қорының қызметін жүзеге асыруға берілген лицензияны қайтарып алуға және қолданылуын тоқтатуға; 12) таратылатын жинақтаушы зейнетақы қорларының бекітілген тарату балансы мен есептерін алуға; 13) Комитеттің құзыретіне кіретін мәселелер бойынша кеңестер, семинарлар, конференциялар мен халықаралық симпозиумдар өткізуге; 14) заңдарда көзделген өзге де өкілеттіктерді жүзеге асыруға құқылы. 3. Комитеттің мүлкі 13. Комитеттің жедел басқару құқығында оқшауланған мүлкі болады. 14. Комитетке бекітіліп берілген мүлік республикалық меншікке жатады. 15. Комитеттің өзіне бекітіліп берілген мүлікті өз бетінше иеліктен шығаруға немесе оған өзге тәсілмен билік жүргізуге құқығы жоқ. Комитетке заңдарда белгіленген жағдайлар мен шектерде мүлікке билік жасау құқығы берілуі мүмкін. 4. Комитеттің қызметін ұйымдастыру 16. Комитетті Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрінің ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасының Үкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Комитет төрағасының ұсынуы бойынша Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Комитет төрағасының орынбасары болады. 17. Комитет төрағасы Комитеттің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды және Комитетке жүктелген міндеттердің орындалуы мен олардың өз функцияларын жүзеге асыруы үшін жеке жауап береді. 18. Комитеттің төрағасы осы мақсатта: 1) орынбасарлардың және Комитеттің құрылымдық бөлімшелері басшыларының міндеттерін белгілейді; 2) заңдарға сәйкес Комитет қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады, тәртіптік жаза қолданады; 3) Комитеттің Біліктілік комиссиясының құрамын бекітеді; 4) белгіленген қызметкерлер саны мен еңбекақы төлеу қорының шегінде Комитеттің штат кестесін бекітеді; 5) өз құзыреті шегінде бұйрықтар шығарады; 6) мемлекеттік органдармен және өзге де ұйымдармен қарым-қатынас жасаған кезде Комитеттің атынан сенімхатсыз уәкілдік етеді; 7) белгіленген тәртіппен шаруашылық және өзге де шарттар жасасады; 8) өз құзыретіне кіретін басқа мәселелер бойынша шешімдер қабылдайды. 19. Жинақтаушы зейнетақы қорларында басшылық қызметке орналасуға кандидатураларды келісу үшін Комитет жанынан Біліктілік комиссиясы құрылады. 5. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Комитетті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 26 сәуірдегі № 471 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін реттеу жөніндегі комитетінің Құрылымы Басшылық Заң бөлімі Жинақтаушы зейнетақы қорларының қызметін лицензиялау және реттеу басқармасы Бухгалтерлік есепті және қаржылық есеп беруді ұйымдастыру басқармасы
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |