|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы N Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың ІІІ Конгресін өткізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 11 қаңтардағы № 18 қаулысына мынадай өзгерістер енгізілсін: 1-тармақтағы "1999 жылғы ақпанның 24-26 аралығында" деген сөздер "1999 жылғы қазанның 19-21 аралығында" деген сөздермен ауыстырылсын; 2-тармақ мынадай редакцияда жазылсын: "2. Қазақстан Республикасы Үкіметінің резервінен Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігінің Ядролық физика институты өткізетін Кең ауқымды ядролық сынаққа қарсы Альянстың ІІІ Конгресіне дайындыққа және оны өткізуге байланысты іс-шараларды қаржыландыру үшін Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрлігіне 7 (жеті) миллион 500 (бес жүз) мың теңге бөлінсін." 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |