|
|
|
"Өрт қауіпсіздігі туралы" Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер "Өрт қауіпсіздігі туралы" 1996 жылғы 22 қарашадағы Қазақстан Республикасының Заңына (Қазақстан Республикасы Парламентінің Жаршысы, 1996 ж., № 18, 368-құжат; 1998 жылғы 15 желтоқсанда "Егемен Қазақстан" және "Казахстанская правда" газеттерінде жарияланған "Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу және Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасының анықтау мен тергеуді жүзеге асыратын арнаулы мемлекеттік органдары туралы" және "Қазақстан Республикасының Мемлекеттік тергеу комитеті туралы" заң күші бар Жарлықтарының күші жойылды деп тану туралы" Қазақстан Республикасының 1998 жылғы 9 желтоқсандағы Заңы) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: 1) 5-баптың сегізінші абзацындағы "ұйымдардың" деген сөздің орнына "ұйымдар мен объектілер салалары" деген сөздер жазылсын; 2) 6-баптың тоғызыншы абзацы алып тасталсын; 3) 11-баптың үшінші бөлігі "ұлттық қауіпсіздік" деген сөздерден кейін үтір қойылып, "ішкі істер" деген сөздермен толықтырылсын; 4) 16-бап мынадай мазмұндағы сегізінші және тоғызыншы бөліктермен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік, ішкі істер органдары және қорғаныс, авиация, темір жол, теңіз және өзен көлігі, орман шаруашылығы объектілеріндегі өрттерді сөндіру Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы органы мен тиісті заңды тұлғалары арасындағы келісімдермен регламенттеледі. Апаттарды, дүлей зілзалаларды және өрт сөндіруге байланысты емес өзге де төтенше жағдайларды жою кезінде Мемлекеттік өртке қарсы қызметтің күштері мен құралдары (ақшалай қаражаттан басқа) оларды жою жөніндегі басшының қарамағына көшеді."; 5) 17-бап мынадай мазмұндағы екінші бөлікпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасының аумағында қолданылатын өрт сөндіру-техникалық өнімінің түрлерін өрт қауіпсіздігі жөніндегі орталық атқарушы орган белгілейді."; 6) 18-бапта: бірінші абзац "мақсатында" деген сөзден кейін "мемлекеттік бюджеттен қаржыландырылатын мемлекеттік ұйымдардан басқасына, шарттық негізде" деген сөздермен толықтырылсын; екінші абзацтағы "шарт негізінде" деген сөздер алып тасталсын; 7) 25-бапта: он екінші абзац сөйлемнің басындағы "белгіленген" деген сөздің алдынан "Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен тізбеге сәйкес салалар, ұйымдар және объектілер үшін" деген сөздермен толықтырылсын. Қазақстан Республикасының Президенті
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |