|
|
|
Мемлекеттік білім мекемелерінің қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді пайдалануының тәртібін бекіту туралы (2002.15.08. берілген өзгерістер мен толықтырулармен)
ҚР Үкіметінің 2011 жылғы 19 ақпандағы № 159 Қаулысымен күші жойылды
«Білім туралы» Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 7 маусымдағы Заңына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік білім мекемелерінің қаржылық, материалдық және валюталық түсімдерді пайдалануының тәртібі бекітілсін. 2. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Үкіметінiң 1999 жылғы 22 қыркүйектегі № 1441 қаулысымен бекітілген Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдерді пайдалануының тәртібі 1. Осы Тәртiп «Бiлiм туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзiрлендi. ҚР Үкіметінің 15.08.02 ж. № 905 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Мемлекеттік білім мекемелерiнiң қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдерi заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) мекеменiң оқу-материалдық базасын нығайтуға; 2) оқу жабдықтары мен мүкәммал, оның iшiнде оқу-тәжiрибе учаскесіндегі жұмыс үшiн сатып алуға; 3) оқушылардың тамақтануын, оларға тұрмыстық және мәдени қызмет көрсетудi жақсарту жөніндегі шығыстарды жабуға; 4) оқу-өндiрiстiк шеберханалар мен қосалқы шаруашылықтарды кеңейтуге; 5) білім алушыларды көтермелеуге және білім алушылардың жекелеген әлеуметтiк қорғалмаған жiктерiне материалдық көмек көрсетуге; 6) ұзартылған күнi бар мектептердегi және мектептер мен мектеп-интернаттардың ұзартылған күн топтарындағы оқушылардың тамақтануына; 7) асханаларды ұстау жөніндегі шығыстарға (жалақы, тамақ өнiмдерiн сатып алу, жабдықтар мен құралдар сатып алу, күрделi жөндеу, шаруашылық және басқа да шығыстар); 8) мектептiң оқушылары орындаған жұмыстарға ақы төлеуге; 9) экскурсиялар мен мектеп кештерiн өткiзуге; 10) мектептi, оқу корпустарын және жатақханаларды ағымдағы жөндеуге; 11) мектеп жанындағы учаскенi дамытуға және мектеп шеберханаларының жабдықтарын жаңалатуға; 12) спорт алаңдарын жайластыруға; 13) стипендиялар мен қоғамдық-пайдалы еңбекте көзге түскен оқушыларға сыйлықақылар беруге; 14) сауықтыру iс-шараларына; 15) жарыстарға қатысушыларды тамақтандыру жөнiндегі, төрешiлер (судьялар) мен медициналық қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеу жөніндегі шығыстарды жабуға; 16) қосымша оқу бағдарламалары бойынша оқу процесiн ұйымдастыруға; 17) үйiрмелердiң жетекшiлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге; 18) үйiрмелердi ұйымдастыруға байланысты iс-шараларға; 19) ақылы білім беру қызметтерiн көрсеткен қызметкерлердiң еңбегiне ақы төлеуге; 20) қосымша ақылар, үстемеақылар, сыйлықақылар және ынталандыру сипатындағы басқа да төлемдер белгілеуге; 21) жабдықтар, мүлiктер (оның iшiнде жұмсақ) және киiм-кешектер сатып алуға; 22) шаруашылық шығыстарға (жылуға, электр энергиясына, сумен жабдықтауға және басқа да коммуналдық шығыстарға төлеуге, ағымдағы және шаруашылық мақсаттар үшiн заттар мен материалдар сатып алуға, ғимаратқа қызмет көрсету жөнiндегі қызмет көрсетулерге ақы төлеуге, көлiктiк қызмет көрсетулерге ақы төлеуге және тауарлар сатып алуға арналған басқа да шығыстарға); 23) ғимараттар мен құрылыстарды қайта жаңартуға және күрделi жөндеуге арналған шығыстарға; 24) демалыс лагерьлерiнiң тәрбиешiлерi мен көмекшi қызметшiлерiнiң еңбегiне ақы төлеуге; 25) музыкалық аспаптарды жөндеуге; 26) двигательдердi пайдалануға және жөндеуге байланысты шығыстарға; 27) оқу-қосымша, қосалқы шаруашылықтар мен оқу-тәжiрибе учаскелерiнiң өндiрiстiк қызметiне байланысты шығындарға, оның iшiнде осы қызметпен айналысатын қызметкерлердiң еңбегіне ақы төлеуге; 28) iссапарлық шығыстарға пайдаланылады. ҚР Үкіметінің 22.09.00 ж. № 1437; 15.08.02 ж. № 905 қаулыларымен 3-тармақ өзгертілді 3. 1) жалпы орта және кәсiптiк бастауыш және жоғары мемлекеттік білім мекемелерi, балалар үйлерi дамуында проблемалары бар балалар мен жасөспiрiмдердi қалпына келтiрудi және әлеуметтiк бейiмдеудi жүзеге асыратын білім мекемелерi ақылы білiм беру және өзге де қызметтер көрсетуден алатын қаражат мекеменiң «Ақылы қызмет көрсетулерден алынған қаражат» деген ағымдағы шотына есептеледі және осы Ереженiң 2-тармағында көрсетiлген мақсаттарға пайдаланылады; 2) басқа мемлекеттік білім беру мекемелерiнiң білім беру және өзге де қызметтер көрсетуден алынған қаражаты заңдарда белгiленген тәртiппен тиiстi бюджеттердiң (республикалық немесе жергiлiктi) кiрiсiне түседi. 4. Мемлекеттік білім мекемелерi демеушілiк және қайырымдылық көмек түрiнде алған қаражат мекемелердiң демеушiлiк және қайырымдылық көмектерге арналған шотына есептеледi және егер демеушiлер немесе қайырымдылық көмегiн көрсетушi тұлғалар өзгедей көрсетпесе, осы Ереженiң 2-тармағында аталған мақсаттарға жұмсалады. 5. Ақылы білім беру қызметтерiн көрсетуден түскен қаражат кiрiстер мен шығыстардың сметалары бойынша жоспарланады және пайдаланылады. 6. Әрбiр білім мекемесi кiрiстер мен шығыстардың сметаларын жасайды және бюджеттік бағдарламаның әкiмшiсiне қарауға ұсынады. ҚР Үкіметінің 28.03.02 ж. № 362 қаулысымен 7-тармақ жаңа редакцияда 7. Кiрiстер мен шығыстар сметаларын бюджеттік бағдарламалардың әкiмшiлерi бекiтедi. ҚР Үкіметінің 28.03.02 ж. № 362 қаулысымен 8-тармақ алып тасталды 8. алып тасталды 9. Ақылы білім беру қызметтерi мен өзге де қызметтер көрсетуден түскен қаражат мекеменiң басшысы белгiлеген және мiндеттi түрде ата-аналар комитетiмен келісілген бiрiншi кезектегi iс-шаралар ескерiле отырып, қатаң түрде мақсаты бойынша жұмсалады. Қазақстан Республикасының заңдарымен бюджеттік қаражатқа билiк ету құқығы берiлген мемлекеттік мекемелердiң басшылары қаражатқа билiк етушiлер болып табылады. ҚР Үкіметінің 28.03.02 ж. № 362 қаулысымен 10-тармақ жаңа редакцияда 10. Мемлекеттік білім мекемелерiнiң «Ақылы қызметтер көрсетуден алынған қаражат» деген ағымдағы шотын ашу, жүргiзу және жабу Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі белгiлеген тәртiппен жүргiзiледi. 11. Мемлекеттік білім мекемелерiнiң бюджеттік қаражатты ақылы қызмет көрсетулердi iске асырудан алынатын қаражаттың ағымдағы шотына аударуына тыйым салынады. 12. Ақылы қызмет көрсетудi iске асырудан түсетiн қаражаттың есебiн жүргiзу, есептiлiгi және оны бақылау Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінiң нормативтiк актілеріне сәйкес жүзеге асырылады. 13. Қаржылық, материалдық және валюталық түсiмдерге салық салудың және салықтар мен алымдар бойынша жеңiлдiктер берудің тәртібі Қазақстан Республикасының қолданылып жүрген заңдарымен реттеледi.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |