|
|
|
Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігінің ҚР Үкіметінің 29.10.04 ж. № 1130 қаулысымен күші жойылды Бұрынғы редакцияларды қара Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасы мемлекеттік органдарының құрылымын жетілдіру және олардың құзыретін нақтылау жөніндегі шаралар туралы" 1999 жылғы 13 қазандағы № 235 Жарлығына сәйкес Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттігі (бұдан әрі - Агенттік) туралы ереже бекітілсін. ҚР Үкіметінің 13.05.00 ж. № 703 қаулысымен 2-тармақ өзгертілді 2. Агенттікте төрағаның үш орынбасары, соның ішінде бір бірінші болуға рұқсат етілсін. 3. Агенттік заңдарда белгіленген тәртіппен бір ай мерзімде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бұрынғы қабылдаған шешімдерін осы қаулыға сәйкес келтіру жөнінде ұсыныс енгізсін. 4. Қоса беріліп отырған тізбеге сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 5. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының
Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөнiндегі агенттiгi туралы Ереже 1. Жалпы ережелер ҚР Үкіметінiң 19.09.03 ж. № 953 қаулысымен 1-тармақ жаңа редакцияда (бұр. ред. қара) 1. Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi (бұдан әрi - Агенттік) Қазақстан Республикасы Yкіметінiң құрамына кiрмейтiн, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы басшылықты жүзеге асыратын заңнамаға сәйкес мемлекеттік басқару, бақылау және үйлестiру функцияларын орындауға уәкiлеттi орталық атқарушы орган болып табылады. 2. Агенттiк өз қызметiн Қазақстан Республикасының Конституциясына, Қазақстан Республикасының заңдарына, Қазақстан Республикасының Президентi мен Үкiметінің актілеріне, өзге де нормативтiк құқықтық актiлерге, сондай-ақ осы Ережеге сәйкес жүзеге асырады. 3. Агенттiк мемлекеттік мекеменің ұйымдық-құқықтық нысанындағы заңды тұлға болып табылады, өз атауы мемлекеттік тiлде жазылған мөрi мен мөртаңбалары, белгiленген үлгiдегi бланкiлерi, сондай-ақ заңдарға сәйкес банктерде шоттары болады. Агенттiк азаматтық-құқықтық қатынастарға өз атынан түседi. Егер Агенттiкке заңдарға сәйкес уәкiлеттiк берiлген болса, ол мемлекеттің атынан азаматтық-құқықтық қатынастардың тарабы болуға құқылы. 4. Агенттік өз құзыретiнің мәселелерi бойынша заңдарда белгіленген тәртіппен Қазақстан Республикасының аумағында мiндеттi күшi болатын бұйрықтар шығарады. 5. Агенттiк туралы ереженi және оның штат санының лимитiн Қазақстан Республикасының Үкіметі бекiтедi. 6. Агенттіктің заңды мекен-жайы: 7. Агенттiктiң толық атауы - "Қазақстан Республикасының Туризм және спорт жөніндегі агенттiгi" мемлекеттік мекемесi. 8. Осы Ереже Агенттiктің құрылтай құжаты болып табылады. 9. Агенттiктiң қызметiн қаржыландыру тек қана республикалық бюджеттен жүзеге асырылады. Агенттiктiң функциялары болып табылатын мiндеттердi орындау тұрғысынан Агенттiктің кәсiпкерлiк субъектілерiмен шарттық қарым-қатынастарға түсуiне тыйым салынады. Егер Агенттiкке заң актілерімен кiрiс әкелетiн қызметтi жүзеге асыру құқығы берiлсе, мұндай қызметтен алынған кiрiстер республикалық бюджеттiң кiрiсiне жiберiледi. 2. Агенттіктің негiзгі мiндеттерi, функциялары және құқықтары 10. Агенттiктiң негiзгi мiндеттерi мыналар болып табылады: 1) туризм, спорт және дене шынықтыру саласындағы мемлекеттік саясатты қалыптастыруға және iске асыруға қатысу; 2) Қазақстан Республикасында туризм, спорт және дене тәрбиесiн дамыту, спорт резервтерi мен халықаралық деңгейдегi спортшыларды дайындау; 3) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы заңдарға талдау жасау және оларды қолданудың тәжiрибесiн қорытындылау, оны жетiлдiру жөніндегі ұсыныстарды әзiрлеу, өз қызметi саласындағы заңдарды және нормативтiк құқықтық актiлердi әзiрлеуге қатысу; 4) туристiк қызмет көрсетулердiң отандық рыногын зерделеу, талдау, болжау және реттеу; 5) туризм, спорт және дене тәрбиесiн материалдық-техникалық базасын жасау мен нығайтуға және олардың инфрақұрылымдарын дамытуға қатысу; 6) туризм мен спорт қозғалысын насихаттау сондай-ақ өз құзыретi шегiнде туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы ақпараттық-жарнамалық және баспагерлiк iстi дамыту; 7) өз құзыретінің шегiнде Қазақстан Республикасында және шет елдерде туризм, спорт және дене тәрбиесi үшiн мамандарды даярлауды ұйымдастыру, олардың біліктілігiн арттыру; 8) туристiк iс-шараларды, спорт түрлерi бойынша жарыстарды және Олимпиадалық, ұлттық және халықтық спорт пен ойындардың түрлерi бойынша кешендi iс-шараларды өткізу. ҚР Үкіметінің 07.02.00 ж. № 179; 14.09.01 ж. № 1213; 19.09.03 ж. № 953 (бұр. ред. қара) қаулыларымен 11-тармақ өзгертілді 11. Агенттiк Қазақстан Республикасының заңдарында белгiленген тәртіппен мынадай функцияларды жүзеге асырады: 1) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы мемлекеттік саясатты iске асырады, мемлекеттік, перспективалық, ағымдағы және нысаналы бағдарламаларды әзiрлейдi және iске асырады; 1-1) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы мемлекеттік бақылау функциясын жүзеге асырады; 2) туризм, спорт және дене тәрбиесi мәселелерi бойынша Қазақстан Республикасының заңдарын жетiлдiру жөнiнде ұсыныстар енгiзедi, туризм, спорт және дене шынықтыру саласындағы халықаралық және аймақаралық шарттардың, үкiметаралық келісімдердің жобаларын әзiрлеуге және iске асыруға қатысады; 3) өз құзыретінің мәселелерi бойынша мемлекеттік органдар мен өзге де ұйымдардың қызметiн үйлестiредi, сондай-ақ облыстардың, Астана және Алматы қалаларының әкiмдерiмен туризм, спорт және дене тәрбиесiн өзектi проблемаларын iс жүзiнде шешуге қатысты мәселелер жөнiнде өзара iс-қимыл жасайды; 4) туризм, спорт және дене тәрбиесi саласына, соның iшiнде туристiк және спорт өнiмдерiн өндiрудi дамыту үшiн инвестицияларды тарту жөніндегі бiрыңғай саясатты қалыптастыруға және оны iске асыруға қатысады; 5) спорт, дене тәрбиесi саласындағы ғылыми зерттеулердi ұйымдастырады және үйлестiредi, олардың нәтижелерiн спорт пен дене тәрбиесi практикасына енгiзедi; 6) өз құзыретінің шегiнде халықаралық, аймақаралық және iшкi туристiк және спорттық байланыстарды жүзеге асырады; 7) өз құзыретi шегiнде ведомостволық бағыныстағы ұйымдардың басшыларымен, мамандармен, жетекшi жаттықтырушылармен және спортшылармен келісімшарттар жасасады; 7-1) туризм, дене тәрбиесi және спорт саласындағы кадрларды даярлауды, қайта даярлауды, олардың біліктiлiгiн арттыруды ұйымдастырады және кадрларды аттестаттаудың тәртібін айқындайды; 8) туристiк тауарлар мен қызмет көрсетулердің, спорт тауарларының республикалық көрмелерiн дайындауды және өткізудi қамтамасыз етедi, сондай-ақ өз құзыретiнде ақпараттық-баспагерлiк және жарнамалық қызметтi жүзеге асырады; 9) мемлекеттік спорт ұйымдарына ұйымдастырушылық және әдiстемелiк басшылық жасауды жүзеге асырады; 10) ведомстволық бағыныстағы ұйымдардың туризмдi, спорт пен дене тәрбиесiн дамыту мәселелерi жөніндегі қызметiн үйлестiредi; 11) басқа да мемлекеттік органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп ұйымдастырылған спорт шараларының жоспарын үйлестiредi, спорт шараларының, жарыстарының бiрыңғай күнтiзбелiк жоспарларын жасайды; 11-1) дене тәрбиесi және спорт жөніндегі қоғамдық бiрлестiктер ұйымдастыратын спорттық соның ішінде халықаралық, іс-шараларды өткізудi келiседi; 12) республикалық бюджеттен қаржыландырылатын туристiк, спорттық шаралардың, жарыстардың өткiзiлуiн бақылауды жүзеге асырады; 12-1) спорттық мүкәммалдар мен жабдықтар жасау, спорттық құрылыстарды салу жөніндегі қызметтi үйлестiредi; 12-2) өз құзыретiнiң шегiнде спорттық және туристiк объектiлердi пайдалану мен оларға техникалық қызмет көрсету ережелерiнiң сақталуын, спорттық құрылыстардың өту қабiлеттiлiгі нормаларының сақталуын, спорт құрылыстарын пайдалануға қабылдап алуға және оқу-жаттығу сабақтары мен спорттық ойын-сауық iс-шараларын өткізуге дайындық актілерінiң жасалуын бақылауды жүзеге асырады; 13) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасының құрама командаларын даярлауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, олардың Тәуелсiз Мемлекеттер Достастығы елдерiнiң, әлем, Азия, Еуропа чемпионаттарына, Азия, Олимпиадалық және Параолимпиадалық ойындарға, әлем және Азия Кубоктарына, басқа да халықаралық жарыстарға қатысуын қамтамасыз етедi; 13-1) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерiн ресми халықаралық жарыстарға дайындайды және қатысу кезiнде мемлекеттік қаражат есебiнен бiржолғы сақтандыруды жүзеге асырады; 13-2) спорт түрлерi бойынша Қазақстан Республикасы ұлттық құрама командаларының мүшелерi республикалық жарыстарда жарақат алған және мертiккен кезде мемлекеттік қаражат есебiнен өтемақы төлеудi жүзеге асырады; 13-3) спорт жарыстарын өткізу кезiнде Қазақстан Республикасының мемлекеттік нышандарын қолдану тәртібін айқындайды, спорттық костюмдер мен басқа да спорттық керек-жарақтарды ресiмдеу кезiнде "Қазақстан Республикасының құрама командасы" деген атауды пайдалануға рұқсат бередi; 14) мүдделi органдармен және қоғамдық ұйымдармен бiрлесiп спорт резервтерiн даярлау жөнiнде жұмыс жүргiзедi, спорт клубтары, мектептерi және ғимараттары, олимпиадалық дайындық орталықтары жүйелерінің дамуын, сондай-ақ оларда оқу-жаттықтыру процесi мен допинг-бақылауды ұйымдастыруды үйлестiредi; 15) ведомстволық статистикалық есеп берудi жүзеге асырады, туристiк қызметтiң, спорт пен дене тәрбиесiнiң негiзгi көрсеткiштерi бойынша статистикалық деректердi талдайды және мемлекеттік статистика органдарына қорытынды материалдар ұсынады; 15-1) туристiк агенттiк қызметтi, туристiк операторлық қызметті, экскурсиялық қызметтi, туризм нұсқаушысының қызметiн көрсетудi лицензиялауды жүзеге асырады; 15-2) дене шынықтыру-сауықтыру және спорттық қызметтер көрсету жөніндегі қызметтi лицензиялауды, дене тәрбиесi мен спорт жөніндегі қызметтi жүзеге асыратын республикалық қоғамдық бiрлестiктердi аккредиттеудi жүзеге асырады; 15-3) стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы сертификаттауға және стандарттауға қатысады; 15-4) азаматтардың денсаулығын сақтау саласында басшылықты жүзеге асыратын уәкiлеттi органмен бiрлесiп, спорттық медицинаны дамытады; 16) Қазақстан Республикасының заңдарымен өзiне жүктелген өзге де мiндеттердi жүзеге асырады. ҚР Үкіметінiң 19.09.03 ж. № 953 қаулысымен 12-тармақ өзгертілді (бұр. ред. қара) 12. Негiзгi мiндеттерiн iске асыру және өз функцияларын жүзеге асыру мақсатында Агенттiк заңдарда белгiленген тәртiппен: 1) өз құзыреті шегінде туризм, спорт және дене тәрбиесi мәселелерi жөнiнде ережелер, қағидалар, нұсқаулықтар, регламенттер және өзге де нормативтiк құқықтық кесiмдер әзiрлеуге және бекiтуге; 1-1) туристік және спорттық құрылыстарды пайдалану жөніндегі талаптарды, туристiк, спорттық iс-шараларды, оқу-жаттығу процесі мен спорттық жиындарды өткізу кезiнде оларды жарақтандыру нормативтерi мен техника қауiпсiздiгі ережелерiн белгiлеуге, спорттық құрылыстардың жiктемесiне сәйкес санаттар беруге; 1-2) тұрғын аудандарды, әкiмшiлiк ғимараттарды, мектепке дейінгi мекемелер мен оқу орындарын қолданылып жүрген қала құрылысы нормаларының негiзiнде спорттық құрылыстармен қамтамасыз етудiң нормативтерiн әзiрлеуге; 2) өз құзыретi шегiнде туризм, дене тәрбиесi және спорт саласында халықаралық шарттарды әзiрлеуге, жасасуға және орындауға халықаралық спорттық және туристік ұйымдарда Қазақстанды бiлдiруге және халықаралық спорттық және туристiк іс-шараларға қатысуға; 2-1) спорттық және туристiк нышандарды (эмблемаларды, жалауларды, вымпельдердi, белгiлердi) әзiрлеуге, бекiтуге және оларды пайдалану тәртібін белгiлеуге; 3) өз құзыретiнiң шегiнде мемлекеттік органдардың туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы қызметiн үйлестiруге, туристiк және спорттық ұйымдармен өзара iс-қимылды жүзеге асыруға, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласындағы мемлекеттік саясаттың iске асырылуына жауап беретiн облыстық, Астана және Алматы қалалық бөлiмшелерiне әдiстемелiк басшылықты қамтамасыз етуге; 4) туризм мен спортты дамыту бағдарламаларын әзiрлеуге және оны iске асыруға қатысуға, нысаналы бағдарламалар мен жобаларға бөлiнетiн республикалық бюджеттiң қаражатын бөлу жөнiнде ұсыныстар енгізуге, олардың мақсатты пайдаланылуын қамтамасыз етуге; 5) туризм, спорт және дене тәрбиесi мәселелерiн және салалардың әлеуметтiк-экономикалық жоспарларын реттейтiн нормативтiк құқықтық актiлердiң жобаларын әзiрлеуге қатысуға; 6) кадрларды даярлау, қайта даярлау және олардың біліктiлiгiн арттыру бағдарламаларын бекiтуге және үйлестiруге, симпозиумдар, конференциялар, семинарлар, оқудың басқа да нысаналарын және туризм, спорт және дене шынықтыру жөніндегі мамандармен тәжiрибе алмасуды ұйымдастыруға; 7) халықаралық, республикалық және аймақаралық туристiк iс-шаралар, спорттық жарыстар мен жиындар өткізуге; 8) спорт түрлерi бойынша жарыстар өткізу ережелерiн және нұсқаушылық-әдiстемелiк жиындар өткізу жөніндегі нұсқаулықтарды, спорт түрлерiнің спорттық біліктiлiк ережелерiн, бағдарламалық-әдiстемелік құжаттарды бекiтуге; 8-1) спорттағы допингке қарсы іс-шаралардың өткізілуін бақылауды жүзеге асыруға; 9) бюджеттік жоспарлау жөнiндегі уәкiлеттi органмен бiрлесiп, теңгемен және шетел валютасымен: материалдық қамтамасыз етуге, соның iшiнде Қазақстан Республикасының ұлттық штаттық командаларына қабылданған спортшыларды тамақтандыруға, спортшыларды фармакологиялық қалпына келтiру құралдарымен қамтамасыз етуге, Олимпиадалық, Параолимпиадалық, Азия, Шығыс Азия ойындары мен басқа да халықаралық жарыстарға қатысушылар үшiн тәуліктiк шығыстарға; спорттық іс-шараларға қатысушыларды көтермелеуге арналған қаражатты жұмсау нормаларын әзiрлеуге және бекітуге; 10) Олимпиадалық және Азия ойындарына дайындық кезiнде жетекшi спортшылармен және жаттықтырушылармен келісiм-шарттар жасасуға; 11) көтермелеудiң салалық жүйесiн әзiрлеуге және бекiтуге, туризм, спорт және дене тәрбиесi саласында арнаулы құрметтi атақтарды, спорттық атақтар мен разрядтарды, төрешiлiк санаттарын, дене тәрбиесi мен спорт қызметкерлерiне санаттар беруге; спортшылар мен туристік және спорттық ұйымдардың қызметкерлерін, республикалық спорттық және басқа да ic-шаралардың жеңiмпаздары мен жүлдегерлерiн медальдармен, белгiлермен, дипломдармен, грамоталармен, сыйлықтармен наградтауға; 12) консультациялар мен сараптама жүргiзу үшiн орталық, жергіліктi атқарушы органдардың, басқа да ұйымдардың мамандарын тартуға; 13) туризм, спорт саласындағы неғұрлым маңызды проблемаларды шешу және қызметтi үйлестiру үшiн ведомствоаралық, ғылыми-әдiстемелік және сараптамалық кеңестер, сондай-ақ орталық және жергілiктi атқарушы органдардың өкiлдерiнен, халықаралықтарын қоса, жұмыс топтарын құру жөніндегі ұсыныстар енгізуге; 14) Агенттiкке ведомостволық бағыныстағы ұйымдарға басшылық жасауға және олардың жарғыларын бекiтуге, оларға қатысты мемлекеттік меншiк құқығының субъектiсi функциясын жүзеге асыруға, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Үкiметінің шешiмiмен акционерлік қоғамдар акцияларының пакеттерiне иелiк етудi және пайдалануды жүзеге асыруға; 15) Агенттiкке ведомстволық бағынысты ұйымдарды құру қайта ұйымдастыру және тарату жөнiнде ұсыныстар енгізуге; 16) Агенттiкке заңдармен жүктелген өзге де құқықтарды жүзеге асыруға құқылы. 13. Агенттiктің жедел басқару құқығындағы оқшауланған мүлкi болады. 14. Агенттiкке бекiтіліп берiлген мүлiк республикалық меншiкке жатады. 15. Агенттiктің өзiне бекітіліп берiлген мүлiктi өз бетiнше иелiктен шығаруға немесе оған өзгеше тәсiлмен билiк жүргiзуге құқығы жоқ. Агенттiкке заңдарда белгіленген жағдайларда және шектерде мүлiкке билiк жүргiзу құқығы берiлуi мүмкiн. 4. Агенттiктiң қызметiн ұйымдастыру 16. Агенттiктi Қазақстан Республикасының Yкіметі қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын Төраға басқарады. Агенттiк төрағасының Қазақстан Республикасының Үкіметі Агенттiк төрағасының ұсынуымен қызметке тағайындайтын және қызметтен босататын орынбасарлары болады. 17. Төраға Агенттiктің жұмысын ұйымдастырады және оған басшылық жасайды, Агенттiкке жүктелген мiндеттердiң орындалуы және оның өз функцияларының жүзеге асырылуы үшiн жеке жауап бередi. 18. Агенттiк төрағасы осы мақсатта: 1) Агенттiктің құрылымын, штат кестесiн, сондай-ақ Агенттiктiң құрылымдық бөлiмшелерi туралы ережелердi бекiтедi; 2) өзінің орынбасарлары мен Агенттіктің құрылымдық бөлімшелері басшыларының өкілеттігі мен міндеттерін белгілейді; 3) заңдарға сәйкес Агенттіктің қызметкерлерін қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 4) заңдарда белгіленген тәртіппен және өз құзыретінің шегінде Агенттіктің қызметкерлерін көтермелеу, оларға материалдық жәрдем беру мәселелерін шешеді және оларға тәртіптік жаза қолданады; 5) Агенттіктің бұйрықтарына қол қояды; 6) мемлекеттік мекемелерде, өзге де ұйымдарда Агенттіктің атынан өкілдік етеді; 7) ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшыларын қызметке тағайындайды және қызметтен босатады; 8) заңдарға сәйкес өзге де өкілеттіктерді жүзеге асырады. 19. Агенттіктің төрағасы жанынан консультациялық-кеңесші орган болып табылатын алқа құрылады. Алқаның сандық және жеке құрамын Агенттіктің төрағасы бекітеді. 5. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату 20. Агенттікті қайта ұйымдастыру және тарату Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес жүзеге асырылады. Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 19 қарашадағы № 1755 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінiң күшi жойылған кейбір шешiмдерiнің Тізбесі 1. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігі Спорт және дене тәрбиесi комитетiнiң мәселелерi" туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 6 мамырдағы № 539 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, № 17, 183-құжат); 2. "Қазақстан Республикасы Көлiк, коммуникациялар және туризм комитетiнің мәселелері" туралы Қазақстан Республикасы ?кіметінің 1999 жылғы 24 маусымдағы № 843 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, № 28, 273-құжат); 3. "Қазақстан Республикасы Үкіметінің кейбір шешімдерiне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" Қазақстан Республикасы Үкiметінің 1999 жылғы 2 тамыздағы № 1093 қаулысымен бекітілген, Үкiметтің кейбір шешiмдерiне енгiзiлген өзгерістер мен толықтырулардың 25-тармағы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1999 жыл, № 40, 343 құжат); 4. "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау, білім және спорт министрлігінің мекемелерiн қайта ұйымдастыру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінiң 1999 жылғы 27 тамыздағы № 1264 қаулысымен бекiтілген, Үкiметтің кейбір шешiмдерiне енгiзілген өзгерістер мен толықтырулардың 4-тармағы (Қазақстан Республикасының ПYАЖ-ы, 1999 жыл. № 43, 391-құжат).
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |