|
|
|
Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы
ҚР Үкіметінің 2007 жылғы 30 маусымдағы № 553 қаулысымен күші жойылды
Қазақстан Республикасы Президентінің "Қазақстан Республикасында бірыңғай ақпараттық кеңістік құру туралы" 1997 жылғы 9 желтоқсандағы № 3787 Жарлығын іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулы етеді: 1. "Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1998 жылғы 31 желтоқсандағы № 1384 қаулысына (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1998 ж., № 50, 473-құжат) мынадай өзгерістер мен толықтырулар енгізілсін: атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; Кіріспедегі "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 1) 1-тармақтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістік қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссияның құрамына мыналар енгізілсін: Саудабаев - Қазақстан Республикасы Премьер- Қанат Бекмырзаұлы Министрі Кеңсесінің Басшысы, төраға Бүркітбаев - Қазақстан Республикасы Көлік және Серік Мінуәрұлы коммуникациялар министрі, төрағаның орынбасары Марченко - Қазақстан Республикасы Ұлттық Григорий Александрович Банкінің төрағасы, төрағаның орынбасары (келісім бойынша) Школьник - Қазақстан Республикасы Энергетика, Владимир Сергеевич индустрия және сауда министрі Смағұлов Қайрат - Қазақстан Республикасы Премьер- Молдрахманұлы Министрінің Кеңсесі Басшысының бірінші орынбасары Бектұрғанов - Қазақстан Республикасының Мәдениет, Нұралы Сұлтанұлы ақпарат және қоғамдық келісім вице-министрі Медетбеков - Қазақстан Республикасы Президенті Ренат Әсембайұлы Күзет қызметінің басқарма бастығы (келісім бойынша) Сақыпов - "Қазақтелеком" ашық акционерлік Нұрлан Заркешұлы қоғамының президенті (келісім бойынша) Нәсиев - Қазақстан Республикасы Көлік және Асқар Қайратұлы коммуникациялар министрлігінің Телекоммуникациялар және почта департаментінің директоры Мінікаев - Қазақстан Республикасы Қарулы Марат Нұрғалиұлы Күштері Бас штабы басқармасының бастығы Мартиросов - Қазақстан Республикасы Ішкі істер Михаил Грантович министрлігінің Жедел-техникалық қызметі департаменті бастығының орынбасары Қаратаев - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Шахмардан Сейітқанұлы құпияларды қорғау жөніндегі агенттігінің басқарма бастығы Поликарпов - Қазақстан Республикасы Ұлттық Олег Банкінің Ақпараттық технологиялар Юрьевич департаментінің директоры Слободянюк - Қазақстан Республикасы Премьер- Анатолий Министрі Кеңсесінің Бақылау және Ануфриевич құжаттамалық қамтамасыз ету бөлімі меңгерушісінің орынбасары - ақпаратты қорғау секторының меңгерушісі, хатшы; "Бектасов - Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Әбен Ағыбайұлы кіріс вице-министрі, төрағаның орынбасары" деген жолда "төрағаның орынбасары" деген сөз алынып тасталсын; Жандосов Ораз Әлиұлы, Кешубаев Ғалиаусат Қайырбекұлы, Досаев Ерболат Асқарбекұлы, Кәрібжанов Қайрат Сәлімұлы, Тәжияқов Бисенғали Шамғалиұлы, Өртембаев Асқар Қалмұхаметұлы көрсетілген құрамнан шығарылсын; 2) көрсетілген қаулымен бекітілген Мемлекеттік мекемелерді ақпараттандыру процестерін үйлестіру жөніндегі комиссия туралы ережеде: атауындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; І "Жалпы ережелер" деген тарауда: 1-тармақта: "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; "стандарттарын енгізу," деген сөздерден кейін "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; 2-тармақта: "Ғылым министрлігі - Ғылым академиясы" деген сөздер "Білім және ғылым министрлігі" деген сөздермен ауыстырылсын; ІІ "Негізгі міндеттері" деген тарауда: 4-тармақта: екінші абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; мынадай мазмұндағы үшінші абзацпен толықтырылсын: "Қазақстан Республикасында Бірыңғай ақпараттық кеңістікті құру мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасының жобасын, мемлекеттік қаражат (оның ішінде заемдар) есебінен жүзеге асырылатын, мемлекеттік мекемелерді ақпараттандырудың жоспарлары мен бағдарламаларын қарау және келістіру"; төртінші абзац алынып тасталсын; алтыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; тоғызыншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; оныншы абзацтағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; он бірінші абзацтағы "ақпараттық" деген сөз "ақпараттық-телекоммуникациялық" деген сөздермен ауыстырылсын; он екінші абзацтағы "Қазақстан Республикасының" деген сөздердің алдынан "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; "Комиссияның құқықтары" деген бөлімнің бесінші абзацындағы "мемлекеттік мекемелерді" деген сөздердің алдынан "Бірыңғай ақпараттық кеңістікті қалыптастыру жөніндегі жұмыс пен" деген сөздермен толықтырылсын; ІІІ "Комиссияның қызметін ұйымдастыру" деген тарауда: 5-тармақтағы "орынбасары" деген сөз "екі орынбасары" деген сөздермен ауыстырылсын; 7-тармақ алынып тасталсын; 12-тармақтағы "Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің "Қаржы министрлігінің "Қаржы жүйесін ақпараттандыру орталығы" республикалық мемлекеттік кәсіпорнына" деген сөздер "Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің Кеңсесіне" деген сөздермен ауыстырылсын. 2. Қосымшаға сәйкес Қазақстан Республикасы Үкіметі кейбір шешімдерінің күші жойылды деп танылсын. 3. Осы қаулы қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 7 желтоқсандағы № 1870 қаулысына қосымша Қазақстан Республикасы Үкіметінің күші жойылған кейбір шешімдерінің тізбесі 1. Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің 1995 жылғы 12 маусымдағы № 221 өкімі; 2. "Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинеті жанындағы Телекоммуникациялар жөніндегі ведомствоаралық комиссия туралы ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1995 жылғы 8 қыркүйектегі № 1243 қаулысы (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1995 ж., № 30, 371-құжат); 3. Қазақстан Республикасы Министрлер Кабинетінің 1996 жылғы 19 маусымдағы № 288 өкімі; 4. "Қазақстан Республикасының бірыңғай ақпараттық инфрақұрылымын дамытудың тұжырымдамасы туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 1999 жылғы 29 сәуірдегі № 502 қаулысы.
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов |