Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет
Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 3 мамырдағы № 1567 Жарлығымен күші жойылды
"Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңына сәйкес қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері бекітілсін. 2. "Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелерін бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1997 жылғы 16 маусымдағы № 3542 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1997 ж., № 25, 223-құжат) күші жойылған деп танылсын. 3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан
Президентінің 2000 жылғы 21 қаңтардағы № 328 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызметшілерінің қызмет этикасы ережелері Мемлекеттік қызметті атқару қоғам мен мемлекет тарапынан білдірілген ерекше сенім болып табылады және мемлекеттік қызметшілердің адамгершілігіне, этикасы мен моральдық бейнесіне жоғары талаптар қояды. Қоғам мемлекеттік қызметші жүзеге асыратын кәсіби қызметіне өзінің барлық күш-жігерін, білімі мен тәжірибесін жұмсайды, қоғамға әділ әрі қалтқысыз қызмет етеді деп есептейді. Осы Ережелер Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметшілері сақтауға міндетті жалпы жұрт қабылдаған этика нормалары мен мемлекеттік қызметтің ерекшеліктерінен туындайтын негізгі мінез-құлық ережелерін белгілейді. Әрбір мемлекеттік қызметші осы Ережелердің сақталуы үшін барлық қажетті шараларды қолдануға міндетті. ҚР Президентінің 07.05.02 ж. № 866 Жарлығына сәйкес 1-тармақ жаңа редакцияда 1. Мемлекеттік қызметшілер өз қызметінде: 1) Қазақстан Республикасы Президентінің саясатын бұлжытпай жүргізуге; Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|