Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған ҚР Президентінің 2003 ж. 4 желтоқсандағы № 1243 Жарлығына сәйкес осы жарлықтың күші жойылды (Бұрынғы ред. қара) "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасының 1999 жылғы 23 шілдедегі Заңын іске асыру мақсатында қаулы етемін: 1. Қоса беріліп отырған Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған кадрлар резерві туралы ереже бекітілсін. 2. "Мемлекеттік қызметтің кадр резервін жасақтау және олармен жұмысты ұйымдастырудың тәртібі туралы Ережені бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Президентінің 1996 жылғы 12 шілдедегі № 3056 Жарлығының (Қазақстан Республикасының ПҮАЖ-ы, 1996 ж., № 31, 280-құжат) күші жойылған деп танылсын. 3. Осы Жарлық 2000 жылғы 1 қаңтардан бастап күшіне енеді. Қазақстан Республикасының Президенті Президентінің 2000 жылғы 4 ақпандағы № 330 Жарлығымен бекітілген Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған кадрлар резерві туралы ЕРЕЖЕ Осы Мемлекеттік әкімшілік қызметшілердің лауазымына орналасуға арналған кадрлар резерві туралы ереже (бұдан әрі - Ереже) мемлекеттік қызмет үшін тұрақты кадрлар резервін жасақтау мен қолдау мақсатында "Мемлекеттік қызмет туралы" Қазақстан Республикасы Заңының 20-бабының 3-тармағына сәйкес әзірленді. 1. Жалпы ережелер 1. Ереже мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік лауазымдарына қолданылады. 2. Кадр резерві - осы Ережемен анықталған тәртіппен жасақталған жүйелі тізімге деректері енгізілген Қазақстан Республикасының азаматтары (бұдан әрі - азаматтар). ҚР Президентінің 11.05.01 ж. № 605 жарлығымен 3-тармақ өзгертілді Документ показан в сокращенном демонстрационном режиме
Чтобы продолжить, выберите ниже один из вариантов оплаты
Доступ к документам и консультации
от ведущих специалистов
Вы можете купить этот документ
Как купить документ? 400 тг
|